Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7940 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 16.04.2013 № 115-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының         
2012 жылғы 14 қыркүйектегі  
№ 235-НҚ бұйрығына      
қосымша           

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. «Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасын) бекiту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 30 желтоқсанда № 2656 тiркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 4 жарияланған);
      2. «Уақытша өтемдiк тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi № 299-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 3 тамызда № 2982 тiркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 жарияланған);
      3. «Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым мөлшерлемесін) бекіту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi № 136-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 28 сәуiрде № 3606 тiркелген, «Официальная газета» газетінде 2005 жылғы 4 шілдедегі № 23 жарияланған);
      4. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2009 жылғы № 3338-құжат жарияланған);
      5. «Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым мөлшерлемесін) бекiту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2010 жылғы 20 сәуiрдегi № 120-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 20 мамырда Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6240 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 14 тамыздағы № 215-216 жарияланған).

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының          
2012 жылғы 14 қыркүйектегі  
№ 235-НҚ бұйрығымен      
бекітілген          

Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифті есептеуді және бекітуді нақтылау болып табылады.
      3. Нұсқаулық меншік нысанына қарамастан барлық табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
      4. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарды өтеу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым мөлшерлемесі);
      2) негізсіз табыс – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның алым мөлшерлемесінің) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құнмен ақы алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамау, тарифтік сметада инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға көзделген қаражатты орындамау немесе мақсатқа сай пайдаланбау нәтижесінде алған қосымша табысы;
      3) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуiне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      4) амортизациялық аударымдарды мақсатқа сай пайдаланбау – бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) және (немесе) тарифтік сметаларда көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге күрделі қаржы жұмсауға және тартылған кредит ресурстары бойынша негізгі қарызды қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға амортизациялық аударымдар есебінен бағыттау (бұдан әрі - мақсат);
      5) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      5. Уақытша өтемдік тарифті бекітуге негіз реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға залал келтірген іс-әрекеттері болып табылады.
      6. Табиғи монополия субъектісінің:
      1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеруі;
      2) амортизациялық аударым қаражатын мақсатқа сай пайдаланбауы;
      3) шығыс баптарын уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен бес пайыздан асыруы;
      4) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы;
      5) бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың бес пайызынан асатын тарифтік сметаны бап бойынша орындамауы (қаражатты игермеу, соның ішінде жұмыстарды нақты орындамау) тұтынушыларға залал келтірген іс-әрекеті деп танылады.
      Уәкілетті орган салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифтер бойынша қызметтер көрсететін электр желілік компанияға уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімді осы тармақтың 1)2) және  5) тармақшаларында көзделген жағдайларда ғана қабылдайды.
      7. Шығын баптарының орындалмауына:
      1) бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды):
      реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың аса тиімді әдістері мен технологияларын енгізу;
      конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижесінде ақшалай қаражатты ұтымды пайдалану;
      нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар;
      шығындарды оңтайландыру есебінен толық көлемде және тиісті сапада ұсынған жағдайда;
      2) тарифтердің шекті деңгейі қолданылатын кезеңде:
      осы тарифтік сметаны көрсетілетін қызметтер көлемі, инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру, күрделі, ағымдағы және басқа да жөндеу жұмыстары, пайдалану шығындары бөлігінде орындаған;
      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде көзделген тарифтік табысты алған;
      алынған қарызға, оның ішінде оны қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинақтау мақсатында кесте–жоспарға сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан резервтік шот ашылған жағдайда бекітілген тарифтік сметаның шығын бөлігін төмендеткен кезде;
      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі табиғи монополия субъектісінің кінәсінсіз тиісті қысқару есебінен алынған үнем жатпайды.
      Бұл ретте табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға көрсетілген үнемнің нақты пайдаланғанын және (немесе) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну көлемінің қысқарғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындардың бап бойынша үнемін растаушы материалдарды:
      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізгені туралы құзыретті органның қорытындысын;
      конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамаларын;
      ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiн тұтынушылармен салыстыру актiсiн, төлемақы жасауға берілген шоттарды ұсынады.
      8. Шығындарды оңтайландыру немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудың аса тиiмдi әдiстерi мен технологияларын қолдану нәтижесiнен туындаған, тарифтiк сметаға салынған шығындардың бөлiгiн толық пайдаланбаған кезде табиғи монополия субъектiсi қажет болған жағдайда бұл шығындарды уәкiлеттi органға растаушы материалдарды ұсына отырып жаңа өндiрiстiк активтердi жасауға, кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға жiбереді.

2. Уақытша өтемдік тариф мөлшерін есептеу

      9. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзінде ұсынылған көлемін және табиғи монополия субъектісі бұзушылықтарға жол берген кезеңінде іс жүзінде алынған табысты айқындайды.
      10. Табиғи монополия субъектiсi жол берген бұзушылықтар кезеңi:
      1) осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi орган бекiткен тарифтен (бағадан, алым мөлшерлемесінен) немесе оның шектi деңгейiнен асатын құн бойынша ақы алған кездегi кезең;
      2) осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 2)3)4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда - уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтiк смета бекiткен жыл болып есептеледi.
      11. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т1 - табиғи монополия субъектiсi нақты қолданған көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге;
      Т - уәкiлеттi орган бекiткен тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шектi деңгейi, теңге;
      VI - бұзушылықтар жiберiлген кезең iшiнде табиғи монополия субъектiсi нақты көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi.
      12. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      А мақсатс - бекiтiлген тарифте және (немесе) тарифтiк сметада көзделген, табиғи монополия субъектiсi амортизациялық аударымдар қаражаттарының есебiнен реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда пайдаланылатын тiркелген активтерге күрделi қаржы салуға және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi қарызды қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсалған қаражат, теңге.
      13. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

      ИПi – тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларда (жобада) орындалмаған і - іс-шараны толық немесе ішінара іске асыруға көзделген шығындар, теңге.»;
      14. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ні – і-бабы бойынша шығыс баптарын уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен бес пайыздан асыру, теңге.
      15. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған табыс сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Зi - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген шығындармен салыстырғанда i-бабы бойынша 5 пайыздан асатын шығындарды толық игермеу, теңге.
      16. Негiзсiз алынған табыстың түпкiлiктi сомасы (НТк) шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      НТк – қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы, теңге;
      НТ - осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген бұзушылықтардың түрлері бойынша негiзсiз алынған табыстың жалпы сомасы;
      к - шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, %.
      17. Табиғи монополия субъектiсiнiң уақытша өтемдiк тариф қолданысы кезеңiнде алатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызы шегеріліп, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға қажеттi шығын құнынан төмендетпей есептеледі.
      Табиғи монополия субъектiсiнің уақытша өтемдiк тарифтi қолдану кезеңiнде алған табысын анықтау үшiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледi:

      Тшек - тарифтiң ең төменгі ықтимал шектi деңгейi, теңге;
      V - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемi;
      П - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген табыс, теңге;
      А - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге.
      18. Уақытша өтемдiк тариф (ТӨтем) мынадай формула бойынша айқындалады:

                 Т х V - НТк
      Төтем = ---------------, мұндағы
                    V

      ТӨтем - уақытша өтемдiк тариф, теңге.
      19. Уақытша өтемдiк тариф қолданылатын кезеңді (бұдан әрi – қолданыс кезеңі) уәкiлеттi орган айқындайды:
      1) егер ТӨтем < Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:

      n - уақытша өтемдiк тарифтiң қолданыс кезеңi.
      Уақытша өтемдiк тариф тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейiнде бекiтiледi:

ТӨтем = Тшек;

      2) егер ТӨтем > = Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:

                НДк
      n = -----------------
           (Т - Төтем) * V

3. Уақытша өтемдік тарифті бекіту

      20. Уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифті:
      1) табиғи монополия субъектiсiне жүргiзiлген тексерулер материалдарының;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратын талдау нәтижелерiнiң негiзiнде шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып бекiтедi.
      21. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген фактілерді анықтау және (немесе) растау үшін уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінен қажетті ақпаратты оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратады.
      22. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
      23. Уақытша өтемдiк тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) енгiзу табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізген айдан кейінгі екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
      Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      24. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекiту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткiзеді.
      25. Уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiмi уәкiлеттi органның бұйрығымен ресiмделедi.
      26. Уәкiлеттi органның уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiмiне табиғи монополия субъектісі шағым жасауы мүмкiн.
      27. Уақытша өтемдiк тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) қолданысы кезеңінде табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2256 нөмірімен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ережесiне және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесіне сәйкес уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге өтiніш жасай алады.
      Бұл ретте жаңа тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін негіздеуге алынған табыс шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, табиғи монополия субъектісінің өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларына өтегенін шегеріп, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.
      28. Табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарды уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн толық өтеген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға растаушы құжаттарды қоса бере отырып, уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн өтемдiк тарифтi алып тастау туралы өтiнiш жасай алады.
      Уәкiлеттi орган өтiнiштi күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңін өзгеру туралы шешім қабылдайды не табиғи монополия субъектісін бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартқандығы туралы хабардар етеді.

Уақытша өтемдiк тарифтi
бекiту нұсқаулығына 
қосымша       

Уақытша өтемдiк тарифтi есептеу үлгiсi

      Бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т - 8 теңге
      Бекiтiлген тарифте қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V - 1000 м3
      1. Негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 6046
      2. Шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы айқындалады (НТк):

      6 046 теңге - негiзсiз алынған табыс сомасы;
      7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
      6500 теңге - қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған табыс сомасы.
      3. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi (Тшек) айқындалады:


теңге/м3, мұндағы

      500 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген пайда;
      3000 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген жылдық амортизация;
      6 теңге/м3 - тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi.
      4. Уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:


теңге/м3, мұндағы

      1,5 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi.
      5. ТӨтем < Тшек. екенiн ескере отырып, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:

      3,25 жыл (немесе 3 жыл 3 ай) - тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу кезеңi.
      Уақытша өтемдiк тариф (ТӨтем) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейiнде бекітіледі - 6 теңге/м3, оның қолданыс кезеңi - 3 жыл 3 ай.
      6. Егер ТӨтем > Тшек. болған жағдайда, уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi және оның қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:
      бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т - 8 теңге/м3,
      бекiтiлген тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V - 1000 м3
      1) негiзсiз алынған табыс (НТ) сомасы айқындалады - 1350 теңге;
      2) негiзсiз алынған табыс сомасы шешiм қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (НТк) қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескеріле отырып айқындалады:

      1350 теңге - негiзсiз алынған табыс сомасы;
      7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
      1 451,25 теңге - қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ескеріле отырып негiзсiз алынған табыс сомасы;
      3) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең төменгі ықтимал шектi деңгейi айқындалады:


теңге/м3, мұндағы

      500 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген пайда;
      3000 теңге - бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген жылдық амортизация, теңге;
      6 теңге/м3 - тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) мүмкiн болатын ең төменгі шектi деңгейi;
      4) уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:

теңге/м3

      6,54 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейi.
      7. ТӨтем > Тшек. екенiн ескере отырып, қолданыс кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:

      0,99 жыл (немесе 11 ай 26 күн) - тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу кезеңi.
      Уақытша өтемдiк тарифтiң (ТӨтем) деңгейi 6,54 теңге/м 3 құрайды, оның қолданыс кезеңi - 11 ай 26 күн.

Об утверждении Инструкции по утверждению временного компенсирующего тарифа

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 14 сентября 2012 года № 235-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 сентября 2012 года № 7940. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 16 апреля 2013 года N 115-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 16.04.2013 N 115-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 14-1 и подпунктом 7) пункта 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках», а также подпунктом 6)  пункта 21Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по утверждению временного компенсирующего тарифа.
      2. Признать утратившими силу некоторые нормативные правовые акты Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий согласно приложению к настоящему приказу.
      3. Департаменту стратегического планирования и сводного анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Мартыненко А. В.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) опубликование настоящего приказа на Интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, после официального опубликования в средствах массовой информации.
      4. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Сулейменова Р. Е.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации с последующим представлением сведений об опубликовании в Юридический департамент Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Метенова С.С.);
      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Дуйсебаева А.Ж.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               М. Оспанов

Утверждена                
приказом Председателя Агентства   
Республики Казахстан по регулированию
естественных монополий         
от 14 сентября 2012 года № 235- ОД 

Инструкция
по утверждению временного компенсирующего тарифа Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по утверждению временного компенсирующего тарифа (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках».
      2. Целью настоящей Инструкции является детализация расчета и утверждения временного компенсирующего тарифа на регулируемые услуги (товары, работы), оказываемые субъектом естественной монополии.
      3. Положение настоящей Инструкции распространяются на всех субъектов естественной монополии, независимо от форм собственности.
      4. В Инструкции используются следующие понятия:
      1) временный компенсирующий тариф - тариф (цена, ставка сбора), установленный уполномоченным органом в целях компенсации убытков, причиненных потребителям субъектом естественной монополии;
      2) необоснованный доход - дополнительный доход, полученный субъектом естественной монополии в результате взимания оплаты по стоимости, превышающей уровень утвержденного уполномоченным органом тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня и (или) нецелевого использования средств амортизационных отчислений, предусмотренных тарифной сметой, неисполнения статей затрат тарифной сметы более чем на пять процентов от утвержденных уполномоченным органом размеров, неисполнения или нецелевого использования средств, предусмотренных в тарифной смете на выполнение инвестиционных программы (проекта);
      3) регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии - услуги (товары, работы), предоставляемые субъектом естественной монополии в сфере естественной монополии и подлежащие государственному регулированию уполномоченным органом, включая случаи предоставления услуг (товаров, работ) в виде передачи определенного товара потребителю;
      4) нецелевое использование средств амортизационных отчислений - направление средств, предусмотренных в утвержденных тарифах (ценах, ставках сборов) и (или) тарифных сметах, за счет амортизационных отчислений на цели, не связанные с капиталовложениями в фиксированные активы, используемые в предоставлении регулируемых услуг (товаров, работ), и возвратом основного долга по привлеченным кредитным ресурсам (далее - нецел);
      5) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках.
      Иные понятия и термины, используемые в Инструкции, применяются в соответствии с законодательством о естественных монополиях и регулируемых рынках.
      5. Основанием для утверждения временного компенсирующего тарифа является совершение субъектом естественной монополии действий, причинивших убытки потребителям регулируемых услуг (товаров, работ).
      6. Действиями субъекта естественной монополии, причинившими убытки потребителям, признаются:
      1) незаконное завышение тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня;
      2) нецелевое использование средств амортизационных отчислений;
      3) превышение статей расходов свыше пределов нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии, утвержденных уполномоченным органом, более чем на пять процентов;
      4) неисполнение инвестиционных программ (проектов), учтенных при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней;
      5) постатейное неисполнение (неосвоение средств, в том числе фактическое невыполнение работ) тарифной сметы, превышающее пять процентов от затрат, предусмотренных утвержденной тарифной сметой.
      Уполномоченный орган принимает решение об утверждении временного компенсирующего тарифа региональной электросетевой компании оказывающих услуги по тарифам с применением метода сравнительного анализа только в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 4) настоящего пункта.
      7. Не относится к неисполнению статей затрат экономия, полученная:
      1) при условии, выполнения в полном объеме и с надлежащим качеством регулируемых услуг (товаров, работ), учтенных в утвержденной тарифной смете за счет:
      внедрения более эффективных методов и технологий предоставления регулируемых услуг (товаров, работ);
      рационального использования денежных средств, в результате проведения конкурсных (тендерных) процедур;
      проведенных мероприятий по снижению нормативных технических потерь;
      оптимизации затрат;
      2) при снижении затратной части утвержденной тарифной сметы в период действия предельного уровня тарифов, при условии:
      исполнения данной тарифной сметы в части объемов оказываемых услуг, реализации инвестиционного проекта (программы), капитальных, текущих и других видов ремонтных работ, эксплуатационных затрат;
      получения предусмотренного при расчете тарифа (цены, ставки сбора) тарифного дохода;
      создания резервного счета с начала реализации инвестиционного проекта в соответствии с планом-графиком с целью аккумулирования средств, предназначенных для обслуживания полученных займов, в том числе их возврата;
      3) за счет соответственного сокращения объемов оказываемых регулируемых услуг (товаров, работ) не по вине субъекта естественной монополии.
      При этом, субъект естественной монополии представляет в уполномоченный орган материалы, подтверждающие постатейную экономию затрат с приложением материалов, подтверждающих фактическое использование указанной экономии, и (или) сокращения объемов оказываемых регулируемых услуг (товаров, работ):
      заключение компетентного органа о внедрении субъектом естественной монополии новых методов и технологий предоставления регулируемых услуг (товаров, работ);
      протоколы конкурсных (тендерных) комиссий;
      акты сверок с потребителями объемов оказанных регулируемых услуг (товаров, работ), выставленные счета к оплате.
      8. При недоиспользовании части затрат, заложенных в тарифной смете, возникших в результате оптимизации затрат или применения более эффективных методов и технологий предоставления регулируемых услуг, субъект естественной монополии может направить эти затраты на создание новых, расширение, восстановление, обновление, поддержку, реконструкцию и техническое перевооружение производственных активов с предоставлением подтверждающих материалов в уполномоченный орган.

2. Расчет размера временного компенсирующего тарифа

      9. В случае выявления нарушений, указанных в пункте 6 настоящей Инструкции, уполномоченный орган определяет объем фактически оказанных регулируемых услуг (товаров, работ) и фактически полученные доходы за период допущенных субъектом естественной монополии нарушений.
      10. Периодом допущенных субъектом естественной монополии нарушений считается в случае, предусмотренном:
      1) подпунктом 1) пункта 6 настоящей Инструкции - период, в течение которого субъект естественной монополии взимал оплату по стоимости, превышающей тариф (цены, ставки сбора) или его предельный уровень, утвержденный уполномоченным органом;
      2) подпунктами 2), 3), 4) и 5) пункта 6 настоящей Инструкции - год, на который уполномоченным органом утверждена тарифная смета на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии.
      11. В случае, предусмотренном подпунктом 1) пункта 6 настоящей Инструкции, сумма необоснованно полученного дохода (НД) определяется по формуле:

HД = (Т1 - Т) х V1, где

      Т1 - фактически применявшаяся субъектом естественной монополии стоимость оказываемых услуг (товаров, работ), тенге;
      Т - тариф (цена, ставка сбора) или его предельный уровень, утвержденный уполномоченным органом, тенге;
      V1 - объем фактически оказанных субъектом естественной монополии регулируемых услуг (товаров, работ) за период, в котором допущены нарушения.
      12. В случае, предусмотренном подпунктом 2) пункта 6 настоящей Инструкции, сумма необоснованно полученного дохода (НД) определяется по формуле:

НД = Анецел, где

      А нецел - средства, предусмотренные в утвержденном тарифе и (или) тарифной смете за счет средств амортизационных отчислений, направленные субъектом естественной монополии на цели, не связанные с капиталовложениями в фиксированные активы, используемые в предоставлении регулируемых услуг, и возвратом основного долга по привлеченным кредитным ресурсам, тенге.
      13. В случае, предусмотренном подпунктом 4) пункта 6 настоящей Инструкции, сумма необоснованно полученного дохода (НД) определяется по формуле:

НД = ИПi, где

      ИПi – затраты, предусмотренные в инвестиционной программе (проекте), на реализацию полностью или частично неисполненного i-го мероприятия инвестиционной программы (проекта), учтенные при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней, тенге.
      14. В случае, предусмотренном подпунктом 3) пункта 6 настоящей Инструкции, сумма необоснованно полученного дохода (НД) определяется по формуле:

НД = Нi, где

      Нi – превышение статей расходов по i-ой статье свыше пределов нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии, утвержденных уполномоченным органом, более чем на пять процентов, тенге.
      15. В случае, предусмотренном подпунктом 5) пункта 6 настоящей Инструкции, сумма необоснованно полученного дохода (НД) определяется по формуле:

НД = Зi, где

      Зi - недоосвоение затрат по i-ой статье превышающее 5 процентов по сравнению с затратами, учтенными в утвержденной тарифной смете, тенге.
      16. Окончательная сумма необоснованно полученного дохода (НДк) определяется с учетом ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения по формуле:

      НДк - сумма необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования, в тенге;
      НД – общая сумма необоснованно полученного дохода по видам нарушений, предусмотренных пунктом 6 настоящей Инструкции;
      к - ставка рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения, в %.
      17. Доход, получаемый субъектом естественной монополии в период действия временного компенсирующего тарифа рассчитывается не ниже стоимости затрат, необходимых для предоставления регулируемых услуг (товаров, работ) за минусом пятидесяти процентов от суммы годовой амортизации.
      Для определения дохода, получаемого субъектом естественной монополии в период действия временного компенсирующего тарифа, минимально возможный предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора) (Тпр) рассчитывается по формуле:

      Тпр - минимально возможный предельный уровень тарифа, тенге;
      V - годовой объем регулируемых услуг (товаров, работ), учтенный в утвержденной тарифной смете;
      П - прибыль, учтенная в утвержденной тарифной смете, тенге;
      А - годовая амортизация, учтенная в утвержденной тарифной смете, тенге.
      18. Временный компенсирующий тариф (Ткомп) определяется по формуле:

      Ткомп - временный компенсирующий тариф, тенге.
      19. Уполномоченным органом определяется период действия временного компенсирующего тарифа (далее - период действия):
      1) в случае, если Ткомп < Tпр период действия определяется по формуле:

      n - период действия временного компенсирующего тарифа.
      Временный компенсирующий тариф утверждается на уровне минимально возможного предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора):

Ткомп = Тпр;

      2) в случае, если Т комп > = T пр, период действия определяется по формуле:

3. Утверждение временного компенсирующего тарифа

      20. Временный компенсирующий тариф утверждается уполномоченным органом на основании:
      1) материалов проведенных им проверок субъекта естественной монополии;
      2) результатов анализа исполнения субъектом естественной монополии тарифной сметы и (или) анализа информации субъекта естественной монополии об исполнении инвестиционной программы (проекта) с учетом ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения.
      21. Для выявления и (или) подтверждения фактов, указанных в пункте 6 настоящей Инструкции, уполномоченный орган запрашивает у субъекта естественной монополии необходимую информацию с указанием сроков ее предоставления.
      22. Информация, составляющая коммерческую тайну, не является основанием для отказа в ее предоставлении уполномоченному органу.
      23. Введение временного компенсирующего тарифа осуществляется с первого числа второго месяца, следующего за месяцем проведения проверки, анализа исполнения субъектом естественной монополии тарифной сметы и (или) анализа информации субъекта естественной монополии об исполнении инвестиционной программы (проекта).
      Информация о принятом решении размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа.
      24. Субъект естественной монополии доводит до сведения потребителя информацию об утверждении временного компенсирующего тарифа не позднее, чем за 10 календарных дней до введения его в действие.
      25. Решение уполномоченного органа об утверждении временного компенсирующего тарифа на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии оформляется приказом уполномоченного органа.
      26. Решение уполномоченного органа об утверждении временного компенсирующего тарифа может быть обжаловано субъектом естественной монополии.
      27. В период действия временного компенсирующего тарифа субъект естественной монополии может обратиться в уполномоченный орган с заявкой на утверждение тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня в соответствии с Правилами утверждения тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий, утвержденными приказами Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года № 82-ОД (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2256) и Правилами утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий, утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 июня 2006 года № 149-ОД (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4287).
      При этом доход, принятый в обоснование уровня нового тарифа (цены, ставки сбора), уменьшается на сумму необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения за минусом уже возмещенного субъектом естественной монополии потребителям его регулируемых услуг (товаров, работ).
      28. В случае полной компенсации убытков, причиненных потребителям субъектом естественной монополий, до окончания периода действия временного компенсирующего тарифа, субъект естественной монополии может обратиться в уполномоченный орган с заявлением об отмене временного компенсирующего тарифа до окончания периода действия временного компенсирующего тарифа с приложением подтверждающих документов.
      Заявление рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней.
      По результатам рассмотрения уполномоченный орган принимает решение об изменении периода действия временного компенсирующего тарифа, либо уведомляет субъекта естественных монополий об отказе с указанием причин отказа.

Приложение                
к Инструкции по утверждению временного
компенсирующего тарифа        

Пример расчета временного компенсирующего тарифа

Т х V - НДк х  V - (З - 0,5хА) = Тпр;

      Утвержденный тариф (цена, ставка сбора) Т - 8 тенге
      Объем регулируемых услуг (товаров, работ), принятый в утвержденном тарифе V - 1000 м3
      1. Определяется сумма необоснованно полученного дохода (НД) - 6046
      2. Определяется сумма необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения (НДк):

      6 046 тенге - сумма необоснованно полученного дохода;
      7,5 % - ставка рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан;
      6500 тенге - сумма необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования.
      3. Определяется минимально возможный предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора) (Тпр):

      500 тенге - прибыль, учтенная в утвержденной тарифной смете;
      3000 тенге - годовая амортизация, учтенная в утвержденной тарифной смете;
      6 тенге/м 3 - минимально возможный предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора).
      4. Уровень временного компенсирующего тарифа определяется по формуле:

      1,5 тенге/м 3 - уровень временного компенсирующего тарифа.
      5. Учитывая, что Ткомп < Тпр, период действия определяется по формуле:

      3,25 года (или 3 года 3 месяца) - период возмещения убытков потребителям.
      Временный компенсирующий тариф (Ткомп) утверждается на уровне минимально возможного предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора) (Тпр) - 6 тенге/м 3, период действия которого - 3 года 3 месяца.
      6. В случае, если Т комп >Тпр, уровень временного компенсирующего тарифа и период его действия определяется следующим образом:
      утвержденный тариф (цена, ставка сбора) Т - 8 тенге/м3,
      объем регулируемых услуг (товаров, работ), принятый в утвержденном тарифе (цене, ставке сбора) V - 1000 м3
      1) определяется сумма необоснованно полученного дохода (НД) - 1350 тенге;
      2) определяется сумма необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан на день принятия решения (НДк):

      1350 тенге - сумма необоснованно полученного дохода;
      7,5 % - ставка рефинансирования Национального Банка Республики Казахстан;
      1451,25 тенге - сумма необоснованно полученного дохода с учетом ставки рефинансирования;
      3) определяется минимально возможный предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора):

      500 тенге - прибыль, учтенная в утвержденной тарифной смете;
      3000 тенге - годовая амортизация, учтенная в утвержденной тарифной смете;
      6 тенге/м 3 - минимально возможный предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора).
      4) уровень временного компенсирующего тарифа определяется по формуле:

      6,54 тенге/м 3 - уровень временного компенсирующего тарифа.
      7. Учитывая, что Ткомп > Тпр, период действия определяется по формуле:

      0,99 года (или 11 месяцев 26 дней) - период возмещения убытков потребителям.
      Уровень временного компенсирующего тарифа (Ткомп) составит 6,54 тенге/м3, период действия которого - 11 месяцев 26 дней.

Приложение к приказу      
Председателя Агентства      
Республики Казахстан       
по регулированию естественных  
монополий            
от 14 сентября 2012 года № 235-ОД

Перечень
нормативных правовых актов Председателя Агентства Республики
Казахстан по регулированию естественных монополий, признанных утратившими силу

      1. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД «Об утверждении Правил утверждения временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)», (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2656, опубликованный в газете «Официальная газета» от 24 января 2004 года № 4);
      2. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 5 июля 2004 года № 299-ОД «О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД «Об утверждении Правил установления временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)», (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2982, опубликованный в газете «Официальная газета» от 18 сентября 2004 года № 38);
      3. Приказ Исполняющей обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 15 апреля 2005 года № 136-ОД «О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД «Об утверждении Правил установления временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)», (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3606, опубликованный в газете «Официальная газета» от 4 июля 2005 года № 23);
      4. Пункт 6 приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 5 февраля 2009 года № 30-ОД «О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках», (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5557, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов Республики Казахстан в марте 2009 года, № 3, ст. 338);
      5. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 20 апреля 2010 года № 120-ОД «О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД «Об утверждении Правил утверждения временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)», (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6240, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 14 августа 2010 года № 215-216).