Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8067 тіркелді Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 539 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 490 бірлескен бұйрығымен

«Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың
айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609
және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 Бірлескен бұйрығына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму сауда министрлігінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.
      Бұйрық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 19-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес қабылданды.
      Бұйрық Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.
      Аталған нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 8 қарашада № 8067 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз