Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2656 нөмірмен тіркелген "Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 299-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жлғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2982. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.10.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің  11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес бұйырамын:
 

      1. "Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы  N 341-НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 4 (161) жарияланған бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесінде:
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың 5 пайызынан асатын тарифтік сметаның бап бойынша орындалмауы;";
 

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) қолдану кезеңінде алған табысты анықтау үшін, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледі:

                  Т х V - (П + 0,5 х А)
        Тшек. = ------------------------ , мұндағы
                             V

      Тшек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі, теңге;
      V - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
      П - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған табыс, теңге;
      А - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған жылдық амортизация, теңге";
 

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "22. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

                  Т х V - НДк
      ӨтемТ = ---------------- , мұндағы
                      V

      ӨтемТ - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге.
 

      23. Уақытша өтемдік тарифтің қолданыстағы кезеңін (бұдан әрі - қолданыстағы кезең) уәкілетті орган айқындайды:
      1) егер Өтем Т < Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

                НДк
      n = ---------------- , мұндағы
          (Т - Т шек) * V 

      n - уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңі.
      Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінің деңгейінде бекітіледі: 
      ӨтемТ = Т шек;
      2) егер Өтем Т > = T шек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

                   НДк
      n = ----------------------- .";
             (Т - ӨтемТ) * V

      24-тармақ алынып тасталсын;
 

      қосымшада:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі(Тшек):

       Т х V - (П + 0,5 х А)   8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тшек.= --------------------- = ------------------------- = 
                V                         1000

       8000 - 2000    6000
     = ----------- = ----- = 6 теңге/м 3 , мұндағы
          1000        1000

      500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
      3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация;
      6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі.";
 

      мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

         Т х V - НДк   8 х 1000 - 6500    1500
Өтем Т = ----------- = --------------  = ----- = 1,5 теңге/м3 
              V              1000        1000

      1,5 теңге/м3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
 

      5. ӨтемТ < Т шек. екенін ескере отырып, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

           НДк            6500       6500
n = ---------------- = ---------- = ----- = 3,25
    (Т - Т шек) * V    (8-6)*1000    2000

      3,25 жыл (немесе 3 жыл 3 ай) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
      Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінде - 6 теңге/м 3 , оның қолданыс кезеңі - 3 жыл 3 ай болып бекітілуге тиіс.
 

      6. Егер Өтем Т > Тшек. болған жағдайда, уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейімен оның қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
      бекітілген тариф (баға, алым ставкасы) Т - 8 теңге/м 3 ,
      бекітілген тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі V - 1000 м 3
      1) негізсіз алынған табыс (НТ) - 1350 теңге сомасында айқындалады;
      2) негізсіз алынған табыс сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (НТк) шешім қабылдаған күнге қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып былай айқындалады:

           (100 + к)           100 + 7,5
НТк = НТ х --------- = 2350 х ----------- = 1451,25 теңге, мұндағы
             100                   100 

      1350 теңге - негізсіз алынған табыс сомасы;
      7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
      1451,25 теңге - қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып негізсіз алынған табыс сомасы;
      3) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі былай айқындалады:

      Т х V - (П + 0,5 х А)    8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тпр.= --------------------- = --------------------------- =
               V                          1000

      8000 - 2000    6000
    = ----------- = ------ = 6 теңге/м 3 , мұндағы
         1000        1000

      500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
      3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге;
      6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі;
      4) уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

         Т х V - НДк   8 х 1000-1451,25   6548,75
Өтем Т = ----------- = ---------------- = ------- = 6,54 теңге/м 3
              V               1000         1000

      6,54 теңге/м 3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
 

      7. Өтем Т > Т шек. екені ескерілген қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:

            НДк              1451,25       1451,25
n = ----------------- = --------------- = --------- = 0,99
    (Т - ӨтемТ) * V     (8-6,54)*1000        1460 

0,99 жыл (немесе 11 ай 26 күн) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
      Уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) (ӨтемТ) деңгейі 6,54 теңге/м 3 құрайды, оның қолданыс кезеңі - 11 ай 26 күн.".
 

      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары уақытша өтемдік тарифінің (бағаның, алым ставкасының) қолданыс кезеңін қайта санасын және бекітілген уақытша өтемдік тарифті(бағаны, алым ставкасын) осы бұйрықпен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып қайта қарасын.
 

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Григорьева С.П.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
 

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі құрылымдық бөлімшелерімен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
 

      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
 

      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады