Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бip түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым) бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Әбденов |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 391-ө-м бұйрығымен бекітілген |
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (бұдан әрі - БТБА) (43-шығарылым) "Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу" бөлімінен тұрады.
2. Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарын есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігін жоғарлату сұраныстары қысылтаяң жағдайларды қоспағанда).
3. Әр мамандыққа тарифті-біліктілік сипаттама екі бөлімнен тұрады. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі маман орындауға тиісті жұмыстардың сипаттамасы берілген. "Білуі тиіс" бөлімі маманнан талап етілетін арнайы талаптардан тұрады, олар - маманның жұмысқа қатысты арнайы білім дәрежесінің болуы, басшылыққа алатын материалдарды және әдістеме мен құралдардың қолданылу ережелерін білуі.
Бөлімде көрсетілген теориялық және практикалық білімдерімен қоса маман - еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныстың нормалары мен ережелерін, жеке басын қорғау құралдарымен пайдалана білу, орындалып жатқан жұмыстың сапасына қойылатын талаптар, ақау түрлері және олардың алдын алу және жою, өндірістік дабыл қағу, жұмыс орнында еңбекті рационалды ұйымдастыру талаптарын білуі керек.
4. Біліктілігі жоғары маман оның тарифті - біліктілік тізімдегі атқаратын міндетімен қоса, тарифті-біліктілігі төмен мамандардың да жұмысын орындай алуы және берілген мамандықтың аясындағы біліктілігі төмен жұмыс топтарын басқара білуі керек. Осыған байланысты тарифті - біліктілік сипаттамада көрсетілген төмен білікті мамандар мен жоғары білікті мамандардың жұмысы көрсетілмеген.
5. Маманның еңбек кітапшасын толтыру барысында, оның мамандығының тарифті разряды өзгерген жағдайда, ол БТБА-ға сәйкес толтырылады.
6. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
7. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
8. "Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2009 жылғы редакциясында берілген.
2-бөлім. Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу
1. Тресті дайындаушы аппаратшы
Параграф 1. Тресті дайындаушы аппаратшы, 3-разряд
9. Жұмыс сипаттамасы:
тресті сулауыш бактар, камералар мен автоклавтарда суландыру және буландыру процесіне жүргізу, біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен өтеді. Шикізатты табандық, контейнер, вагонетка, сығымдауыш және бакка арту барысы технологиялық процесс талаптарына сәйкес өтеді. Шикізатты механикалық сығымдауышта сығу. Вагонеткаларды шынжырмен байлау және оларды автоклавқа арту. Табандық, контейнер және сығымдалған шикізат байламын электр тельфер багына, авто және электр тиегішке және автоклав вагонеткаларына орнаған ереже бойынша арту. Камераны жасыру және қысқыш жабдықтарды шешу. Сулы тресты механизмдерді пайдалана отырып белгіленген орынға төсеу. Шикізатты, бакты және камераны сумен жуу. Артылған контейнерлерді сыққыш-жуғыш машинаға тиеу және бос контейнерлерді арту теліміне жеткізу. Көлік құралдарына табандықтарды төсеу, контейнерлерді орнату, байламын шешу, жүкті іліп алғыш жабдықтар мен механизмдерді орнату және шешу. Механизмдер, көлік құралдары және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Жұмыстағы ақаулардың алдын алу және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Өсімдік тін мен сабаннан механизмнің айналғыш бөліктерін тазарту.
10. Білуі тиіс:
механикалық сығымдаушының бекітілуі мен көтергіш көліктік және басқада механизмдердің жұмыс мақсатын білу, көтеру, орнын ауыстыру, контейнерді, вагонетканы орнату және олардың арту және түсірілу тәсілдерінің ережесін, тресті технологиялық дайындалу үрдісін, шикізаттың негізгі қасиеті мен сапасын білу, шикізатты арту және түсіру ережесі, шикізатты бекітілген тығыздық бойынша орау және бакка салу.
Параграф 2. Тресті дайындаушы аппаратшы, 4-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:
тресті сулау және булау бактарында, камераларда, автоклавтарда технологиялық тәртіпке сәйкес және автоматты бақылау және процесті бақылау жүйесін пайдалана отырып сулау және булау технологиялық процесін жүргізу. Суды, буды, қалыпқа келтірілген сұйықтықты, бак пен автоклавқа құюды реттеу. Автоклавта буландыру кезінде және сулы-температура жүйесі мен сұйықтықтың қышқылдық жүйесін сулау барысында тұрақты қысымда сақтау. Сорғы және аэрациялық жабдықтарды жұмыс істеу барысында бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау. Буландыру мен сулау процесін аяқталу уақытын анықтау. Өңделген сұйықтық пен буды ағызу. Сыйымдылықты, шикізатты артуға дайындау. Сұйықтықты әзірлеу және оны бак, автоклавтарға құюға дайындау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдық, аппарат, коммуникация, автоматика жүйесіне жарамды және іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету және ақауын жою. Бақылау-өлшеу жабдықтарын, құбыр және сорғылардың күйін тексеру. Шикізатты бакқа, автоклавқа дұрыс артылуын бақылау және олардан трестерді түсіру. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің ағымдағы жөндеу жұмыстары. Біліктілігі төмен аппаратшылардың жұмысына басшылық жасау.
12. Білуі тиіс:
автоклав, қысқыш бактарды, аэрациялық жабдықтарды, көтергіш көліктік жабдықтарды орнату және эксплуатациялау ережелері, бақылау-өлшеу жабдықтарын пайдалану ережесі, автоматика құралдарын реттеу және оларды басқару ережелері және оларды бекіту, негізгі құралдар мен шикізаттың сапалы көрсеткішінің тресті өңдеу барысына ықпал ету, шикізатты сулау немесе булау барысының аяқталу үрдісін анықтау, ақауларды жою үрдісі.
2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы
Параграф 1. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 1-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:
өнімді және қалдықтарды орауға жұмсақ ыдысты қолдан дайындау, мақта талшығын, линта және талшықты өнімді байламға орау үшін шәлілердің шеттерін жапсыру. Қапшықты қолдан тігу. Қаптама үшін мата жинағын талдау. Бекітілген өлшем бойынша матаны пішу. Қолданыста болған қапшықтарды өлшемімен сорттау және олардың тозған деңгейін анықтау және оларды жөндеу. Таңбалау үшін бояуды дайындау. Ыдысты таңбалау. Белгіленген орынға материалдар мен ыдысты тасымалдау. Қапшықтар мен ыдысты қоймаға тапсыру.
14. Білуі тиіс:
матаны пішу, қаптарды сорттау, матаны талдау және жұмсақ ыдысты таңбалау ережесі, шәлі мен қаптардың бекітілген өлшемін, таңбалау үшін бояуларды дайындау.
Параграф 2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 2-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:
тігін машинкада өнімдер мен қалдықтарды орайтын жұмсақ ыдысты дайындау - брезенттерді, қаптарды және шәлдердің шетін тігу. Брезент дайындауға арналған матаның қиықтарын тегістеу. Қолданыста болған брезенттердің өлшемін алу және тозған брезенттерді сорттау. Брезенттерді жөңдеу және оларды сіңіру. Брезенттерді сіңіруге арналған ерітінді дайындау. Машинаны реттеу және ақауды жою.
16. Білуі тиіс:
тігін машинасының бекітілуін, жабдығын және онымен жұмыс жасау, брезенттің бекітілген өлшемін, қап, шәлі, брезентті тігу тәсілі, брезентті сіңдіру ережесін, тігін машинасының ақауын жою және оның алдын алу.
3. Шикізатты артушы
Параграф 1. Шикізатты артушы, 2-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:
мақта шикізатын пневмокөлікте және алдын ала жұмсарту және лас мақта мен бөгде нәрселерді жоятын көліктер камераларына қолдан арту. Құбырдың, көліктің және бункер-сіңдіргіштің іркілісін ликвидациялау. Құбырды, көліктерді, бункер-қуат бергіш сепараторды және басқа да жабдықтарды профилактикалық тазарту барысына қатысу.
18. Білуі тиіс:
шикізатты пневмокөлікке және көлікке жеткізу тәртібі, мақтаның шикізатын пайдалана білу ережесін, мақтаның шикізатын артушы пневмокөліктің және көліктердің бекітілуі мен жұмыс мақсаты.
Параграф 2. Шикізатты артушы, 3-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:
сабағы қысқа шикізатты, ұйысулар және түтудің қалдығын езгілеу машинасына, кудел өндіруші агрегаттың сіңіргішіне, кендір шикізатын түту машинасының көлікті механизмінің қысқышына немесе амбар, бунт және мақтаны алдына-ала жұмсарту және лас мақта шикізаты мен бөгде нәрселерді жоятын қалқа көліктеріне арту. Материалдың қабатын түзу, толассыз және шикізатты машинаға және өте сулы шикізатты теретін және жойып отыратын механизмге шикізатты біркелкі беруді қамтамасыз ету. Шикізаттың бір қабатын төсеніш үстеліне немесе сіңдіргіш транспортер машинасына және механизмына түзу қылып төсеу. Езгілеу және түту, сіңдіргіш машинаның жұмысын бақылау, білік агрегат пен көліктерге қызмет көрсету. Жабдықтардың жұмысында тапқан ақауларды жою. Өңделіп жатқан шикізатты тасу. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыда орау және қағу ликвидациясына қатысу.
20. Білуі тиіс:
сабағы қысқа, ұйысқан шикізатты, түту қалдықтары кендір шикізаты мен мақта шикізатын машина мен механизмдерге тиеу ережесін, өңделіп жатқан материалдың қырқылуына байланысты қолданыстағы машина мен механизмдерді реттеу ережесі, шикізат пен түтілген қалдықтардың негізгі сапалы белгісі, өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар, құрамы әртүрлі шикізаттың өндірілуіне қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін машина мен механизмдердің құрылымы мен оларды пайдалану ережелері.
Параграф 3. Шикізатты артушы, 4-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:
сабағы ұзын шикізатты езу-түту қабат қалыптастырушы агрегат механизміне және түту-жуу қысу механизді машинасына, түту машинасының езгіш механизміне тінді қолдан арту, сонымен қоса мақта шикізатын пневмокөлікке немесе қозғалатын ленталы транспортерға сұрыптаушы құрылғы жылжымалы пульттің көмегімен арту. Технологиялық құрамына байланысты шикізаттың қабатының қалыңдығын, қозғалмалы ленталы транспортердің құрылғы сұрыптаушысының жұмыс тәртібін, өңделіп жатқан шикізаттың сапасын ескере отырып түту және түтіп - жуу машинасын технологиялы құрылымын реттеу. Қабат қалыптастыру және қысу механизмдері, езу, түту, түтіп-жуу машинасына және басқа құрылғылардың жұмысын тексеру. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының орамын және қағып кіргізілуін пайдалану.
22. Білуі тиіс:
сабағы ұзын шикізатты, тінді және мақта шикізатын машина мен механизмге арту ережесі, сұрыптаушы-құрылғы мен басқару пультін құрылысын, мөлшерлеуші жабдықты реттеу және жөндеу ережесі, езу-түту агрегатының қабат қалыптастырушы механизмінің ережесін, түтіп-жуу машинасының сығу механизмінің және мақта шикізатын алып беруші жабдықтың ережесін.
4. Буманы бақылаушы
Параграф 1. Буманы бақылаушы, 2-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшығы мен линтты бумаға дұрыс оралуы мен ауқымдылығын тексеру. Лента байлайтын жабдықты тексеру. Буманың салмағын өлшеу және таңбалау. Буманың салмағын таңбалау бойынша және мақта талшығы мен лентаны өндіру ауысымын есепке алып отыру.
24. Білуі тиіс:
таразы жабдықтарын және оларға күтім жасау ережесін, буманы таңбалау және орау бойынша мемлекеттік стандарттарды.
5. Сығу-жуу жабдығының машинисі
Параграф 1. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 2-разряд
25. Жұмыс сипаттамасы:
тресті сығу және жуу процесі алдында дайындық жұмыстарын жүргізу. Табандық пен контейнерлерден бауларды түсіру, оларды сығу-жуу жабдықтарының үстеліне жеткізу. Шикізат орамын шешу, тресті жұмарлаудан тегістеу, бауларды жұмсарту және бөлу. Белбеулерді түзету. Сығу-жуу машинасының қуат беру транспортеріне трестерді артуға қатысу. Трест пен инвентарьды өңдеу теліміне тиеу.
26. Білуі тиіс:
сығу-жуу машинасының бекітілуі мен жұмыс мақсаты, түсіру және бауларды жіберу ережесі, шикізаттың негізгі қасиеті мен оны күтудің ережесі, тресті арту тығыздығы.
Параграф 2. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 3-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі жоғары машинистің басшылығымен тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Сығу-жуу машинасының қуат беру жабдығына күтім жасау. Транспортер мен сығу-жуу машинасының қуат беру механизмының жұмысын тексеру, олардың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қуат беру механизмінсіз жұмыс істеу барысында бекітілген қалыңдық пен қабаттың енін сақтай отырып, тресті қуат беру транспортерге тиеу. Қуат беру механизмінің жұмысын ретке келтіру.
28. Білуі тиіс:
сығу-жуу машинаның қуат беру механизмінің құрылымын және пайдалану ережесін, тресті сығу және жуу технологиялық процесі, қуат беру машинасының жұмысын ретке келтіру ережесі.
6. Сығу-жуу машинасының машинисі
Параграф 1. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 4-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Тресті жуу және сығу режимін технологиялық реттеу. Сығу-жуу машинасы мен қуат беру механизмін жөндеу. Сығудың сапасы мен процесіне және машина мен механиздердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру, табылған ақаулардың алдын - алу мен оларды жою шараларын жасау. Қуат беруші механизмсіз жұмыс істеу барысында тресті оның жұмсағымен кептіретін машина транспортеріне тиеу үшін қабатын қалыптастыру. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық жасау.
30. Білуі тиіс:
сығу-жуу машинасын және қуат беру механизмін ретке келтіру және жөндеу ережелері, қызмет көрсететін механизмдер мен құрылғылардың жұмыс режимі, тресті сығу режимін регламенттеу, тресті сығу және жуу сапасының талабы, мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі – МС) және салалық стандарттарға сәйкес технологиялық процесті жүргізу ережелері.
7. Тазарту жабдығының машинисі
Параграф 1. Тазарту жабдығының машинисі, 2-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:
мақта шикізатын органикалық және басқа да қоспалардан шнекті тазартқышта тазарту, сонымен қоса тінді дақылдардың тұқымын біліктілігі жоғары машинисінің басылығымен тұқымнан тазалағыш машинада тазарту. Мақтаны өңдеуде шыққан қалдықты арнайы машиналармен тазарту және тінді дақылдардың талшығын, талшықтарды бөлетін машиналардың өңдеген қалдықтарынан ажыратып алу. Улюкты барабанда жұмыс жасап жатқанда – улюкты және басқада қалдықтарды машинаға тиеу. Тұқымдарды тиейтін бункерге төгу. Конденсордан талшықтарды жіберу және оларды қапшықтарға салу. Стандартты өлшемдегі тұқымдарды өлшеп қапшыққа қаптау. Тұқым, талшық және қалдықтарды белгіленген орынға тасымалдау, жинау, буып-түю және жинау. Қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға біркелкі тиеуді қамтамасыз ету. Машина мен механизмдердің жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғы мен механизмдердің бітелулерін жою және орамдарды шешу. Инвентарьды, құралдарды және қаптау материалдарын тасымалдау. Машина мен механизмдердің жұмысындағы ақауларды жою жұмысына қатысу. Белбеулерді тігу.
32. Білуі тиіс:
шнекті тазарқыш, тұқым тазартқыш, талшықтарды бөлгіш машиналардың және оларға жанасатын технологиялық және көмекші құралдардың белгіленуі мен жұмыс мақсаты, мақта шикізатын, қабықты дақылдар тұқымын, мақта және тінді өнімдердің қалдығынан тазарту технологиялық процесі.
Параграф 2. Тазартушы жабдықтың машинисі, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
мақта шикізатын органикалық және басқа да қоспалардан оттық-аралау тазартқыштарда, тінді дақылдарды тұқымнан тұқым тазартқыш машиналарда тазарту. Тазартуға түскен тұқымдардың сапасын тексеру. Машина жұмысын технологияның талаптарына сай режимін ретке келтіру. Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету және тазартқыш машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Тұқымдарды сапалы тазалау мен олардың қапталуын қамтамасыз ету. Машинаның құрылысы мен өңдеуіне есеп жүргізу. Тазартылған тұқымдарды салмағы мен тазарту класына байланысты тапсыру. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық ету.
34. Білуі тиіс:
тазартқыш машина мен оларға ұқсас технологиялық және көмекші құрылғыларды эксплуатациялау ережесін және құрылымын, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың жұмыс бөлігінің тетік және ажыратқыш мөлшері, тұқымның қоқымдану деңгейін және сипаты, арам шөп түрлерінің құрамы, себетін және техникалық тұқымның стандарты, анализға алынатын сынаманың таңдау реті, қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыны тиеу ережесін білуі тиісті.
Параграф 3. Тазартушы жабдықтың машинисі, 4-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
мақта шикізатын органикалық және басқа да қоспалардан ағымдағы тізімге кіретін тазартқыштарда тазарту. Мақта тұқымдарын тұқым тазалағыш машинада тазарту, оларды калибрлеу машинасында өлшемімен сорттау және калибрлеу бойынша жұмыстарды орындау. Тұқымды тұқым тазартқыш машинаға және мақта шикізатын ағымдағы тізімге кіретін жабдықтарға түсуін ретке келтіру. Тазартатын машиналар, ағымдағы тізімге кіретін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық ету.
36. Білуі тиіс:
ағымдағы тізімге кіретін тазартқыш машиналардың құрылымын және олардың жұмыстарын ретке келтіру және болып жатқан жөндеу жұмыстарының ережесін.
