«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік астық ресурстарына 2012 жылғы өнімінен астықты сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті (Хасенов С.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510
бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына
облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Ескерту. Астық сатып алу квоталары жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.11.12 № 15-07/571 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Облыс атаулары |
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып |
Ақмола |
41,0 |
Шығыс Қазақстан |
8,0 |
Қарағанды |
5,5 |
Қостанай |
52,2 |
Павлодар |
3,0 |
Солтүстік Қазақстан |
59,1 |
БАРЛЫҒЫ |
168,8 |