Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң
тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 91 және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрiнiң м.а.
2012 жылғы 17 шiлдедегi № 223 Бiрлескен бұйрығы
Баспасөз релизі
Бірлескен бұйрық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекел деңгейлерiнiң ұсынылған бағалау өлшемдерi бекiтiлді. Өлшемдер жеке кәсiпкерлiктiң тексерiлетiн субъектiлерiн тәуекелдер деңгейлерi бойынша топтастыру үшiн әзiрленген.
Жоспарлы тексерулерді өткізу кезеңділігі тәуекел деңгейіне байланысты, алайда олардың кезеңділігі төменде көрсетілген саннан жиі болмауы тиіс:
жылына бір рет – тәуекелдің деңгейі жоғары болғанда;
үш жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі орта болғанда;
бес жылда бір рет – тәуекелдің деңгейі шамалы болғанда.
Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел деңгейлері бойынша жатқызу бiрiншi және кейiнгi бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Бiрiншi бөлу кезiнде телерадио хабарларын тарату операторлары және телекомпаниялар тәуекелi жоғары деңгейге жатқызылады, ал радиокомпаниялар тәуекелi орта деңгейге жатқызылады.
Тексерілетін субъектілерді тәуекел деңгейі бойынша келесіге жатқызу алынған балдар санына байланысты тек тәуекелдің деңгейін бағалаудың өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
Бұйрықтың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департамент» айдары) танысуға болады.