8. Технологиялық жабдықты реттеуші
Параграф 1. Технологиялық жабдықты реттеуші, 4-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:
реттеу және болып жатқан жөндеу жұмыстары:
сексен аралық джиндары және инерциялы омырғыш механизммен мақта талшықтарын өңдейтін линтерлар, линт және басқа мақта өнімдерімен білікті джиндары, тінді дақылдардан қысқа талшықтар өңдейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машина және механизмдер. Жабдықтың, пневмокөліктің ақаусыз күйін бақылау және олардың бекітілген жұмыс режимін қамтамасыз ету. Агрегат пен машинаның бөлек бөлшектерінің тораптарын ауыстыру. Жабдықтың жұмысын реттеу, тігу және белдіктер кигізу. Түткіш құрылғыда жұмыс істеген кезде лентаны толықтыру және рулонның қалыптасуын бақылау, олардың шешу, тасу және салу, лентаның қалдықтарын ликвидациялау.
38. Білуі тиіс:
әр түрлі физико-механикалық құрамдағы шикізатты өңдеу барысында қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу және оны реттеу түрлері, мақта шикізатын өңдеу технологиялық процесі, тінді дақылдардың қысқа талшықтарын өңдеу, агрегат пен машиналардың жұмыс істеу режимі, өңделіп жатқан шикізатқа байланысты машинаның жұмыс бөлшектерінің тетік және ажыратқыш мөлшері, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою және олардың алдын алу, бітеу және орауды ликвидациялау, профилактикалық тексеру графикасы және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жөндеу жұмыстарын.
Параграф 2. Технологиялық жабдықты реттеуші, 5-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:
болып жатқан жөндеу жұмыстары және оларды реттеу:
жүзотыз аралық джин және көп соғатын мықты омыратын, сонымен қоса мақта талшықтарын, линта және басқа да мақта өнімдерін өндіретін үлкейтілген жұмыс камерасы бар білікті джин механизмімен, стланца трестінен ұзын зығыр және кендір талшықтарын, кенп және тіннен ұзын талшықтар өңдейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машиналар, механизмдер. Кептіру жабдығын өңделіп жатқан шикізаттың морфологиялық құрамы және ылғалдығына байланысты тиеу процесін ретке келтіру. Бекітілген режим бойынша шикізатты өңдеу барысында технологиялық процестің сақталуын, жабдықтардың және пневмокөліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмыс барысында ақауларын жою.
40. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты ретке келтіру әдістері және құралдарды реттеу, мақта өнімдерін, тінді дақылдар мен зығыр тіннің ұзын талшықтарын өңдеудің технологиялы процесі.
Параграф 3. Технологиялық жабдықты реттеуші, 6-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:
сулы және булы трестен ұзын, зығыр және кендір талшықтарын өңдеу бойынша ағымдағы тізімнің қатарына кіретін агрегат, машина және механизмдерге жасалып жатқан жөндеу жұмыстары және реттелуі. Автоматты түрде жұмыс жасайтын және ағымдағы тізімге бекітілген техникалық жабдықтардың тоқтамай және жанасып жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жабдықтардың жұмысын бақылау. Бекітілген уақыт тәртібі режимінде қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысы үшін негізгі толықтыру параметрлерінің сақталуын қамтамасыз ету.
42. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты реттеу және реттеу тәсілдері, сулы және булы трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өңдеу процесстерін автоматты түрде ретке келтіру үшін бақылау-өлшеу құралдарын және жабдықтарын пайдалану ережесін, осы шикізатты өңдеу режимі және технологиялық процесі.
9. Джин жабдығының операторы
Параграф 1. Джин жабдығының операторы, 4-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
белгіленген режимдегі сексен аралық джин мен инертті шабатын механизмімен валды джинда мақта шикізатын джиндау процесіне кіріспе. Джинның, технологиялы жанасқан және көмекші жабдықтың батареясына қызмет көрсету. Мақта талшықтарын стандарт талаптарына сай алуды қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Талшық бөлу, арам шөп және тұқым конвейеріне, улюк шабу және арам шөп шабу жабдықтарының қуаттандырушысының бітелуін жою. Шикізатты білікшені мерзімді лақтыру, кенептерді жұмыс білікшелерінде тазарту, оларды орнату және әртүрлі джиндардың пластинасын ауыстыру барысына қатысу. Араны ауыстыру, технологиялық тетіктер және ажыратқышты реттеуге, қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына қатысу.
44. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты орнату және эксплуатация жасау ережелерін, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың бөлшектерінің арасындағы тетіктің мөлшері, джиндаудың технологиялық процесі, мақта шикізаты, талшықтар, тұқым және қалдықтардың стандартын.
Параграф 2. Джин жабдығының операторы, 5-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
жүзотыз аралық джинді белгіленген режимде және көп соғатын мықты омыру механизмымен білікше джинда, мақта шикізатын джиндау және арақашықтықта басқару пультінің автоматты өндірісті процесін жүргізу. Джиннің қуат беруін реттеу. Машина жұмысында туындаған олқылықтар мен басқада ақауларды жою және олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Цехқа мақта шикізатының бірдей түскеніне көз шолу жасау. Аралау джиндарындағы шикізат білікшесінің тығыздығын және джиндалғаннан кейінгі тұқым талшықтарының қалдықтарын тексеру. Улюктің бөлінуін ретке келтіру. Өндірістің қалдықтарын уақытында жоюды ұйымдастыру. Білікше джиндарындағы омыратын пластиналарды ретке келтіру және орнату. Технологиялық жабдықтар мен автоматизация жабдықтарды профилактикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау. Біліктілігі төмен оператордың жұмыстарын басқару.
46. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіп жатқан жабдық пен пультты орнату және эксплуатация жасау, жабдықты автоматтандырылған дистанционды басқару схемасы, джинді цехтың технологиялық жабдықтарын ретке келтіру ережелері, мақта талшықтарының сапасына қойылатын талаптар.
10. Линтерлі жабдықтың операторы
Параграф 1. Линтерлі жабдықтың операторы, 4-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:
берілген режимде тұқымдарды линтерлерде линтерлеу процесін жүргізу. Линтерлі және оған жанасқан технологиялық және көмекші жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Линтерлер жұмысын реттеу. Қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер жұмысындағы ақауды жою. Линтерге жөндеу жұмыстарын жасауға және араның цилиндрін ауыстыруға қатысу. Ара мен оттық торларын тазалау.
48. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты орнату және пайдалану ережесі, қызмет көрсетіп жатқан машинаның бөлшектерінің арасындағы тетіктердің мөлшерін, тұқымды линтерлеу технологиялық процесі, линт пен тұқымның стандарты.
Параграф 2. Линтерлі жабдықтың операторы, 5-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:
тұқымдарды линтерлерде белгіленген режимде ұлғайтылған жұмыс камерасында линтерлеу және автоматтандырылған өндіріс процесін дистанционды пультпен басқаруды жүргізу. Линтерлердің қуат алуын ретке келтіру. Машинаның жұмысындағы үзілісті және басқа да ақауларды жою және олардың қалыпты жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету. Технологиялық жабдықтар мен автоматтандыру жабдықтарын профилактикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау. Біліктілігі төмен оператордың жұмыстарын басқару.
50. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіп жатқан жабдықтар мен пультты құрылымы және эксплуатация жасауды, литерлі цехтың технологиялық жабдықтарын ретке келтіру ережелері, линттың сапасына қойылатын талаптар.
11. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы тізімнің операторы
Параграф 1. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы
тізімнің операторы, 3-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен өтетін қысқа сабақты шикізат пен ұйпаларды өңдеу, олардан шикізат алу және езгіште, түту, шайқау және кептіру машиналарында, кудель дайындайтын агрегатта және онымен жанасқан технологиялық және көмекші жабдықта тінді дақылдардан қысқа талшықтарды өңдеу бойынша ағымдық тізімге қосылған құрылғыда өңдеу технологиялық процесін жүргізу. Өңделіп бітпеген ұзын талшықтарды түту машинасында өңдеу. Ұзын талшықтарды өңдеу бойынша қосымша жұмыстарды орындау. Қызмет көрсетіп жатқан машина мен механизмнің, машинаның айналып тұратын бөлшегіндегі суландырмайтын құрылғының дұрыс жұмыс жасауын бақылау және табылған ақауларды жою. Пневмокөліктің жоқ кезінде - шикізатты, түтуден қалған қалдықтарды қабатын біркелкі қалыптастырып және оларды кептіргіш машинаның күш беру транспортерына қолдан арту. Кудель дайындайтын агрегаттан толықтай өңделмеген талшықтар мен қысқа талшықтарды алу және оны қорапқа таза талшық байламымен қайта өңдеуге арту. Талшықтарды пневмокөлікке жіберу, түту машинасының сығу механизміне толықтай өңделмеген талшықтарды қолдан арту. Ұзын талшықтарды толықтай өңделмеген деңгейі бойынша уыстап теріп алу, оларды ұзындығымен түзеу, өте дымқыл талшық тұлымын жою және түтілгендерін жәшікке салу және арту. Буданы байлау, тасымалдау және оларды белгіленген орынға жеткізу. Өңдеуге келетін талшықтарды тасу. Түтуші барабанға, карданды валдан және оңтүстіктік кендірді өңдеу барысында езу-түту агрегатының тасымалдау механизмінен және кенептің өңдеуде түту-жуу жабдығынан орамдарды шешу. Ұзын талшықтарды алуға жарайтын орамдарды жайып салу үстеліне жіберу. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдық пен қондырғының жұмыс бөлшектеріне орамдар мен бітелулер қалыптасуының алдын алу, оларды жоюдың алдын-алу және осы жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.
52. Білуі тиіс:
қысқа талшықтарды өңдеу бойынша ағымдағы тізімге қосылған қызмет көрсету жабдықтар мен механизмдерін, түту машинасы, тасымалдау механизмі және суландырмайтын жабдықты белгілеу және пайдалану ережелері, қысқа сабақты шикізатты және ұйпаны және түтудің қалдықтарын кептіру және өңдеу режимі, толықтай өнделмеген талшықтарды өңдеу режимі, өңделіп жатқан материалдың түрін және оның ылғалдану нормасы, кептіру машинасының тиелу тығыздығын, шикізатты езгілеу машинасына және қуат алу транспортеріне тиеу ережесі, талшықтың негізгі қасиеті және оған қойылатын талаптар, орамдарды шешу ережесі.
Параграф 2. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы
тізімнің операторы, 4-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:
қысқа сабақты шикізат пен ұйпаларды өңдеу, олардан шикізат алу және езгіште, түту, шайқау және кептіру машиналарында, кудель дайындайтын агрегатта және онымен жанасқан технологиялық және көмекші жабдықта тінді дақылдардан қысқа талшықтарды өңдеу бойынша ағымдық тізімге қосылған құрылғыда өңдеу технологиялық процесіне кіріспе. Жабдықтың жұмысына және өңделіп жатқан шикізаттың ерекшелігіне және оның сапасына байланысты материалдың қабат қалыңдығын реттеу режимі. Технологиялық ағымға қосылған жабдықтың жұмысында табылған ақауларды жою. Шикізатты өңдеу мен кептірудің сапасына, кептіру процесіне, қабаттың қалыңдығы мен транспортердің еніне дейін шикізатпен біркелкі тиелгеніне, транспортердің кептіретін жабдығына және транспортердің қуат алатын агрегатына шикізаттың тиелу тығыздығын жүргізу. Талшықтарды өңдеу және жабдықтардың бос тұрып қалуына есеп жүргізу. Біліктілігі төмен операторлардың жұмыстарын басқару.
54. Білуі тиіс:
өңделіп жатқан материалдың қырқылуына байланысты оларды тиеу және реттеу және қысқа талшықтарды теруге арналған ағымдағы механизмге қосылған жабдықтар мен механизмдер, қырқылу және ылғалдылығына байланысты қысқа талшыққа қойылатын талаптар, талшықтардың қырқылуына байланысты жабдықтың жұмыс істеу режимі және технологиялық процесі, шикізат пен қысқа талшықтың стандарты, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың басты ақаулары және оларды жою ережелері, бітелу мен орамды жою тәсілі.
Параграф 3. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы
тізімнің операторы, 5-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты кептіретін машина, езетін-түтетін агрегатта және басқада технологиялы, стланцты трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өндіретін және сорттауыш ағымдағы тізімге қосылған механизмдер мен көмекші механизмдерден ұзын сабақты шикізатты технологиялы өндіру процесін жүргізу. Өндіріліп жатқан шикізаттың сапасына байланысты ағымдағы тізімге қосылған жабдықтардың жұмыс режимін реттеу және олардың жақсы жұмыс істеуін бақылау, өңдеулеріне қатысу. Талшықты өңдеу және сорттау сапасына, шикізатты өңдеуде технологиялық режимнің сақталуын бақылау. Өнделуге түскен шикізаттың сапасын және таңдалған өнімнің сапасын тексеру. Талшықтарды өңделу сапасын тексерумен уыстап арту. Талшықты будамға байлау. Пневмокөлік болған жағдайда талшықтарды пневмокөлікке арту. Өңделген өнімді өлшеміне және сапасына байланысты тапсыру. Өңделген шикізаттың, өңделген талшықтың және машинаның құрылымының есебін жүргізу. Нөмірдің дұрыстығын, талшықтың сортының дұрыстығын анықтайтын таңдау бақылау тексерісі.
56. Білуі тиіс:
стланцты трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өңдеу бойынша ағымдық тізімге қосылған жабдықтар мен механизмдер және морфологиялық құрылымын есепке ала отырып стлансты тресті өңдеу реттеу режимінің ережесін, шикізаттың және ұзын талшықтың сипаттамасын, нөмірін, сортын, бірдей талшықтарды нөмірі және сортымен реттеу, бақылау әзірлемелерін өткізу тәсілі.
Параграф 4. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы
тізімнің операторы, 6-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты сыққыш-жуғыш, сулы тресті кептіруге арналған кептіру машиналарында, езу-түту агрегаты, сорттауыш машинада, талшықты өңдейтін және тресті дайындау процесін автоматты басқару жүйесімен, сулау және булау трестінде ұзын талшықтарды өңдеуге арналған ағымдағы топқа қосылған, көмекші жабдығы мен механизмдерде ұзын сабақты шикізатты өңдеу технологиялық процесін жүргізу. Ағымдағы тізімге қосылған жабдықты жөндеу және реттеу, одан сапалы және белгіленген нөмірге сәйкес талшықты өңдеуді қамтамасыз ету. Біліктілігі төмен оператордың жұмысына басшылық жасау.
58. Білуі тиіс:
сулау және булау трестінен ұзын зығыр және кендір талшығын өңдейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін, машина мен механизмдерді жөндеу және реттеу тәсілі, сулау және булау трестінің өңдеу режимінің уақыт тәртібін реттеу, буланған және суланған ұзын талшықтардың қолданыстағы стандарты, талшықты өңдеу және тресті өңдеу процесін басқаратын бақылау-өлшеу жабдығының өлшемін.
12. Кептіргіш жабдықтың операторы
Параграф 1. Кептіргіш жабдықтың операторы, 3-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен стланцевті тресті, талшықтарды, тұқымдарды және тінді дақылдардың түтуден қалған қалдықтарын камералы, булы контейлерде, түтін-газды кептіргіш машиналарда және контейнерлерде булы кептіргіш машиналарда, тінді дақылдардың трестін сулы және булы машиналарда кептірудің техникалық процесін жүргізу. Шикізатты машинаның кептіргіш транспортеріне, кесек үгіткішке, қабат қалыптастырғыш механизмге тоқтатпай тиеу үшін шикізат қабатын белгіленген қалындықта қалыптастыру. Белгіленген тығыздықты сақтай отырып кептіретін машинаның транспортеріне материалдарды қолдан біркелкі етіп тиеу. Пневмокөлікке шикізатты тиеу кезінде кептіргіш машинаның қуат беру транспортеріне материалдарды белгіленген тығыздықпен тиелуін бақылау және қамтамасыз ету. Кептіру аймағында шикізаттың сулы бауларын кептіру бойынша жұмыстармен айналысу. Кептіргіш машинаның ағымында бекітілген, шикізат сабағын және тамырын кесу машиналарына қызмет көрсету.
60. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан құрылғылар мен механизмдердің құрылымы және оларды ретке келтіру ережелері, тінді шикізаттың талшық, қабық, тұқым мен түтілгеннен қалған қалдықтардың негізгі құрамдары мен сапалы белгісі, оларды кептірудің технологиялы процесі, тиелген материалдың тығыздығы, тиеу және шикізат жеткізу механизмдерін ретке келтіру және оларды пайдалану ережесі.
Параграф 2. Кептіргіш жабдықтың операторы, 4-разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:
сулы тін мен тінді дақылдардың сулы және булы тресті булы конвейерде және мақта шикізатын барабанды кептіргіш машиналарда пультпен басқаратын жабдықтарға бекітілген режимге сейкес кептіру процесін жүргізу. Кептіргіш машиналарға шикізатты тиеу барысына қатысу, шикізаттың, талшықтың, тұқым мен түтуден қалған қалдықтарды құрамы мен сулылығына байланысты кептіргіш машинаның транспортеріне, оның барлық жеріне қалыңдық қабатының біркелкі тиелуін және оның тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, кептіргіш машиналарда артудың бекітілген тығыздығын, температурасын және сулылығын сақтау. Кептіру режимін бақылау-өлшеу құрылғыларымен бақылау және ретке келтіруді тексеру. Кептіретін машина, фильтр, ауа жібергіш, желдеткіш, камералар және транспортерлердің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Кептіруден кейін тресті соңғы рет тексеру. Біліктілігі төмен операторлардың жұмысына басшылық жасау.
62. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылым ерекшелігін және жөндеу ережелерін, бақылау-өлшеу жабдықтарының құрылымы және жұмыс мақсатын, басқару пультындағы қондырғыларды орнату және олардың бекітілуі, құрғақ шикізатқа және басқада материалдардың сапасына қойылатын талаптар, кептірудің технологиялы және температуралы режимі, технологиялы процесті реттеу ережесі.
Параграф 3. Кептіргіш жабдықтың операторы, 5-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:
тінді дақылдар трестін сулы және булы кептіру автоматты бақылау және реттеу жүйесімен жабдықталған, бекітілген пультті басқару режиміне сәйкес конвейрлі булы кептіру машиналарында кептіру процессін жүргізу. Транспортерға қабаттың қалыңдығы мен еніне сәйкес тресті біркелкі тиеу және кептіру машинасының тиеу қалыңдығын реттеу, екі еселенген қабаттың дұрыс қалыптасуына және оның кепкеннен кейін дұрыс бөлуін бақылау, калорифердің тазалығын бақылау. Кептіру машинасының, басқару пультінің, фильтрдің, ауа жібергіштің, желдеткіштің, камераның, транспортердің жұмысын бақылау. Кептіру процесін автоматты басқару жүйесімен реттеу және бақылау. Техникалық ақаулардың алдын-алу және жою, кептіру машинасы мен басқа да механизмдердің жөндеу жұмыстарына қатысу. Біліктілігі төмен оператолардың жұмысына басшылық жасау.
64. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіп жатқан жабдықтың кинематикалық сызбасы, кептіру процесінің параметрлерін бақылау және реттеу, автоматты басқару жүйесіне кіретін, басқару-өлшеу жабдықтарын орнату және оларды күту ережелері, кептіру процесіндегі жетіспеушілік және олардың алдын-алу және жою тәсілдері, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу.
13. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші
Параграф 1. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 2-разряд
65. Жұмыс сипаттамасы:
мақталы талшықты немесе линтті престеудің алдында механикалық тегістеушімен алдын-ала нығыздау. Пресс камерасын талшық немесе линтпен толтыру. Тегістеушінің жұмысын басқару. Тегістелген мақта мен линттің салмағын анықтайтын бақылау жабдықтарының жұмыс бақылау. Конденсордың бітеліп қалуын және тегістеушінің жұмысындағы техникалық ақауларды жою және оның жөндеу жұмыстарына қатысу.
66. Білуі тиіс:
механикалық тегістеуіштің белгіленуі мен жұмыс істеу мақсатын, механикалық тегістеуге бекітілген престеліп жатқан өнімнің түрлерінің байлам бойынша салмағын, престеліп жатқан өнімнің техникалық жағдайын.
Параграф 2. Шикізат пен талшықтарды престеуші, 3-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:
мақта және тінді талшықты, мақта линтін, талшықты қалдықтарды және костраны байлам, орнатылған габариттің түгінде салмақтыларын механикалық престе, ал тінді шикізатты қол станоктарында пресстеу, біліктілігі жоғары пресстеушінің басшылығымен жүзеге асады. Мақта талшықтарын немесе линтті престемес бұрын, гидровалды тегістеуішпен алдын-ала нығыздау. Тінді шикізатты, талшықтарды және қалдықтарды қолмен салу кезінде, оларды таразыға тасу, өлшеу және белгіленген сызба бойынша камераға салу. Орайтын материалдарды дайындау және жеткізу. Орамды преске салу. Байламды тығыздау, стандарт талаптарына сай оларды байлау және таңбалау, престі босату, байламды домалатып әкету. Кипті өлшеу және транспортер мен штабельде тегістеуімен бекітілген орынға тасымалдау. Табандыққа орнатылған байлам механизмдерін және табандықты канттау механизмдерін басқару. Таразы, прес, көтерме, гидросорғышты, бақылау жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуін тексеру. Пресс және конденсор, табандықты байламға орнату механизмін, табандықты канттайтын механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Престің торабтарына және қызмет көрсетіліп жатқан механизмдердің жұмыстарын реттеу.
68. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдық пен механизмнің құрылымы және жұмыс мақсаты, шикізатты, талшықты, линтті және қалдықтарды пресстеу ережелері, шикізат пен өнімнің сортына байланысты габариттің, киптің салмағының, тюктың бекітілген тығыздығын, кипті орау және таңбалау ережесін, орайтын материалдың шығыны мен оның мөлшерін, өнімді тасымалдау және сақтау ережелері.
Параграф 3. Шикізат пен талшықтарды престеуші, 4-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:
орам стандартының талаптарына және бекітілген заңдылықтарына сәйкес, байлам, тай, бекітілген ауқымдылық пен салмақты механикалық престерде мақта және тінді талшықтарды, мақта линтін, талшықты қалдықтарды, костра мен зындырылған зығыр лентасын пресстеу. Престерде орнатылған өлшеу және тіркеу жабдықтарына, престеу процесінің параметрларын бақылау. Ауқымдылық, салмақ және орам сапасының бекітілген стандарттарына сәйкес байламның шығарылымын қамтамасыз ету. Механикалық престің көтермесін басқару. Престің және оның көтермесінің жұмысындағы ақауларды жою және жөндеу жұмыстарына қатысу. Байламды престеу, қаптау және таңбалаудың, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың сапасын бақылау. Біліктілігі төмен престеушілердің жұмысын басқару.
70. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және оны пайдалану ережелерін, байламды орау бойынша стандарт талаптарын, шикізат, талшықтарды сорттарымен анықтаудың мақсатын, престің жұмысындағы техникалық ақауларды жоюдың түрлерін.
Параграф 4. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 5-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшығы мен линт, қабықты шикізат пен талшықты бекітілген ауқымдылық байламында және гидропрестеу жабдықтарында және жартылай автоматтандырылған престе престеу. Гидропрестеу жабдықтары мен жартылай автоматтандырылған престерді жөндеу. Механикалық пресстің көтермесін басқару, ағымдағы жөндеу жұмыстарына және технологиялық жабдықтар мен таразы өлшеу техникаларында жөндеу жұмыстарына қатысу.
72. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдық мен бақылау-өлшеу жабдықтарын орнату және жөндеу тәсілдерін, өңделіп жатқан шикізаттың техникалық шарттары мен стандарттары.
Параграф 5. Шикізат пен талшықтарды пресстеуші, 6-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшықтары, линт, тінді талшықтарды байламда, бекітілген ауқымдылықта және таразыда, гидравликалық престерде престеу. Монометр бойынша қысымды бақылау. Габарит, салмақ және орамның сапасына стандарт және техникалық талаптарға сәйкес киптің шығаруын бақылау және қамтамасыз ету. Су насосы мен механика пресінің көтермесін басқару. Талшық пен линттан бөгде нәрселерді жою. Біліктілігі төмен престеушілердің жұмысын басқару.
74. Білуі тиіс:
прес, гидросорғыш, бақылау-өлшеу құралдары және басқа да қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстары, шикізат пен талшықты орау, қаптау, және престеудің стандарты мен техникалық шараларын, орнатылған ауқымдылық пен байлам салмағын.
14. Тресті дайындаушы
Параграф 1. Тресті дайындаушы, 3-разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:
тресті ашық камера, бак, су қоймаларында дайындау технологиялық процесін жүргізу біліктілігі жоғары трест дайындаушының басшылығымен өтеді. Престелген өсімдік сабағын және баулардың шикізат тайын ашық бактарға, камераларға немесе жасанды су қоймаларына қолдан немесе механизмнің көмегімен тиеу, бактағы шикізатқа су құю, сабақтарды қалқитындай жағдайда суға салғанда тайды салдарға немесе партияларға бөліп байлағанда технологиялық процестің талаптарына сәйкестендіру, қалқып жатқан тайларды қайта-қайта аударып тұру, кейін оларды тиеу транспортеріне немесе белгіленген орынға апару, сабақтарды толықтай суға салған кезде ұзындығы мен енін қысқаша мықты етіп бекіту, қысқыш пен бекітулерді шешу. Сулы тресті қолдан немесе механизмі көмегімен бекітілген орынға түсіру. Шикізатты, камераны және бакты сумен жуу. Көлікті және басқа да механизмдердің, тай түсіретін жабдықтың жолында ақау жоқтығын және дұрыстығын тексеру. Қабатты шикізатты және сыйымдылықтарды сулау процесіне дайындау.
76. Білуі тиіс:
бактардың, суқоймаларының, қысқыш құрылғылардың, шикізатты тиейтін және түсіретін механизмдердің бекітілуімен, пайдалану ережелерін, тресті салқын суда сулау тәсілімен дайындау технологиялық процесін, өсімдік сабағы мен сабанның сапалы қасиетін және негізгі құрамын, шикізатты тиеу және түсіру ережелерін, шикізатты қалауға бекітілген тығыздықты.
Параграф 2. Тресті дайындаушы, 4-разряд
77. Жұмыс сипаттамасы:
тресті ашық камераларда, бактарда және су қоймаларында дайындау технологиялық процесін жүргізу. Сулау процесінің аяқталуын анықтау. Шикізатты камера, бак және су қоймаларына дұрыс тиелуін, суда жүзетін тайларды уақытылы өңдеуді, бактардағы сұйықтықты ауыстыру және оларды толтыруды, көтеру-көлік құралдары, жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін бақылау және олардың жұмыстарындағы ақауларды жою. Шикізатты сулау журналын жүргізу. Біліктілігі төмен тресті дайындаушылардың жұмысына басшылық жасау.
78. Білуі тиіс:
шикізатты тиеу мен түсіру бойынша механизмдердің құрылысын, қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер мен жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою, трестің негізгі қасиеті және сапалы белгілері, тресті дайындау технологиялы режимі және сулау процесінің аяқталғанын анықтау тәсілдері.
15. Мақта дәнін улаушы
Параграф 1. Мақта дәнін улаушы, 2-разряд
79. Жұмыс сипаттамасы:
улайтын машинада мақтаның егетін тұқымдарын улау бойынша қосымша жұмыстарды атқару. Улайтын машинаның транспортер-қуатбергішіне белгіленген мөлшерде тұқымдарды арту. Уланған қапшықтарды тұқымдармен толтыратын арнайы станокта оларды толтыру және өлшеу. Шашуға арналған тұқымдарды іріктеу. Қапшықтарды тігу, таңбалау және белгіленген орынға жеткізу.
80. Білуі тиіс:
қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың белгілеуі мен принципін, улы препараттан жеке басты сақтауды.
Параграф 2. Мақта дәнін улаушы, 3-разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:
мақтаның егістік дәнін улайтын машинада улау біліктілігі жоғары улаушының басшылығымен өтеді. Уды улау машинасының бункер-қуат бергішіне тиеу. Улайтын машинаға тұқымның біркелкі тиелуін реттеу.
82. Білуі тиіс:
улау машинасын орнату және қызмет көрсетілуін, улауышты шығындау мөлшерін, дәндерді улау технологиялық процесін, препараттың улылық деңгейін, улауышты ұстау ережелері және жеке басын сақтау ережелерін, улау процесін жүргізу стандарттарын және техникалық жағдайын.
Параграф 3. Мақта дәнін улаушы, 4-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:
улайтын машинада себетін мақта дәндерін улау. Улайтын машинаның жұмысын ретке келтіру. Тұқымдарды өңдеуде технологиялық режимді сақтау. Уланған тұқымдардың сапалы дайындалуын бақылау. Улау машинасын жөндеу. Құрылғының жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Улауыштың шығынын есептеу. Біліктілігі төмен улаушылардың жұмысына басшылық жасау және жеке басын сақтау құралдарының пайдаланылуын бақылау.
84. Білуі тиіс:
улайтын машинаның жұмысын реттеу және жөндеу ережелері, дайындалған уланған тұқымның сапасын бақылау, тұқымдарды улаудың технологиялы режимі, удың шығынының нормасы, оның улылығы және оны пайдалану ережелері, жеке басын сақтау құралдарын пайдалану ережелері.
16. Шикізатты жаюшы
Параграф 1. Шикізатты жаюшы, 2-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты біркелкі қалыңдықпен жаятын үстелдер немесе транспортерда қуат беретін машина мен езу-түту агрегатына қолдан салу. Қабат қалыптастыратын механизмге қабатты қолдан салу. Шикізаттың ұйпаланған бетін қалыпқа келтіру, сабақтың үстіңгі жағынан түйіршіктер мен ұйпаларды алып тастау, жаю үстелінде тегістеуіштің жоғында шикізатты кесек бойынша тегістеу. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің бітелулері мен орамдарын жоюға қатысу.
86. Білуі тиіс:
шикізат қабатын қалыптастыру ережесі, шикізаттың негізгі қасиеті мен сапалы белгісі және олардың өңдеу режиміне ықпал етуі, өңделген өнімнің сапасына қойылатын талаптар, шикізатты тасушы механизм мен іліп-алғыш көліктің құрылымы және оларға қызмет көрсету ережелері.
Параграф 2. Шикізатты жаюшы, 3-разряд
87. Жұмысқа сипаттама:
төсеу үстелдеріне немесе шикізатты құрғақ күйінде өңдейтін езу-түту агрегаттың қабат қалыптастыратын механизмінің төсейтін үстеліне түсіретін және шикізаттың орнын ауыстыратын механизмнің көмегімен езу-түту агрегатының және машинаның қуат беретін транспортеріне және шикізатты ылғалды күйде өңдейтін түту-жуу машинасының қуат беретін транспортеріне шикізатты біркелкі қалыңдықта төсеу. Агрегаттың және кейінгі өңдейтін машинаның жаю үстеліне бауларды байлап біркелкі беру, баулардың сулылығын бақылау, қабылданған және қайтарылған шикізаттың санын есептеу.
88. Білуі тиіс:
шешу механизмінің белгіленуі, құрылымы және жою ережелері, жаю үстеліне шикізатты беру және орналастыру, шикізатты машина мен агрегаттарда өңдеуге жіберілуін реттеу ережелері, шикізатты дұрыс жаю тәсілдері, шикізат сортының сыртқы сипаты.
17. Су жіберуді реттеуші
Параграф 1. Су жіберуді реттеуші, 3-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы:
шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттіліктерге бекітілген режимге сәйкес су қоймаларына суды қолмен жіберуді реттеу. Ирригиациялы жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Канал, шлюз, су ағызғыш және әр түрлі жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін бақылау және ақауларды жою. Есеп журналын ашу және оған өндірістік судың, су ағызғыш құрылғылардың әр түрінен ағымды судың шығынын жазып отыру.
90. Білуі тиіс:
шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттілікке суды пайдалану режимі, ирригациялы және су ағызғыш жүйенің сызбасы мен сипаттамасы, су ағызғышқа таблицаларды пайдалану және ирригациялы жүйеге қызмет көрсету ережелері.
18. Талшық қорабын байлаушы
Параграф 1. Талшық қорабын байлаушы, 2-разряд
91. Жұмыс сипаттамасы:
талшықтарды қорапқа байлау, өлшеу, тасымалдау және оларды белгіленген орынға қою, қораптарды орауға арналған белбеушелерді дайындау. Өндіріс сапасы бойынша кендір мен кенептің талшықтарын уыстап алу, тасымалдау және толық өңделмеген талшықтарды жою. Өндіріс сапасы бойынша толықтай өңделмеген талшықтарды теріп алу және уысқа қалыптастыру, оларды қайта өңдеуге жіберу. Езу-түту агрегатына және түту-жуу машинасының орамы мен бітелулерін жоюға қатысу.
92. Білуі тиіс:
талшықтарды қорапқа байлау ережесін және талшықтың толықтай өңделмегенін анықтайтын белгісін, қырқылған талшықтың жіберілетін пайызын, қораптың белгіленген массасын, талшықты өлшеу ережелері, құрамы әртүрлі ұзын сабақты шикізатты өңдеудің технологиялы режимі, өңделіп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың сортын, езу-түту агрегаты мен түту-жуу машинасының белгіленуі мен жұмыс мақсаты.
19. Қалдық талшықты смолаушы
Параграф 1. Қалдық талшықты смолаушы, 4-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:
смолау аппараттарында қалдық талшықты смолау процесін жүргізу. Смолаға арналған аппаратты смоламен толтыру. Жиналған лентаны қолмен бұрау және оларды смолды аппаратқа салу. Смолды аппаратта қалдық талшықтың температурасы мен бу қысымын бақылау. Қалдық талшықты жоғары сапамен смола беруді, температура, сығым және лентаның қозғалу жылдамдығымен реттеуді қамтамасыз ету. Смола деңгейі мен смоланған қалдық талшықтың салмағын бақылау. Орамдар мен үзілістерді жою. Сығу білікшесін жұмсақ қаптамамен орау және белгіленген өлшемнің диаметріне дейін жеткізу. Смолды қалдық талшықты өлшеу және оны белгіленген орынға жеткізу, жайғастыру.
94. Білуі тиіс:
смолды аппараттың механизмінің орнатылуы мен жою ережелері, қалдық талшықты смолалау режимі, смолау нормасы, смолды қалдық талшықтың техникалық жағдайлары мен стандарттары, смолау процесіне температура мен басқа да факторлардың әсер етуі.
20. Шикізат пен талшықты сорттаушы
Параграф 1. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 2-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:
шикізат қоймаларын ашу және жинау процесінде, бүлінген және шіріген шикізат бауларын сорттау, шөмеле, кебен және қатарлар. Шешілген бауларды байлау. Өте дымқыл бауларды кебенге және қатарға немесе механикалық ықпал ету тәсілімен мұзданған бауларды алдын-ала еріту конус пен шатырға жаю.
96. Білуі тиіс:
бауларды сорттау, конус пен шатырларға орналастыру және кебен мен қатарға жаю ережесі, шикізат түрлері және оларды күту ережелері, шикізат қоймаларын жинау ережелері.
Параграф 2. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 3-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:
шикізат бауы мен қысқа талшықтардың, стандартты үлгілер мен эталондарына сәйкес органолептикалық тәсілмен сорттың сапалы белгісі мен нөмірлерін анықтап сорттау. Өте ылғалды, қоқысты және бүлінген бауларды лақтыру. Баудың кесекті және үстіңгі бөлігінен ұйпаны жою. Шешілген бауларды байлау, оларды түйіп байлау. Толық өңделмеген тұлымды теру және талшықтардан бөгде талшық емес қоспаларды жою. Талшықтарды экспортқа таңдау. Құрамында арпабас көп талшық тұлымдарын теріп алу және оларды қайта өңдеуге қайтару. Сортталған талшықтарды қораптарға орау. Сортталмаған талшықтар қорабын шешу. Белгіленген орынға шикізат пен талшықтарды тасымалдау. Қысқа талшықты өңдеуде ағымдағы тізім бойынша жұмыс істеу барысында, қысқа талшықтарды қызмет көрсетіліп жатқан құрылғының пневмокөлігіне жинау. Пневмокөлік болған жағдайда талшықтарды пневмо жабдыққа тиеу. Талшықтарды бөлетін және сулайтын машинаның, пневмокөлік жабдығының және басқада қысқа талшықты өңдеу бойынша ағымдағы топқа қосылған жабдықтардың жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен құралдардың орамдары мен бітелулерін жою жұмыстарына қатысу.
98. Білуі тиіс:
бау шикізатын және қысқа талшықтарды нөмірі, органолептикалық тәсіл сортымен сорттау ережесі, шикізат пен талшықтың негізгі құрамын, нөмірін және сортын, шикізат пен талшыққа қатысты стандарт пен эталонды, талшық сортының нөмірін анықтайтын әдістеме, шикізат пен талшықтың сорттау сапасына қойылатын талаптар, талшықты сулау және қырқу нормасының шегі, орамдарды шешу нормасы, қысқа талшықты ағымда сорттау барысында - құрамы әртүрлі шикізатты өңдеудің технологиялы режимі, кудель дайындайтын агрегат пен сілкілеу машиналарының бекітілуі және пайдалану ережелері, сулау және пневмокөлік жабдықтарының бекітілуі мен пайдалану ережесі.
Параграф 3. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 4-разряд
99. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген ұзын талшықтың уысын бекітілген уыс салмағы, нөмірін және сортты органды лептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Уыстарды түзету, оларды арту және айналдыру. Уыстарды бірдей сапалық белгілерімен қорапқа, бекітілген салмақтың кулитына, жапсырманы жапсыру, қораптарды, кулиттарды байлау, тасымалдау, қатарға жинау. Қорапты, кулитті байлау үшін шпагатты дайындау немесе белбеуді өндіру. Толық өндірілмеген талшықты уысқа теру және қалыптастыру оларды қорапқа, кулитқаға байлау. Конвейрді сорттайтын машинада талшықты ағымда сорттауда-талшықты транспортерден түсіру. Ұзын түтілген кендір талшықтарын қол тарақтарда технологияның талаптарына сәйкес тарау, таралған талшықтарды және тарқтарды сапа белгісімен сорттау. Сортталмаған талшықтарды тарау барысында-белгіленген салмақ, түс, ұзындық және басқа да сапалы белгілеріне сәйкес біркелкі талшықтарды қалыптастыру. Конвейрлі сорттау көлігінің жұмысындағы табылған ақауларды жою және олардың жұмыс істеуін бақылау. Талшықтар мен тарамдарды салмағына қарай тапсыру. Біліктілігі төмен сорттаушылардың жұмысын бақылау.
100. Білуі тиіс:
сорттау және ұзын талшықтардың нөмірі, сортымен тарау ережелері, уыс, жәшік және әртүрлі нөмірлерге арналған кулиттардың, талшық сорттарын және рұқсат етілетін ақауларды қалыптастыру, қорап, кулитті байлау тәсілдері, салмақтың нормасын, түтілген және таралған талшықтардың нөмірін, сортын анықтайтын сапалы белгілері, таралған талшықтар мен тарамдардың сапасына қойылатын талаптар, конвейрлі сорттау транспортерін орнату және пайдалану ережелері.
Параграф 4. Шикізат пен талшықты сорттаушы, 5-разряд
101. Жұмыс сипаттамасы:
түтілген ұзын талшықтың уысын бекіткен уыс салмағы, нөмірін және сортты органды лептикалық анықтау тәсілін талшықтың бағасын өзіндік бағасысыз стандартты үлгілер, стандарт және эталонды, сапалы белгілерін сақтай отырып, сорттау. Тапсырушылардан қабылданатын шикізаттың сапалы белгілерін қарау. Шикізатты сақтау орындарына нөмірін, сортын, тұрып қалу деңгейін, сулылығын және себу түріне қарай бөлу. Шикізатқа қабылданған жапсырмаларды жазып беру және оларды тапсырушыларға беру. Нөмірдің органды лепикалық бағасының, талшықтың сортын берілген бағалау құралымен салыстырмалы тексеру. Сорттауға түскен өңделген талшықтың салмағы мен сапасын тексеру. Сортталған талшықтың есебін жүргізу, олардың нөмірі, сорты бойынша қатарға жинау және оны сақтау. Шикізатты және талшықты сақтау және сорттау орындарына көтеріп-тасымалдау механизмінің қалыпты жағдайда болуын бақылау. Біліктілігі төмен шикізатты және талшықтарды сорттаушылардың жұмысына басшылық жасау.
102. Білуі тиіс:
шикізатты нөмірі мен сорты бойынша құралды бағалау әдістемесі, шикізатты дұрыс жинау тәсілдері, қоймалардың көлемі мен формасы, шикізаттың сортын, нөмірін анықтайтын сапалы белгілер, талшықты өңдеу технологиялық процесі, шикізат пен талшықты сорттау, қабылдау, жинау және сақтау нұсқаулықтары және ережелері.
21. Қалдықтарды ағызушы
Параграф 1. Қалдықтарды ағызушы, 1-разряд
103. Жұмыс сипаттамасы:
түту-жуу машинасының қалдықтарын, қалдықтарды шығаратын көліктерде бірқалыпты шығуын қамтамасыз етіп ағызу. Ағызатын каналға берілетін судың мөлшерін, өңделіп жатқан шикізаттың түріне байланысты ретке келтіру. Шығаратын көлікке түтілген қалдықтарды бірқалыпты шығуын және көліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Түту-жуу машинасының және шығаратын көліктердің орамдары мен бітелулерін жоюға қатысу.
104. Білуі тиіс:
түту қалдықтарын тасымалдау тәртібі, тасымалдаушы механизмнің бекітілу және пайдалану ережелері, түту-жуу машинасы мен транспортердің айналып тұратын бөлшектеріндегі орамдар мен бітелулерді жою ережелері.
22. Тінді шикізатты кептіруші
Параграф 1. Тінді шикізатты кептіруші, 1-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы:
бекітілген қалыңдықпен біркелкі төсеу және аудару арқылы түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды далада кептіру. Түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды кепкеннен кейін бұрымға және шөмелеге өру.
106. Білуі тиіс:
түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды жинау, төсеу және оны аудару ережелері, материалдың органды лептикалы тәсілмен бағалау.
Параграф 2. Тінді шикізатты кептіруші, 2-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
табиғи ылғалды қабықты шикізатты кептіру алаңында және қабықты талшықты бекітілген ережелерді сақтай отырып аспаларды кептіру. Орам материалын шешу. Ылғалды бауларды конустарға желдеткіш іспеттес кептіру алаңдарына орналастыру, тай мен бауларды алдын-ала шешу. Бауларды кептіру алаңдарына орналастыру үшін тасымалдау, сулы талшықтарды ілгіштерге ілу, кептіру кезінде шикізат баулары мен талшықтар уысын уақыт өте ауыстырып тұру. Кептірілген шикізат пен талшықтарды жинау кезінде, толықтай кеппеген баулар мен шикізат уыстарын теріп алу, кесек бауларды түзеу, бауларды ылғалдығы бойынша сорттау және оларды байлау, тасымалдау және оларды қатарға жинау, талшықтар уысын орау және оларды қорапқа байлау. Кепкен шикізат пен талшықтарды қоймаға тапсыру. Ұйпаланған және буылған материалды жинау.
108. Білуі тиіс:
тінді шикізат пен талшықтарды алаңдарда табиғи кебу ережелерін, тінді шикізат, талшық, тұқым және түтудің қалдығының түрлерін және олардың кептіруден кейінгі ылғалдылығының нормасын.
23. Талшықтарды түсіруші
Параграф 1. Талшықтарды түсіруші, 3-разряд
109. Жұмыс сипаттамасы:
ұзын талшықты езу-түту агрегатының транспортерінен, түту-жуу және түту машиналарынан немесе сығу пресінен түсіру. Талшық қабатын мұқият тексерумен қоса толықтай өңделмеген тұлымдарды теру. Таза талшықтарды белгіленген салмақ бойынша уыстарға қалыптастыру және оларды жіберу. Өңделген талшықтың сапасын бақылау. Езу түту агрегатына қызмет көрсетіп жатқанда уыстарды түзеу, айналдыру, қораптар, кулиткалар жасау, талшықтарды ылғалдандыру, байлау, қораптарды, талшық кулиткаларын белгіленген орынға тасымалдау. Түту-жуу машинасына қызмет көрсетіп жатқан кезде қысу пресінің сіңдіру транспортерына уыстарды салу. Пневмокөлік болған жағдайда таза талшықтарды пневможабдыққа жіберу. Агрегат пен машинаның орамдары мен бітелулерін жоюға қатысу.
110. Білуі тиіс:
құрамы әртүрлі шикізатты өңдеу технологиялық режимі және түту режимі, талшықтың нөмірін, сортын анықтайтын негізгі белгілер, өндіріліп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың стандарттары, талшықтың қырқылу және ылғалдылығының ақырғы нормасы, езу-түту агрегатының және түту-жуу машинасының құрылымы және белгіленуі.
24. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші
Параграф 1. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші, 4-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:
өздігінен қызу және өздігінен жанудың алдын-алу мақсатымен мақта шикізаты бунтында тунель қазатын машинамен туннель төсеу. Машинаны бунт ішіне енгізу, жинау шнегімен мақта шикізатын іліп алу және оны алып кететін көліктермен тіркемеге немесе өңдеу орнына алып беру. Машинаның жұмысындағы ақауды жою. Туннель қазу жұмыстарының технологиясын сақтау.
112. Білуі тиіс:
туннель қазу жұмыстарын жүргізу технологиясын, туннель қазатын машинаны күту ережелері мен құрылымын, туннельдерді төсеудің ережесін.
25. Шикізат төсеуші
Параграф 1. Шикізат төсеуші, 2-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:
қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және өндірістік тамбурларға төсеу біліктілігі жоғары төсеушінің басшылығымен өтеді. Шикізатты сақтау орындарына жіберуге арналған көтеретін-көліктік механизмдерге қызмет көрсету.
Шикізатты жинауға дайындау:
өте ылғалды бауларды теру, шашылған бауларды байлау. Шикізатты төсейтін орынға қолмен немесе көлікпен жіберу немесе апару. Брезентпен шөмелені, кебенді және қатарды жабу және түзеу. Қажетті керек-жарақ пен брезентті тасымалдау.
114. Білуі тиіс:
шикізатты өндірістік тамбурға, шөмелеге, кебенге, қатарға төсеу технологиясын, шикізаттың түрлерін және оларды пайдалануды, шикізатты артатын көтергіш-көлік механизмінің белгіленуі, жұмыс мақсаты және қолдану ережесі.
Параграф 2. Шикізат төсеуші, 4-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:
қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және мақта шикізатын бунтқа төсеу қабықты және мақталы шикізатты сақтау және төсеу нұсқаулығына сәйкес төсеу. Мақта шикізатын түзетумен бунттың үстінде тегістеу. Төселіп жатқан орынға шикізатты жіберу үшін қозғалатын көтеретін көлік механизмді орнату. Ортасын есепке ала отырып шөмелеге, кебенге, науаға және білікке негіз салу. Сақтау орындарына сорып алатын труба мен өте дымқыл шикізатты төсеу кезінде шикізаттан сорып алатын канал жасау. Бүлінген мақта шикізаты және бөгде нәрселерді жою. Шөмеле, кебен, қатар және бунттарды брезентпен жабу және бекітуден кейін аяқтау және жіберу. Баулардың ылғалдығының органды лептикалы тәсілмен сапасын бақылау. Шаблонның көмегімен шөмеле, кендір және біліктің және көлбеудің, баулардың сыртқы қатардағы көлбеу бұрышынан тік жардың қалануын мұқият тексеру. Біліктілігі төмен төсеушілердің жұмысын басқару.
116. Білуі тиіс:
шикізатты дұрыс төсеудің тәсілі, мақта шикізатын тегістеу ережесі және шикізаттың нөмірінің, сорттының сыртқы белілерін, шикізатты сақтау және төсеу нұсқаулықтары, сақталу орындарына сору трубаларын рационалды орналастыру, көтеру-тасымал механизмдерінің құрылымын және оларды реттеу механизмдері.
26. Байламды ораушы
Параграф 1. Байламды ораушы, 1-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
мақталы дәндерді қапшыққа, қап толтырғыш құрылғыда тегістеп орау. Талшықтың байламын және арпабастарды, дәнмен қапшықты стандарт талаптарына сәйкес қолдан тігу. Шпагатты және басқада буып-түйетін материалдарды дайындау. Толтырылған қапты белгіленген орынға тасымалдау. Тұқым шашуды іріктеу.
118. Білуі тиіс:
қапшықты толтыратын құрылғының жұмыс мақсаты мен белгіленуі, байламды тігу бойынша стандарт талаптары, қапшықты толтыру нормасы.
27. Құрылғыларды тазартушы
Параграф 1. Құрылғыларды тазартушы, 2-разряд
119. Жұмысқа сипаттама:
желдеткіш, пневмокөлікті және шнекті жабдықтарды, циклондарды, қолдық фильтрларды, оттарды және шаң басқан камераларды, траншты және басқа да шаң басқыш жабдықтарды шаң мен қалдықтардан тазарту. Технологиялық құрылғы мен көлік құралдарының астынан өндіріс қалдықтарын жинау. Жинайтын бункерлерді түсіру, қалдықтарды қайта өңдеуге жіберу. Қалдықтарды талдау олардан жарамды талшықтарды таңдап алу. Белгіленген орынға қалдықтарды тасымалдау.
120. Білуі тиіс:
циклон, отты және шаңды камераларды және басқа да шаң басқыш құрылғылардың белгіленуін және жұмыс мақсатын, қызмет көрсетіп жатқан құрылғыларды пайдалану және тазарту режимі, қалдықтардың түрлері және оларды талдау.
Параграф 2. Құрылғыларды тазартушы, 3-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
желдеткіштің дәл сорғыш және шаң басқыш жүйесінің, пневмокөліктің, циклонның, фильтрдың, жасырын каналдардың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Пневмокөлік жүйесіндегі ауаның бүліну деңгейін және фильтрлайтын циклондардың шаң басу деңгейін анықтау. Пневмокөлік және басқа да шаң, қалдық, жарамды және жарамсыз талшықтарды жинауға арналған құрылғының жұмыс істеу жүйесін бақылау. Техникалық қызмет көрсету, жабдықтардың барлық түрін шаң мен қалдықтардан тазарту, ауа жібергіштің бітелулерін жою. Желдеткіштің өртке қарсы жүйесін қамтамасыз ету. Шаң басқан талшықтың шаңын тазалау және оларды белгіленген орынға тасымалдау. Біліктілігі төмен құрылғы тазартушылардың жұмысын басқару.
122. Білуі тиіс:
желдеткіш және салқындатқыштың құрылымын, бекітілуін және жұмыс мақсатын, негізгі жабдықтардың шаң басқан кезде өзара әрекет етуі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тазарту режимі, жабдықты толтыру, циклон мен фильтрді ауыстыру кезінде тазарту режимі мен реті, өңделіп жатқан өнім мен алынатын қалдықтың түрлері, жарамды талшықтарды өңдеу барысында нашар тазартудың тигізер әсері.
28. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы
Параграф 1. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру
жабдықтарын тазартушы, 2-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:
мақта талшықтарының қалпына келтіру қалдықтарын минералды және органикалық қоспалардан тазартқыш машиналарда тазарту. Талшықтың тазартқыш машинаға түсуін реттеу. Тазартқыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіп жатқан машиналардың жұмысындағы ақауларды жою. Тазартқыштардың, бөлінуші және жинаушы шнектерін, сепаратор және қоқыс сорғыш жабдықтардың бітелулерін жою. Тазартқыш және оған тоғысқан құрылғыларды мерзімді (кесте бойынша) тазарту. Тазартушылардың жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс:
124. тазарқыш машиналардың және оларға тоғысқан жабдықтардың құрылымын және оларды пайдалану ережелері, тазартудың технологиялық прогресі, тазартқыштарды тиеудің ережелері және оларға талшықтардың түсуін ретке келтіру.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (43-шығарылым) 1-қосымша |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с № | Кәсіптердің атауы | Разряд диапазоны | Беті |
1 | Тресті дайындаушы аппаратшы | 3-4 | 2 |
2 | Жұмсақ тараны дайындаушы | 1-2 | 4 |
3 | Шикізатты артушы | 2-4 | 4 |
4 | Буманы бақылаушы | 2 | 6 |
5 | Сығу-жуу жабдығының машинисі | 2-4 | 6 |
6 | Тазартушы жабдықтың машинисі | 2-4 | 7 |
7 | Технологиялы жабдықтың реттеуші | 4-6 | 9 |
8 | Джин жабдығының операторы | 4-5 | 10 |
9 | Линтерлі жабдықтың операторы | 4-5 | 11 |
10 | Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы тізімнің операторы | 3-6 | 12 |
11 | Кептіргіш жабдықтың операторы | 3-5 | 15 |
12 | Шикізат пен талшықты пресстеуші | 2-6 | 16 |
13 | Тресті дайындаушы | 3-4 | 18 |
14 | Мақта дәнін улаушы | 2-4 | 19 |
15 | Шикізатты жаюшы | 2-3 | 20 |
16 | Су жіберуді реттеуші | 3 | 21 |
17 | Талшық қорабын байлаушы | 2 | 22 |
18 | Қалдық талшықты смолаушы | 4 | 22 |
19 | Шикізат пен талшықты сорттаушы | 2-5 | 22 |
20 | Қалдықтарды ағызушы | 1 | 25 |
21 | Тінді шикізатты кептіруші | 1-2 | 25 |
22 | Талшықтарды түсіруші | 3 | 26 |
23 | Мақта шикізаты бунтындағы тунель төсеуші | 4 | 26 |
24 | Шикізат төсеуші | 2, 4 | 27 |
25 | Кипті ораушы | 1 | 28 |
26 | Құрылғыларды тазалаушы | 2-3 | 28 |
27 | Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы | 2 | 29 |