Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 259 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7989 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 163 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беруін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7396 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігі

      Төраға _______Ә.А. Смайылов

      2012 жылғы 1 қазан

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және
күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсынуын нақтылайды.

2. Есептілікті ұсыну

      2. Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер ай сайын Ұлттық Банкке Тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялар бойынша есеп (бұдан әрі – Есеп) ұсынады.

      3. Есеп есепті айдан кейінгі айдың бес жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық түрде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) арқылы ұсынылады.

      4. Есеп Нұсқаулыққа қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалынады.

      5. Қағаз тасымалдауыштағы Есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер және орындаушы қол қояды, мөрмен (ол болған кезде) бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есепте түзетулер мен тазартулар болмауы тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Екінші деңгейдегі банк ұсынған Есепте толық емес ақпараттар немесе қателер табылған кезде, сондай-ақ электрондық түрде ұсынылған Есептің саналуы мүмкін болмаған жағдайларда, Ұлттық Банк бұл туралы үш жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке хабарлайды. Екінші деңгейдегі банк хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді есепке ала отырып пысықталған Есепті ұсынады.

      7. Екінші деңгейдегі банктер қажет болған жағдайда Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау үшін қажетті құжаттарды (шарттар, шот-фактуралар, қабылдау-өткізу актілері, төлем тапсырмалары) үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Екінші деңгейдегі банктердің
тазартылған құйма алтынмен
және күміспен жүргізілетін
экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары,
мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулыққа қосымша

      Нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің толық атауы)

тазартылған құйма алтынмен және күміспен
экспорттық операциялары бойынша
20___ жылғы ____________ *
есебі

      (айы)

Тауардың толық атауы

Импортердің елі

Құймалар саны

Салмағы (унция)

Химиялық таза массасы (унция)

Сатылған сомасы**

1

2

3

4

5

6

Тазартылған алтын






Тазартылған күміс







      * Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.

      ** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.

      Бірінші басшы (ол жоқ болғанда

      - оның орнындағы тұлға) _______________ күні ________________

      Бас бухгалтер _________________________ күні ________________

      Орындаушы _____________________________ күні _______)________

      Телефоны ______________________________

      Мөр орны (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады