Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
257 «Облыстың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«020 Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының таратылатын банктің кредиторлық берешегін өтеу»;
9 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 045, 046 және 047 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«045 Мемлекеттік деректер базасын құру
046 Электрондық үкімет құру
047 Астана қаласында мемлекеттік органдар үшін серверлік орталық ғимаратын салу»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
1 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:
123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 041 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«041 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
464 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі» және 471 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 040 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«040 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
360 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жалпы үлгідегі, арнайы (түзету), дарынды балалар үшін мамандандырылған, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшін балабақшалар, шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Бастауыш, негізгі орта, жалпыға бірдей орта білім беру ұйымдарының (дарынды балаларға арналған мамандандырылған (жалпы үлгідегі, арнайы (түзету); жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар): мектептердің, мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ұлғайту»;
464 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
064 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жалпы үлгідегі, арнайы (түзету), дарынды балалар үшін мамандандырылған, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшін балабақшалар, шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«064 Бастауыш, негізгі орта, жалпыға бірдей орта білім беру ұйымдарының (дарынды балаларға арналған мамандандырылған (жалпы үлгідегі, арнайы (түзету); жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар): мектептердің, мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ұлғайту»;
471 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
064 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жалпы үлгідегі, арнайы (түзету), дарынды балалар үшін мамандандырылған, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар үшін балабақшалар, шағын орталықтар, мектеп интернаттары, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«064 Бастауыш, негізгі орта, жалпыға бірдей орта білім беру ұйымдарының (дарынды балаларға арналған мамандандырылған (жалпы үлгідегі, арнайы (түзету); жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар): мектептердің, мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен ұлғайту»;
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 068 бюджеттік бағдарламасы бар 120 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«120 Облыс әкімінің аппараты
068 Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыруды қамтамасыз ету»;
261 «Облыстың білім басқармасы», 360 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы», 464 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі» және 471 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 068 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«068 Халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеруді қамтамасыз ету»;
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
2 «Әлеуметтiк көмек» функционалдық кіші тобында:
451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«004 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету»;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 және 002 бюджеттік бағдарламасы бар 383 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«383 Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
001 Жергілікті деңгейде тұрғын үй мәселелері бойынша және тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру»;
мынадай мазмұндағы 011, 013 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 003 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«003 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
013 Республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 004, 005, 006, 007, 008, 009, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123 және 124 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«004 Авариялық және ескiрген тұрғын үйлердi бұзу
005 Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін, оның iшiнде төлемін өтеп сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иеліктен айыру
006 Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру
007 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
008 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
009 Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және сараптамасын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123 және 124 бюджеттік бағдарламасы бар 283 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«283 Облыстың жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармасы
001 Жергілікті деңгейде жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және сараптамасын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
377 «Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«377 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жастар саясаты мәселелері басқармасы»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
364 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«021 Ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарға ветеринариялық паспортты бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды орталықтандырылған сатып алу және оларды тасымалдау (жеткізу)»;
2 «Су шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
375 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 024 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«024 Есіл өзенінің учаскесінде биологиялық мелиорациялау»;
13 «Өзгелер» функционалдық тобында:
9 «Өзгелер» функционалдық кіші тобында:
123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
040 «Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайғастыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыру» бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«040 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру»;
258 «Облыстың Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
020 «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға аудандар бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«020 «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер»;
мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы және 013 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 383 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«383 Жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармасы
010 Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеу жүргізуге арналған бюджеттік кредиттер
013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту»;
462 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
040 «Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайғастыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыру» бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«040 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі құрылымында:
110 «Еңбек ақы» кіші сыныбында
112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша
«Шығындар тізбесі» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдерi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы» 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 Жарлығының 1-тармағы 5-тармақшасының 3-абзацына сәйкес мемлекеттік органдардың орталық аппараттарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің сыйлықақысы. Қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен мемлекеттiк орган басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары Төрағаларының шешiмiмен төленетін сыйлықақылар. Басқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне қосымша ақшалай төлемдер: қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақылар, қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен мемлекеттiк орган басшысының шешімімен берілетін сыйақылар, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін жасасқан келісімшарттың мерзіміне қарай солдат (матростар), сержант (старшиналар) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызметке бірінші рет келген азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақылар.»;
120 «Жұмыс берушiлерлердiң жарналары» кіші сыныбында:
122 «Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударымдар» ерекшелігі бойынша:
«Анықтама» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына мемлекеттiк мекемелер төлейтiн әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін өсімақылар.».
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев