Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 587 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7974 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 805 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 27.07.2015 № 805 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі   
№ 587 бұйрығына       
қосымша             

Нысан

Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағы

Тексерісті тағайындаған орган:_______________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт: ___________________________________
    (№, күні, құқықтық статистика органында тіркеу туралы мәліметтер)
Тексеру субъектісінің атауы:_________________________________________
Тексерісті өткізу мерзімі:___________________________________________
Тексерілетін кезең: _________________________________________________
СТН (ИИН/БИН)________________________________________________________
Заңды мекенжайы: _______________ қала,________________________ көшесі

Талаптар

иә

жоқ

1

Радиожиілік спектрін, кеме станциясын қолдануына рұқсатының бар болуы



2

Байланыс саласындағы уәкілетті органның нөмірлер ресурстарын бөлу туралы тиісті шешімінің бар болуы



3

Тексерілетін объектілерде қолданылатын байланыс техникалық құралдарына тиісті сертификаттардың бар болуы



4

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануына рұқсатының бар болуы



5

«Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысымен бекітілген, Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларының талаптарын сақтау



6

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат ету мерзімдерін ұзартуының болуы



7

Радиожиілік спектрін қолдану және радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғылардың пайдалану рұқсаттарындағы белгіленген деректеріне радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану-техникалық сипаттамалар сәйкестігі



8

Радиоэлектрондық құралдарын және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат ету мерзімдерін ұзартуының болуы



Уәкілетті органның лауазымды адамдары:
________________________ _______________ ____________________________
           (лауазым)          (қолы)                 (Т.А.Ә.)
________________________ _______________ ____________________________
           (лауазым)          (қолы)                 (Т.А.Ә.)

Тексеру субъектісі:
________________________ _______________ ____________________________
      (лауазым)               (қолы)                 (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады