"Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 136-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3606. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.10.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2656 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 қаңтарда жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 5 шілдедегі 299-НҚ  бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2982 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы";
      1-тармақта "белгілеу" деген сөз "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу жөніндегі ережесінде:
      тақырыбында "белгілеу жөніндегі" деген сөздер "бекіту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "белгілеу", "белгіленген", "белгіленеді" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), "қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)", "қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), "реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)", "реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы ", Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 2256 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "көрсететін" деген сөз "көрсетіп отырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) негізсіз табыс - уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақыны өндіріп алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті орган бекіткен мөлшерлерден бес пайыздан асатын тарифтік сметаның шығын баптарын орындамау нәтижесінде табиғи монополия субъектісі алған қосымша табыс;";
      3) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметаларда амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген қаражатты реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;";
      5-тармақта "Табиғи монополия саласына жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті орган бекіткен тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдардың құралдарын мақсатқа сай пайдаланбау;";
      2) тармақшада "орындамау" деген сөзден кейін "(қаражатты пайдаланбау, оның ішінде жұмыстарды нақты орындамау)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бекітілген тарифтік сметаның шығын бөлігі тарифтердің шекті деңгейі қолданыста болған кезеңде төмендеген кезде:
      осы тарифтік сметаны көрсетілетін қызметтер көлемі, инвестициялық жобаны (бағдарламаны), күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін іске асыру, салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындарының бөлігінде атқарған;
      тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептегенде көзделген тарифтік табысты алған;
      2) алынған қарыздарға, оның ішінде оларды қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинау мақсатында жоспар-кестеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру алдында резервтік шотты жасаған;";
      "шығынның үнемін баптар бойынша" деген сөздерден кейін "және (немесе) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерінің қысқарғанын" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақтағы "бекіту" деген сөз "анықтау және (немесе) растау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздер "тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Табиғи монополия субъектісі жол берген бұрмалаушылықтар кезеңі:
      1) осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифтен (бағадан, алым ставкасынан) немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақы өндіріп алған кездегі кезең;
      2) осы Ереженің 6-тармағының 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда - уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік смета бекіткен жыл болып есептеледі.";
      18-тармақта:
      "тариф (баға, алым ставкасы)" деген сөздерден кейін "немесе оның шекті деңгейі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Т1 - табиғи монополия субъектісі іс жүзінде қолданған тариф (баға, алым ставкасы), теңге" деген сөйлем "Т1 - табиғи монополия субъектісі іс жүзінде қолданған көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге" деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Осы Ереженің 6-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, негізсіз алынған табыс (НТ) сомасы мына формула бойынша айқындалады:

НД = А нецел, мұндағы:

      А нецел - бекiтiлген тарифте және (немесе) тарифтiк сметада амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға табиғи монополия субъектісімен жұмсалған қаражат, теңге.".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Шкарупа А.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады