Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 622 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7946 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 729 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.12.2013 № 729 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаметі (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.М. Бекшинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 622 бұйрығына      
қосымша           

Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі

      1. Балалар сүт асүйлері.
      2. Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілер (жыл бойғы, маусымдық).
      3. Балалар үйлері.
      4. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреселерде, жетімдер үйлерінде, вахталық кенттерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілері, онкологияларды ауруханаларды (диспансерлерді), наркологияларды ауруханаларды (диспансерлерді, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін.
      5. Кремнен жасалған кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер.
      6. Мынадай:
      1) онкологияларды ауруханаларды (диспансерлерді), наркологияларды ауруханаларды (диспансерлерді, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін;
      2) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын;
      3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар.
      7. Көліктегі (темір жол, теңіз, ішкі су) қоғамдық тамақтану объектілері. Борттық тамақтану объектілері.
      8. Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе) көлік құралдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады