"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 280 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 20 маусымда № 7744 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 247-248(26646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді.
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді жүргізу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Ережеге қосымшаға сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру нормативтері) сәйкес жүргізіледі.
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған талапкерлер дене бітімі бойынша іріктеуден босатылады.»;
      12-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кешенді күш жаттығулары (қыздар).»;
      13-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде орындалады: алғашқы 30 секундта арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, аяқтарды қосып (аяқтарды сәл бүгуге болады), кеуде тізеге тигенше барынша еңкеюді орындайды, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынды жерге тигізу керек; содан кейін қалған 30 секунд ішінде жатқан қалыпта қолдарды созу, бүгу жаттығуын жасауды орындайды (денені тік ұстап, қолдарды кеудесі жерге тигенше бүгу).»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Салмадан тартылу, кешенді күш жаттығулары, 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру нормативтерін орындау үшін бір уақытта кемінде 3 талапкер қатыса алады. 1000 және 3000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адам қатыса алады.».
      25-26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Талапкерлерді кешенді тестілеу Үлгі қағидаларға сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
      26. Кешенді тестілеу:
      1) өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері;
      2) техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері;
      3) ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
      4) республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;
      5) оқу орнын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.»;
      27-28 тармақтар алынып тасталсын;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. ІІМ жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім беру бағдарламалары көлемінде төрт пәннен тапсырады:
      5В030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша:
      дүниежүзілік тарихы;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
      математика.
      Бейіндік пән «дүниежүзілік тарихы» пәні болып табылады.
      5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша:
      биология;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі);
      математика.
      Бейіндік пән «биология» пәні болып табылады.
      5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша:
      география;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тілі (оқыту пәні);
      математика.
      Бейіндік пән «география» пәні болып табылады.»;
      30-36-тармақтар алынып тасталсын;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдау мандаттық комиссияның отырысында сертификат баллдарына сәйкес медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша және ішкі істер органдарының бөліністері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бөлген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша жүргізіледі.»;
      Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.Ж. Оразғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік басылымдарда жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты                         Қ. Қасымов 

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________Б. Жұмағұлов

2012 жылғы «___»_________

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 280 бұйрығына   
қосымша       

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру    
ұйымдарына оқуға қабылдау    
қағидаларына қосымша        

ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілер үшін
дене шынықтыру бойынша нормативтер

Жігіттер үшін 

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,30

13,0

14,0

3.

Тартылу (тартылу саны)

13

11

9

Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4,40

5,0

5,2

3.

1 минут ішіндегі күш жаттығулары кешені /КЖК/ (рет саны). (қолдың ұштарын иыққа қойып, арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру /30 сек./; жатқан қалпында қолды бүгу және созу /30 сек./)

34

30

26

      Ескертпе: Егер талапкер жаттығулардың біреуінен қанағаттанарлықсыз деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға («жақсы» деген бағадан кем емес) алса, дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалға: Тартылу - «жақсы», 100-метрге жүгіру - «жақсы», 3000-метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылды.
      Тартылу - «өте жақсы», 100-метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000-метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылған жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады