"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 434 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7994 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.03.2014 № 69 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі 
№ 434 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет регламенті "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119  қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қағаз тасымылдағышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      5. Осы «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызмет алушы – ғылым саласындағы уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар, жеке немесе заңды тұлғалар;
      2) МҒТС - мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
      3) МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау - мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңына, конкурстық құжаттамаға және осы Регламенттің 13-тармағымен белгіленген қажетті құжаттарды қабылдау;
      4) МҒТС өткізу - мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған әрекеттер жиынтығы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      5. Орталық мына мекен-жайда Астана қаласы, Иманов көшесі, 13-үй, «Нұр-сәулет-2» бизнес орталығының 7-қабатында, 712-кабинетте орналасқан. Жұмыс кестесі: мереке және демалыс күндерінен басқа күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі ас уақыты. Алдын ала жазылу қарастырылмаған.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайтында орналастырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған сәттен бастап – 30 минутты құрайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсырғанға дейін күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан аспайды, МҒТС объектілерін көп мөлшерде тапсырған кезінде – қызмет көрсету уақыты ұзартылуы мүмкін.
      8. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және мемлекеттік қызметті алушыныңі және құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталыққа тапсырған сәттен бастап бір кезеңде жүзеге асырылады.
      10. Мемелекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдайтын Орталық қызметкерлерінің саны екі адамнан кем емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қарым-қатынас тәртібінің сипаттамасы

      11. МҒТС өткізуге құжаттарды қабылдау осы Регламенттің 6-тармағында мекен-жайы көрсетілген Орталықта жүзеге асырылады.
      13. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:
      1) құпиялық (рұқсат етілмеген әдіспен ақпарат алудан қорғау);
      2) тұтастық (рұқсат етілмеген әдіспен ақпаратты өзгертуден қорғау).
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) Орталық МҒТС басқармасы қызметкерлері;
      2) Орталық МҒТС басқармасының бастығы;
      3) Орталықтың әкімшілік басқармасы.
      15. Әр ҚФБ-нің іс әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары (рәсімдері) мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасындағы 12,  3-кестелерде келтірілген.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламеттің 2-қосымшасында келтірілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде ұсынылатын хабарлама, әртүрлі хаттар, ескертпелер сияқты нысандар, бланк шаблондары қарастырылмаған.

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» 
мемлекеттік қызметінің регламентіне   
1-қосымша                

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау


Негiзгi процестің iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

Сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдауға жауапты Орталықтың МҒТС басқармасының бастығы, қызметкерлері

Орталықтың әкімшілік басқармасы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Талап етілген барлық құжаттардың болуын тексеру. Тапсырылған құжаттардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестілігін тексеру

Өтінімдерді тіркеу. Келіп түскен құжаттарды есепке алу кiтабына тиiстi енгiзу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмге рлiк шешiм)

Мемлекеттік қызметті алушы ұсынған пакеттерін қабылдап, өнімідерді нөмірлеу немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы жауап әзiрлеу

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Бұрыштама қою үшін Басшыларға құжаттар жолдау

5

Орындау мерзiмдерi

30 минуттан кем емес, егер тапсырылатын МҒТС объектілерінің саны көп болған жағдайда қызмет көрсету уақыты ұзартылуы мүмкін.

30 минут, егер тапсырылатын МҒТС объектілерінің саны көп болған жағдайда қызмет көрсету уақыты ұзартылуы мүмкін.

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негiзгi процесс – МҒТС өткізуге құжат қабылдау кезеңі

Негiзгi процестің iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

Сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдауға жауапты Орталықтың МҒТС басқармасының қызметкерлері

Сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдауға жауапты Орталықтың МҒТС басқармасының бастығы

1. Мемлекеттік қызмет алушылар ұсынған нөмірленген өтінім құжаттарын қабылдап, өтінімдерді нөмірлеу.
2. Талап етілген барлық құжаттардың болуын тексеру.
3. Тапсырылатын құжаттардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестілігін тексеру.

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Бұрыштама қою үшін Басшыларға құжаттар жолдау

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс - МҒТС өткізуге құжат қабылдаудан бас тарту кезеңі

Негiзгi үдерiс (барысы, жұмыс ағыны)

Сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдауға жауапты Орталықтың МҒТС басқармасының қызметкерлері

Сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдауға жауапты Орталықтың МҒТС басқармасының бастығы

1. Ұсынылған конкурстық өтінімдердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестілігін қарастыру.
2. Талап етілген барлық құжаттардың болуын тексеру.
3. Тапсырылған құжаттардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестілігін тексеру.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» 
мемлекеттік қызметінің регламентіне  
2-қосымша                 

МҒТС өткізуге арналған құжаттарды қабылдау процесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады