«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке
қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын
шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою»
мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы»
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы № 165 Бұйрығына
баспасөз-релизі
Регламент «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттiк қызметi жөнінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi көрсететін қызметін ұйымдастыру үшін бекітілген.
Регламент мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын, орталық мемлекеттік және басқа да жеке және заңды тұлғалардың іс-қимыл (өзара әрекеттесу) сипаттамасын белгілейді.
Сонымен қатар, Регламент Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігінің үздіксіз іс-әрекетіне, оның әлемдік байланыс және ақпараттық жүйесіне енуіне, ақпаратты, сонымен қатар, мемлекеттік ақпараттық ресуртарды қорғаудың ұлттық жүйесін нығайту мүмкіндігін туғызады.
Бекітілген регламентті Сіз Министрліктің интернет-ресурсында табасыз: www.mki.gov.kz («Министрліктің қызмет саласы» айдарының «Ақпарат»-«Нормативтік құқықтық актілер» айдарында).