Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (57-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 414-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8106 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 125 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2020 № 125 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С.Ә. Ахметовке жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Әбденов


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 414-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) "Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары" бөлімінен тұрады.

      2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

      3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады. "Білуге тиіс" бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

      4. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

      5. Сонымен қатар, "Жұмыс сипаттамасы" деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

      6. "Білуге тиіс" деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.

      7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

      9. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге сәйкес әзірленді.

      10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

      11. "Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары

      1. Зерәйнекші

      Параграф 1. Зерәйнекші, 2-разряд

      12. Жұмыс сипаттамасы:

      қосымша жұмыстарды орындау;

      зерәйнек қабатының қатты өзегін жасау үшін болат сымды тазалау, түзету және жаншу;

      мастика дайындау;

      қорғасыннан жасалған әшекей каркастағы саңылауларға мастика тығындау;

      дайын зерәйнекті тазалау және жуу.

      13. Білуге тиіс:

      металды қажетті қалыңдыққа дейін жаншу тәсілдері;

      мастиканың құрамы мен оны дайындау техникасы;

      каркастағы саңылауға мастика жағу тәсілдері.

      Параграф 2. Зерәйнекші, 3-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары зерәйнекшінің басшылығымен суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен зерәйнек жасау;

      ірі плита немесе құйма шыны қалыпта қажетті мөлшерге дейін арнайы құралмен жару;

      әшекей каркасқа арнап қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан профиль жасау. зерәйнекті жиектеу үшін мырыш қаңылтырдан профиль жасау;

      дәнекер, синтетикалық құрам мен шайыр дайындау.

      15. Білуге тиіс:

      зерәйнекті жасау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, олармен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік әдістері;

      суретті авторлық калька-шаблоннан жұмыс калькасы мен шыныны кесуге арналған шаблон жасалатын материалға салу тәсілдері;

      қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан жасалған профильді тарту тәсілдері;

      жиектемені жасауға арналған қаңылтырдың қасиеттері;

      синтетикалық құрам мен шайырдың құрамы мен оларды дайындау техникасы;

      дәнекер түрлері;

      қолданылатын материалдардың түрлері мен мақсаты;

      қолданылатын жабдықтың түрлері.

      Параграф 3. Зерәйнекші, 4-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен қарапайым зерәйнек жасау;

      қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу;

      суретсіз бетте құм бүріккіш аппаратпен абразив немесе шойын шеңбермен күңгірт тегістік жасау және қышқылмен өңдеу;

      әйнектің бетін "мороз" әдісімен өңдеу;

      қаттылық өзегін сурет бойынша ию және оны зерәйнектің теріс жағына дәнекерлеу;

      тік сызықты пішінді әйнекті құю үшін қалып жасау.

      17. Білуге тиіс:

      зерәйнектің негізгі түрлері және оларды жасау технологиясының мәні;

      зерәйнек пен басқа да қолданылатын материалдардың түрлері, сорты, физикалық және механикалық қасиеттері;

      қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу тәсілдері;

      плиткалар мен құйманы шыны қалыпта өңдеу түрлері мен техникасы;

      әйнектің бетін күңгірттендіру тәсілдері;

      әйнектің бетін "мороз" әдісімен өңдеу мәні;

      дәнекерлеу кезінде қолданылатын металды балқыту температурасы;

      шыны құю үшін қолданылатын материалдың түрлері мен қалып жасау технологиясының мәні;

      қолданылатын құралдардың түрлері мен мақсаты; қолданылатын жабдықтың түрлері.

      18. Жұмыс үлгілері

      жасау:

      1) әшекей каркаста тік сызықты пішінде сурет элементтері бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген қабат әйнектен жасалған зерәйнек.

      2) бетоннан жасалған әшекей каркаста қарапайым геометриялық фигуралы қалыпқа құйылған әйнектен жасалған зерәйнек.

      3) дәнекерленген металдан жасалған әшекей каркаста тік сызықты қалыпты әйнектен жасалған зерәйнек.

      Параграф 4. Зерәйнекші, 5-разряд

      19. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әйнектің әр түрлі түрлерінен күрделілігі орташа зерәйнектерді жасау;

      қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу;

      суретші автор жасаған эскиз не картон бойынша және оның басшылығымен әйнекке оның бетін құм бүріккіш аппаратпен күңгірттендіре отырып, абразив, шойын, металл шеңбермен немесе бормашинамен оюлай отырып немесе қышқылмен өңдей отырып, ою немесе қарапайым өсімдік формаларын салу;

      біртекті қисық сызықты пішінді құю үшін қалып жасау немесе қарапайым рельеф;

      әшекей каркасты өңдеу: металға бедер салу, патинирлеу және өңдеу; ағашты қатыру, ою; бетонды фактуралау, жұқалау, қорғасын тартпалы қалайымен қаптау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары зерәйнекшінің басшылығымен архитектурада зерәйнекті салу және монтаждау.

      20. Білуге тиіс:

      зерәйнектің түрлері және оларды жасау технологиясының мәні;

      қаңылтыр және құйма плиткалы әйнекті біркелкі қисық сызықты контур бойынша кесу ережесі;

      сурет пен бейнелеу теориясының негіздері;

      әйнекке сурет салу технологиясының мәні;

      суреті бар әйнекті күйдіру кезіндегі температуралық режим өлшемдері;

      әйнекке сурет салуға арналған бояудың және әйнектің бетін күңгірттеу кезінде оған жағуға арналған арнайы массаны түрлері, құрамы мен оны дайындау техникасы;

      әшекей каркасты әр түрлі өңдеудің түрлерін орындау технологиясының мәні;

      жабдықтың құрылысы және оны баптау ережесі.

      21. Жұмыс үлгілері

      жасау:

      1) әшекей каркаста қисық сызықты пішінде сурет элементтері бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген қабат әйнектен жасалған зерәйнек.

      2) әйнектің бетін күңгірттеу арқылы геометриялық және қарапайым өсімдік қалыпты оюы бар зерәйнек.

      Параграф 5. Зерәйнекші, 6-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әйнектің әр түрлі түрлерінен күрделі зерәйнектерді жасау;

      қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта күрделі қисық сызықты контур немесе күрделі рельеф бойынша өңдеу;

      суретші автор жасаған эскиз не картон бойынша және оның басшылығымен әйнектің қабырғасына оның бетін құм бүріккіш аппаратпен күңгірттеу, ою немесе қышқылмен өңдеу әдісімен күрделі өсімдік формалы сурет салу;

      күрделі қисық сызықты конфигурациялы немесе күрделі рельефті әйнекті құю үшін қалып жасау;

      суретші автормен бірлесе отырып, шынының политрасын таңдауға қатысу;

      біліктілігі анағұрлым төмен зерәйнекшілердің жұмысына басшылық жасау.

      23. Білуге тиіс:

      сурет және бейнелеу өнері теориясы;

      қабат, плитка және құйма формалы әйнек пен декоративті каркастың түрлері, оларды декоративтік өңдеу тәсілдері мен мәні.

      24. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      25. Жұмыс үлгілері:

      Жасау:

      1) сурет элементтері конфигурациялы бар, жиі қайталанатын сынық бұрыштары бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген декоративті каркаста қабат әйнектен жасалған зерәйнек.

      2) бетоннан жасалған әшекей каркаста сынық бұрыштары бар конфигурациялы және бекітілген қалыпқа құйылған әйнектен жасалған зерәйнек.

      2. Сөре декораторы

      Параграф 1. Сөре декораторы, 3-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары декоратордың басшылығымен сөрелерді безендіру;

      тауарларды сөрелерді безендіруге дайындау;

      баға көрсеткіштерін жасау. ай сайынғы абонементтік қызмет көрсету жағдайында сөрені күту.

      27. Білуге тиіс:

      сөрелерді безендіру бойынша барлық қосалқы жұмыстарды орындау тәсілдері;

      сөрелерді күту ережесі.

      Параграф 2. Сөре декораторы, 4-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      дүкендердегі, республикалық маңызды көрмелердегі, жәрмеңкелердегі қарапайым және күрделілігі орташа композициялық және түрлі-түсті біртекті сөрелерді суретшінің эскизі бойынша безендіру.

      29. Білуге тиіс:

      тауарларды эскиздер бойынша салудың негізгі тәсілдері;

      ішкі сөрелер мен көрме стенділерін безендіруге арналған тұғырлар мен қосымша материалдардың түрлері.

      Параграф 3. Сөре декораторы, 5-разряд

      30. Жұмыс сипаттамасы:

      дүкендердегі, базарлардағы күрделі композициялық және түрлі-түсті әр түрлі сөрелерді суретшінің эскизі бойынша немесе оның басшылығымен безендіру.

      31. Білуге тиіс:

      сөрелер мен көрме стенділерін безендіру композицияларының негіздері;

      сөрелерді безендіру кезінде жарнамалық және ақпараттық плакаттарды пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Сөре декораторы, 6-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      фирмалық, арнайы және әмбебап дүкендердегі өте күрделі композициялық және түрлі-түсті әр түрлі сөрелерді суретшінің эскизі бойынша безендіру;

      сөрелерді өздігінен безендіру үшін жалпы композициялық шешімнің фор-эскиздерін жасау;

      біліктілігі анағұрлым төмен сөре декораторларының жұмысына басшылық жасау.

      33. Білуге тиіс:

      өте күрделі әр түрлі сөрелерді безендіру ережесі;

      тауарларды көрсету және оларды бір экспозицияда техникалық безендіру формасы мен әдістері;

      техникалық сурет салудың және шрифтілік жұмыстарды орындаудың қарапайым тәсілдері.

      34. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      3. Бүрмелеу

      Параграф 1. Бүрмелеу, 1-разряд

      35. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары бүрмелеушінің басшылығымен бетін қаптауға дайындық жұмыстарын орындау;

      тік сызықты қалқандарды қаптау;

      бүрмеге сақина, түйме, бау тігу;

      қалқандарды қаптау үшін кенеп қапты тігу.

      36. Білуге тиіс:

      бетін қаптауға дайындық жұмыстарын орындау тәсілдері.

      Параграф 2. Бүрмелеу, 2-разряд

      37. Жұмыс сипаттамасы:

      бетін қаптау үшін дайындық жұмыстарын және қарапайым қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау;

      материалды пішу;

      тік сызықты бетті тарту;

      қарапайым қаптама мен пердені жөндеу.

      38. Білуге тиіс:

      қарапайым қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;

      қаптау материалдарының түрлері мен мақсаты;

      қаптауға арналған матаны тігудің техникалық шарттары.

      39. Жұмыс үлгілері

      1) шашақ, фестон – тігу;

      2) ілмек – орау;

      3) тік сызықты рама астары мен қабырғасы – суретсіз материалмен тарту;

      4) тегіс портьер – үтіктеу.

      Параграф 2. Бүрмелеу, 3-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;

      материалды тігу, күрделілігі орташа қаптама мен бүрмені тігу.

      41. Білуге тиіс:

      күрделілігі орташа қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;

      матаны пішу технологиясының мәні;

      бүрмелеу матасының қасиеттері мен түрлері;

      тігін машиналарының түрлері және оларды пайдалану ережесі.

      42. Жұмыс үлгілері:

      1) арка, бүрме – тегіс бүрме;

      2) қос етек, бүрме, желбірек – бүру және тігу;

      3) астарсыз тегіс портьерлер – пішу және тігу;

      4) қабырға, тегіс қалқандар – сурет етіп қаптау.

      Параграф 3. Бүрмелеу, 4-разряд

      43. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;

      күрделі қаптамалар мен бүрмелерді жөндеу.

      44. Білуге тиіс:

      күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау ережесі;

      күрделі бүрмелерді пішу және тігу технологиясының мәні;

      бұйымдарды жиектеу түрлері.

      45. Жұмыс үлгілері

      1) жиһаз – матамен қабаттап қаптау;

      2) астарлы қалың портьерлер, тегіс көтерілетін перде – пішу және тігу;

      3) тегіс қабырға, сфералық стенділер мен қалқандар – қатпарлап бүру;

      4) жиһаздың тысы – пішу және тігу.

      Параграф 4. Бүрмелеу, 5-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі, стильді қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;

      материалдарды күрделі пішу, күрделі қаптамалар мен бүрмелерді жөндеу;

      бетін "сияние" және "фантазия" маталарымен қаптау;

      біліктілігі анағұрлым төмен бүрмелеушінің жұмысына басшылық жасау

      47. Білуге тиіс:

      аса күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;

      стильді және ескі жиһазды қаптаудың техникалық тәсілдері;

      барлық стильдегі бүрмелерді жасау тәсілдері.

      48. Жұмыс үлгілері

      1) астарлы және жапсырмалы сахна шымылдығы, француз пердесі – жасау және монтаждау;

      2) арқалығы бар кесон төбе – қатпарлап және сурет салып қаптау;

      3) сфералық төбе, стенділер, қалқандар – "луч" етіп бүру.

      4. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы

      Параграф 1. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 1-разряд

      49. Жұмыс сипаттамасы:

      дайындық жұмыстарын орындау;

      қарапайым колер жасау;

      қарапайым қаріппен жазылған әріптер мен номерлерді белгіленген орынға ауыстыру.

      50. Білуге тиіс:

      күрделі емес қаріптер мен нөмірлерді трафарет бойынша жазуымен бір колерге жағу әдіс-тәсілдері;

      колер жасау және қарапайым өңдеу үшін бетін дайындау ережесі.

      Параграф 2. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 2-разряд

      51. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары орындаушының басшылығымен қарапайым композициялы шрифтілік жұмыстарды дайын трафареттер мен шаблондар бойынша құрғақ кисьтпен, нормограф бойынша түтікпен, колер жағылмаған қағазға гуашьпен және тушьпен жағу арқылы орындау;

      кистьтің көмегімен түрлі-түсті гуашьті нөмірі бойынша жиектелген әріптік және цифрлық белгілерге толтыру;

      жазуларды, нөмірлер мен виньеткаларды салу трафареті бойынша бірдей тонда қолмен жаза отырып, түсіру.

      52. Білуге тиіс:

      қаріптерді салу ритмі; қолданылатын бояулардың құрамы мен қасиеттері;

      кистьпен жиектелген белгілерді толтыру тәсілдері;

      айлабұйымдарды, құралдарды пайдалану ережесі.

      53. Жұмыс үлгілері

      1) бір-екі жолдық кесте - нормограф пен трафарет бойынша орындау;

      2) жарнамалары мен плакаттар бар қалқан – қолмен және трафаретпен жазу.

      Параграф 3. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 3-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым композициялы шрифтілік жұмыстарды дайын трафареттер мен шаблондар бойынша құрғақ кисьтпен, нормограф бойынша түтікпен, колер жағылмаған қағазға гуашьпен және тушьпен жағу арқылы орындау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары суретшінің басшылығымен қарапайым композициялы суреттерді дайын трафаретке май және гуашь бояулармен салу;

      бетті жазба жазу үшін дайындау.

      55. Білуге тиіс:

      шаблон, таспалы-мөлдір трафарет, нормографтарды пайдалана отырып, шрифтілік жұмыстарды орындау тәсілдері;

      брус шрифтілердің түрлері;

      қарапайым колерлерді жасау ережесі;

      қарапайым суретті салу ережесі, боялатын бетке қойылатын талаптар;

      жазу кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері.

      56. Жұмыс үлгілері

      1) герб – суретін салу;

      2) ұран, үгіт, көрсеткіштер – білем шрифтісімен жазу;

      3) жарнамалық щиттер – бетін дайындау;

      4) жарнамалық щиттер – суретті бір-үш түспен салу.

      Параграф 4. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 4-разряд

      57. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа композициялы шрифтілік жұмыстарды суретшінің эскизі бойынша әр түрлі шрифтілі дайын трафареттер мен нормограф арқылы тушьпен, гуашьпен, темпералық, май, эмульсия бояулармен және эмальмен әр түрлі материалдардан жасалған күңгірттенген жазықтықта жағып орындау;

      қарапайым шаблондарды жасау және қағаздан ерекше шрифтілердің трафаретін қию;

      күрделілігі орташа композициялы суреттерді суретшінің эскизі бойынша әшекейлеу;

      көркем жазулардың барлық түрлерін орындау;

      бетін күрделі бояу;

      трафарет дайындау үшін қарапайым суретті эскизден қағазға, калькаға, картонға түсіру.

      58. Білуге тиіс:

      шрифтілердің негізгі түрлері:

      академиялық, жарма және оларды жазудың, жинақтаудың, өңдеудің, тегістеу, түзету; мәтінді жол мен биіктігі бойынша есептеу ережесі;

      шрифтілерді, виньеткаларды кистьпен толтыру тәсілдері;

      фонды күңгірттеу ережесі және әр түрлі колерді жасау ережесі;

      бейнелеу өнері мен сурет негіздері;

      желілік перспектива, сызу, пластикалық анатомия, түс жасау элементтері;

      қолданылатын бейнелеу-бояу құралының түрлері;

      лак пен бояудың сорттары мен маркасы;

      бітеу-бояу құрамы; пигменттерді араластыру тәсілдері;

      қарапайым трафареттерді, шаблондарды жасау тәсілдері.

      59. Жұмыс үлгілері:

      1) плакаттар, кестелер – академиялық және жарма қаріппен жазу;

      2) шрифтілік күрделі емес плакаттар – фонды күңгірттей отырып жазу;

      3) брандмауэрлік щиттер, декоративті безендіру элементтері - әшекейлеу.

      Параграф 5. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 5-разряд

      60. Жұмыс сипаттамасы:

      суретшінің басшылығымен күрделі композициялы безендіру, жарнамалық және шрифтілік көркемдік жұмыстарды эскиздер, шаблондар мен белгілер, эталондар бойынша орындау;

      трафареттерді дайын шаблондар бойынша кесу;

      көлемді әшекейлеуді орындау;

      трафарет, шаблон дайындау үшін күрделі суретті эскизден қағазға, калькаға, картонға түсіру;

      безендіру жұмыстарының графикалық элементтерін орындау.

      61. Білуге тиіс:

      кез келген жазықтықта пайдаланылатын кез келген материалдан жасалған шрифтілердің түрлері, оларды жазу тәсілдері;

      мәтіннің жолдары мен биіктігі бойынша мәтінді есептеу ережесі;

      бір көлемнен екінші көлемге ауыстыру тәсілдері;

      пантографты пайдалану тәсілдері;

      фотография дайындау және безендіру жұмыстарының графикалық элементтерін орындау тәсілдері;

      рамалардың, диаграммалардың, плашкалар мен оюлардың түрлері.

      62. Жұмыс үлгілері

      1) графикалық диаграммалар, әкімшілік-құрылымдық және оқу-көрнекілік схемалар – орындау;

      2) бейнелеу элементтері бар плакаттар – жазу;

      3) көлемді шаблондар – жасау.

      Параграф 6. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 6-разряд

      63. Жұмыс сипаттамасы:

      суретшінің басшылығымен аса күрделі композициялы безендіру, жарнамалық және шрифтілік көркемдік жұмыстарды эскиздер, шаблондар мен белгілер, эталондар бойынша орындау;

      әр түрлі материалға шрифтілік жұмыстарды кез келген бояғыштармен, светотермофоль, сусаль алтынмен, потальмен, жарық шығаратын бояулармен фактураланған және боялған қаламұш арқылы қолмен немесе айлабұйымдарды пайдалана отырып бірнеше түске күңгірттенген бетте орындау;

      шрифт таңдау, оларды жинақтау, кез келген конфигурациялы жазықтықта жазу;

      фотокөбейту үшін шрифтілердің жаңа гарнитурасын орындау;

      күрделі шрифтілік шаблондарды суретшінің келісімімен жасау;

      әр түрлі тілде жазылған көркем жазудың барлық түрлеріне көлемді әшекей жасау;

      мәтінді жинақтау;

      күрделі суреттерді белгіленген көлемді сақтай отырып, эскизден қағазға, калькаға, картонға және шаблон жасауға арналған басқа да материалдарға ауыстыру.

      64. Білуге тиіс:

      шрифтілерді, инициалдарды, бет басын, кез келген сызықты, ерекше, стильді, бірегей, сондай-ақ барлық еуропалық, шығыс және латын тағы басқа жаңа шрифтілік гарнитурларды құрастыру, жинақтау және жазу тәсілдері;

      күрделі шаблондарды жасау тәсілдері;

      эмульсия, ұнтақтың, сусаль алтынның, потальдің, жарық шығаратын және басқа бояулардың қасиеттері;

      үлгілер бойынша әр түрлі бояулардан күрделі колер жасау ережесі;

      күрделі суреттерді қағазға, калькаға, картонға және басқа да материалдарға ауыстыру тәсілдері;

      фотосуреттерді кадрлеу ережесі;

      фотомонтаж жасау тәсілдері;

      күрделі емес бейнелеу элементтерін орындау ережесі.

      65. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      66. Жұмыс үлгілері:

      1) кез келген тілдегі жазулар қолданылған плакаттар – орындау;

      2) шрифтілер, стильді басқы беттер, кез келген материалға түсірілген инициалдар – орындау;

      3) жарнамалық көп түсті щиттер - портреттік ұқсастығы бар көлемді, қолмен, қылаумен, суретшінің эскизі бойынша жазылған жазу;

      4) алаңдарды, көшелерді, жәрмеңке, көрме интерьерін декоративті безендіру элементтері – көркем жазу;

      5) көркем-декоративті безендіру элементтері: картуш, эмблемалар, белгілер, иллюстрациялық элементтері жоқ маскалар – орындау.

      Параграф 7. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 7-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы:

      сауда, тамақтану, тұрмыс және демалыс орындарының экстерьері мен интерьерін заманауи жарнама мен дизайн талаптарына сәйкес безендіру эскиздерін жасау;

      жарнамалық щит, плакат және баспа өнімдерін, әр түрлі кәсіпорындардың, жәрмеңкелер мен көрмелердің сөрелерін безендіру эскиздерін және олардың элементтерін жасау;

      біліктілігі анағұрлым төмен көркемдік-безендіру жұмыстарын орындаушылардың жұмыстарына авторлық қадағалау және басшылық жасау.

      68. Білуге тиіс:

      декоративтік өнер ережесі.

      69. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      5. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі

      Параграф 1. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 1-разряд

      70. Жұмыс сипаттамасы:

      фанера, ағаш, оргшыны, целлулоид, пенопласт және басқа материалдардан жасалған қарапайым геометриялық қалыптарды декоративті-көркем безендірудің дайын шаблондары бойынша аралау және қолмен кесу;

      жиектерін тазалау.

      71. Білуге тиіс:

      жиектерін тазалай отырып, фанера, ағаш, оргшыны, целлулоид, пенопласт және басқа материалдардан дайын шаблондары бойынша аралау және кесу әдіс-тәсілдері;

      жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын құралдардың түрлері;

      материалдардың сорттары мен қасиеттері.

      72. Жұмыс үлгілері:

      1) сөрелерге арналған шеңберлер, тұғырлар мен торлар – кесу;

      2) тауарлардың баға көрсеткіштері – аралау.

      Параграф 2. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 2-разряд

      73. Жұмыс сипаттамасы:

      ағаштан, пластмассадан, металдан және басқа да материалдардан айлабұйымдардың көмегімен және станокта қарапайым бөлшектерді жасау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары макетшінің басшылығымен эскиздер мен сызбалар бойынша нормаланған бөлшектерден жасалған тіктөртбұрыштардың немесе цилиндр қалыптардың қарапайым жабдық үлгілерін, құрылыстық құрылымдарын құрастыру;

      қажетті бөлшектер мен қосымша материалдарды таңдау;

      макеттерді орауға қатысу;

      макет бөлшектерін қолмен бояу.

      74. Білуге тиіс:

      жобаның бөліктері бойынша жекелеген жобалық элементтердің сызбалары мен эскиздерін оқу үшін қажетті көлемде жобалық сызу негіздері;

      қолданылатын жабдықтың мақсаты және жұмыс қағидаты;

      нормаланған бөлшектер мен үлгі элементтердің номенклатурасы, оларды біріктіру тәсілдері;

      қарапайым бөлшектерді жасау технологиясының мәні;

      ағаш, оргшыны мен пластмассаға арналған желім құрамының қасиеттері мен мақсаты және оны пайдалану ережесі;

      макеттерді орау ережесі.

      75. Жұмыс үлгілері:

      1) белгіленген көлемдегі металлопрофилльдер – жасау;

      2) сауыттардың, резервуарлардың, құбырлы жылу алмастырғыштардың үлгілері – нормаланған бөлшектерден құрастыру;

      3) кран астына салатын бағаналардың, ригельдердің, арқалықтардың, жылжу алаңдарының, саты және қоршау марштарының үлгілері – жасау;

      4) бөлу құрылғысының, бактардың, ауа үрлегіштер мен тік газ өткізгіштердің, аралық бөгеттер мен ғимараттардың үлгілері – жасау;

      5) өңделетін алаңның 50% дейін сурет салынған оюлар – аралау және ию;

      6) көлемді шрифтілер – аралау.

      Параграф 3. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 3-разряд

      76. Жұмыс сипаттамасы:

      ағаштан, пластмассадан, металдан және басқа да материалдардан күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды айлабұйымдардың көмегімен және станокта жасау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары макетшінің басшылығымен эскиздер мен сызбалар бойынша нормаланған бөлшектерден күрделігі орташа үлгілерді белгілі көлемге ауыстыра отырып құрастыру;

      қарапайым және күрделігі орташа бөлшектер мен тораптардың жұмыс эскиздерін жасау;

      үлгілерді макетте өңдеу және таңбалау.

      77. Білуге тиіс:

      күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды жасау технологиясының мәні;

      жобаның жекелеген бөлшектері бойынша жұмыс сызбаларын жасау және сызу ережесі;

      бөлшектерді макетке таңбалау ережесі;

      қолданылатын жабдықтар мен айлабұйымдардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі.

      78. Жұмыс үлгілері:

      1) көрпе экспозициясына арналған аппликативті бейнелер – аралап жасау;

      2) бу сорғысы бар ыдыстардың, бункерлі мөлшерлеуіштердің, циклондардың, тұндырғыштардың үлгілері – жасау;

      3) тік жерлері көп, диаметрі ауыспалы коммуникация желілерінің және коммуникацияның әр түрлі бөлшектерінің үлгілері: арматура, фланецтер, оқшаулау элементтері – жасау, құрастыру және өңдеу;

      4) лабораториялық жабдықтардың, қоныш сүзгілерінің, құбырлар мен газ өткізгіштердің, қисық ауа үрлегіштердің үлгілері – жасау;

      5) өңделетін алаңның 50% дейін сурет салынған оюлар – аралау және ию.

      Параграф 4. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 4-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:

      ағаштан, пластмассадан, металдан және басқа да материалдардан күрделі бөлшектер мен тораптарды айлабұйымдардың көмегімен және станокта жасау;

      күрделілігі орташа ғимараттар мен имараттардың макетін жасау;

      қарапайым және күрделілігі орташа үлгілерді құрастыру;

      жобаның барлық бөліктері бойынша макет блоктарын жобалық құжаттамаға сәйкес құрастыру және таңбалау;

      белгіленген көлемде күрделі тораптарды жасау үшін ғимараттардың эскизін жасау.

      80. Білуге тиіс:

      қарапайым макеттердің күрделі тораптарын жасау технологиясының мәні;

      макеттің барлық бөліктері бойынша жасалған жұмыс сызбаларын жасау және оны оқу ережесі;

      жобалау ұйымында қабылданған жобалау жүйесі;

      макеттерді тасымалдау және пайдалану ережесі.

      81. Жұмыс үлгілері:

      1) көп қабатты цехтардың ғимараттарының макеті – жасау.

      2) электр пештердің, трансформаторлардың, кранның, кондиционерлердің, сүзгі-престердің үлгісі – жасау.

      Параграф 5. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 5-разряд

      82. Жұмыс сипаттамасы:

      ағаштан, пластмассадан, металдан және басқа да материалдардан күрделі бөлшектер мен тораптарды жасау;

      макет жасау бойынша жұмыстар кешенін орындау;

      макеттерді құрылыс алаңдарында жөндеу;

      макеттердің нормаланған элементтеріне арналған технологиялық жабдықтарды жасау;

      күрделі үлгілерді құрастыру.

      83. Білуге тиіс:

      күрделі макеттерді жасау және құрастыру технологиясының мәні;

      макеттің барлық бөліктері бойынша жасалған жұмыс сызбаларын жасау және оны оқу ережесі;

      макеттердің нормаланған элементтеріне арналған технологиялық жабдықтарды жасау тәсілдері.

      84. Жұмыс үлгілері:

      1) иіртүтік тоңазытқыштардың, электр пештерінің, экономайзерлердің, бу қазандықтарының үлгілері – жасау;

      2) зауыт көлігінің жылжымалы құрамының үлгісі – жасау;

      3) шаблон, оправалар, айлабұйымдар – жасау.

      Параграф 6. Макеттік-үлгі жобалау макетшісі, 6-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:

      нормаланған және нормаланбаған элементтерден жасалған аса күрделі макеттерді және әр түрлі материалдардан жасалған аса күрделі, бірегей макеттерді жасау;

      блок ажырамасының, айлабұйымдар мен макеттердің нормаланбаған тораптарының схемасын дайындау және жасау;

      макеттердің күрделі тораптарын жасауға тапсырма дайындау және беру;

      дайын макеттердің белгіленген тапсырмаға сәйкестігін тексеру;

      жұмыс журналын жүргізу, макеттерді тапсырыс берушіге тапсыру;

      макеттерді қабылдап-тапсыру макеттерін ресімдеу;

      біліктілігі анағұрлым төмен макет-үлгі жобалау макетшілерінің жұмысына басшылық жасау.

      86. Білуге тиіс:

      аса күрделі, бірегей макеттерді жасау технологиясының мәні;

      құрылымдау негіздері;

      күрделі құрылымдық және көлемдік сызбаларды жасау және оқу ережесі;

      макеттердің нормаланбаған тораптарының схемасын жасауға арналған технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жасау тәсілдері;

      тапсырманы беруге құжаттама ресімдеу және қабылдап-тапсыру актісін жасау ережесі.

      87. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      6. Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі

      Параграф 1. Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі, 3-разряд

      88. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілімге қажетті қарапайым макеттерді сызбалар мен эскиздер бойынша жасау;

      қарапайым және күрделілігі орташа макеттердің сұлбалық бөлшектері мен нобайын жасау;

      материалдарды таңдау және жасау.

      89. Білуге тиіс:

      ұсталық және бояу жұмыстарын орындау ережесінің негіздері;

      аралау және қалыптау жұмыстарын орындау ережесі;

      бояудың фотогенділігінің ауқымы;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері;

      сызбаларды оқу ережесі.

      90. Жұмыс үлгілері

      1) макет бөлшектері: дуал, қоршау, терезе, есік, пеш, мұржа, құдық, жел диірмен – жасау;

      2) жердің шөл және жазық ландшафтілерінің рельефі – жасау;

      3) қарапайым сәулетті ғимараттың макеті: үй, қора, гараж – жасау.

      Параграф 2. Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі, 4-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:

      жалпы түсірілім жасау үшін күрделілігі орташа макеттерді, сондай-ақ ағаштан, картоннан, қаңылтырдан, целлулоидтен, пластиктен, папье-машеден және басқа да материалдардан токарлық жұмыстарды орындай отырып, сызбалар мен эскиздер бойынша жасау;

      күрделі макеттердің бөлшектерін жасау;

      өңдеу жұмыстарын орындау.

      92. Білуге тиіс:

      әр түрлі материалдарды ағаш өңдеу станоктары мен токарлық станоктарда өңдеу технологиясының мәні;

      макеттерді әр түрлі фактуралардың:

      металл, мәрмәр, малахит, кірпіш және тас қалау, ескі ағаш бейнесіне салу тәсілдері;

      өңдеу құрамын дайындау тәсілдері;

      кесу құралын қайрау ережесі мен тәсілдері;

      сызбаларды оқу ережесі.

      93. Жұмыс үлгілері:

      1) ескі үйлердің қасбетінің бөлшектері – жасау;

      2) темір жол көпірлерінің, мансардалы үйлердің, фигуралы қоршаудың, қиылысқан жерлердің ландшафтысының, тау пейзажының үлгілері – жасау;

      3) жүк автомашиналарының, бронемашиналардың, тракторлардың үлгілері – жасау.

      Параграф 3. Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі, 5-разряд

      94. Жұмыс сипаттамасы:

      алдыңғы пландағы түсірілім жасау үшін күрделі макеттерді, әр түрлі материалдардан жасалған макеттерді сызбалар мен эскиздер бойынша жасау;

      супердекорациялардың арматурасын жасау;

      аса күрделі макеттердің шаблондарын жасау.

      95. Білуге тиіс:

      шаблондарды есептеу және құрылымдау әдістері;

      ағаш, металл, плексиглаз, оргшыныны механикалық өңдеудің түрлері;

      фанерленген бетті жылтырату технологиясының мәні;

      соғу жұмыстары технологиясының мәні;

      құрамды дайындау тәсілдері және қасиеттері.

      96. Жұмыс үлгілері:

      1) супердекорациялардың арматурасы: ұшақтардың, локомотивтің, сүңгуір қайықтардың, кемелердің өлшеу және бақылау аспаптары – жасау;

      2) "Модерн" стиліндегі үйлердің, қытай қорғанының, салтанатты аркалардың, көне сарайлардың, қорғандардың үлгілері – жасау;

      3) жеңіл автокөліктердің, жолаушылар вагонының, трамвай, троллейбус, автобус, желкенді қайықтардың үлгілері – жасау.

      Параграф 4. Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі, 6-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:

      бірінші пландағы түсірілім жасау үшін аса күрделі макеттерді, әр түрлі материалдардан жасалған ерекше күрделі қолданылатын макеттерді сызбалар мен суретшінің нұсқаулары бойынша толық бөлшектей отырып және әр түрлі фактураға келтіріп өңдеу арқылы жасау;

      қызыл ағаш жұмыстарын орындау, бетін фанералау, жылтырата отырып ағаштан инкрустациялау;

      суретші эскиздерінің негізінде ағаштан ою жасау;

      жұмыс сызбаларын эскиздер бойынша жасау;

      шаблондар мен айлабұйымдарды сызу және жасау.

      98. Білуге тиіс:

      сызу геометриясының негіздері;

      аса күрделі шаблондар мен айлабұйымдарды құрылымдау тәсілдері;

      күрделі өткелдері бар аса күрделі геометриялық фигураларды белгілеу ережесі;

      фанерлау технологиясының мәні;

      бұйымды инкрустациялау және өңдеу тәсілдері ағаштан ою тәсілдері;

      бұйымдарды жез, қола, қарайтылған күміске ұқсатып өңдеу технологиясының мәні;

      плексиглазды, оргшыныны тегістеу технологиясының мәні.

      99. Жұмыс үлгілері:

      1) сарай қасбеттерінің домакеткалары, Пантеон интерьері – жасау;

      2) биік үйлердің, зәулім ғимараттардың, Исаакиевский шіркеуі, Мәскеудегі Ұлы Иван қоңырауы, жер шары рельефінің макеті – жасау;

      3) паровоз, ұшақ, планетаралық станция, зымыран, сүңгуір қайықтардың, көне каравеллалардың, Жердің жасанды серіктерінің, күрделі оюлы көне люстралардың үлгісі – жасау;

      4) көркем инкрустациялы көне қарудың макеті: қылыш, қанжар, семсер, оқ қару – жасау.

      7. Көркемдік макеттердің макетшісі

      Параграф 1. Көркемдік макеттердің макетшісі, 3-разряд

      100. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары макетшінің басшылығымен макеті ағаштан, металдан, оргшыныдан және басқа да материалдардан жасалған бөлшектерді дайын шаблон немесе үлгі бойынша қолмен немесе механизмдерді қолдана отырып жасау;

      бөлшектерді циркульдің арамен, бұрғылау, аралау және созу станогында дайындау;

      жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу;

      қарапайым штрихпен оймалау, ағаш пен пластмассадан ою.

      101. Білуге тиіс:

      ағашты металды, оргшыныны өңдеудің әдіс-тәсілдері;

      өңделетін материалдардың негізгі физикалық-технологиялық қасиеттері;

      ағашқа, металға, оргшыныға негізгі желім мен бояуларды қолданудың тәсілдері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидаты;

      қарапайым сызбаларды оқу ережесі.

      102. Жұмыс үлгілері:

      1) макет бөлшектері: қоршау, жүретін алаңдар, баспалдақ марштары – жасау;

      2) жобалау макеттеріндегі қарапайым сәулетті ғимараттардың макеті – жасау;

      3) тартпалар, рейкалар – дайындау.

      Параграф 2. Көркемдік макеттердің макетшісі, 4-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:

      макеті ағаштан, металдан, оргшыныдан және басқа да материалдардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді дайын шаблон немесе сызбалар бойынша қолмен немесе механизмдерді қолдана отырып жасау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары макетшінің басшылығымен күрделі бөлшектер мен тораптарды жасау;

      металл мен пластмассадан күрделі емес оймалау;

      қарапайым геометриялық формаларды ағаш пен пластмассадан ою және инкрустациялау;

      металдан қарапайым формаларды бедерлеу.

      104. Білуге тиіс:

      макеттерді жасауда қолданылатын бояулардың, лактардың, желімдеу заттары мен шайырдың физикалық-химиялық қасиеттері;

      макет бөлшектерін бояумен, лакпен біріктіру және қаптау тәсілдері;

      күрделілігі орташа сызбаларды оқу ережесі;

      түс қалыптастыру және электротехниканы негізгі перспективалары.

      105. Жұмыс үлгілері:

      1) макет бөлшектері: терезе, есік, құбырлар, фермалар, тор, қарапайым цилиндр ыдыстар, арқалық – жасау;

      2) қыздыру және люминисцентті лампалар, трансформаторлар – электромонтаждау;

      3) шатырлары мен терезесі бөлшектенген ғимараттың макеті – жасау.

      Параграф 3. Көркемдік макеттердің макетшісі, 5-разряд

      106. Жұмыс сипаттамасы:

      макеті ағаштан, металдан, оргшыныдан және басқа да материалдардан жасалған күрделі бөлшектерді дайын шаблон немесе сызбалар бойынша құрылымдау элементтерімен және макет ауқымын ауыстыра отырып қолмен немесе механизмдерді қолдана отырып жасау;

      күрделілігі орташа суреттерді металл мен пластмассадан оймалау;

      ағаш пен пластмассадан күрделігі орташа инкрустация және кесу;

      металды бедерлеу;

      бөлшектерді жасау технологиясын таңдау;

      күрделілігі орташа бөлшектерді алу үшін қысу және тарту арқылы нығыздауыш қалып пен айлабұйымдарды жасау;

      электр жарықтандырғыштардың элементтері мен тораптардың динамикалық жұмысына арналған механизмдерін жасау;

      макеттерді бояу.

      107. Білуге тиіс:

      құрылымдау негіздері;

      күрделі сызбаларды оқу ережесі;

      перспектива заңдылығы;

      сызу және картография негіздері;

      механика және электротехника негіздері;

      оргшыныны қысыммен және тартумен өңдеу технологиясының мәні мен тәсілдері;

      фактуралық қабатты белгіленген рецептура бойынша жағу тәсілдері.

      108. Жұмыс үлгілері:

      1) перспективалық қысқартуда ішкі жағынан жарықтандырылған өнеркәсіптік ғимараттардың макеті – жасау;

      2) автомобиль, трактор, паровоздардың статикалық макеттері – жасау;

      3) трансформатор, кран, тельфер, кондиционерлердің макеттері – жасау;

      4) картографиялық дәлме-дәл жобалау макеттерінің рельефтері – жасау.

      Параграф 4. Көркемдік макеттердің макетшісі, 6-разряд

      109. Жұмыс сипаттамасы:

      макеттер мен диорамалардың аса күрделі бөлшектері мен тораптарын дайын жоба мен тапсырыс берушінің технологиялық тапсырмасы бойынша құрылымдық шешімін әзірлеу арқылы жасау;

      жекелеген тораптардың сызбаларын, шаблондарын, макеттердің блоктары мен бөлшектерін әзірлеу, айрықшалықтарды жасау;

      электр жарықтандырғыштардың механизацияларына және макеттердегі автоматикаға арналған механизмдерді, тораптар мен блоктарды монтаждау;

      күрделі бөлшектерді және бос ыдыстарды тартуға, июге және қысуға арналған айлабұйымдарды, металдан, пластмассадан, оргшыныдан және басқа да материалдардан жасалған сфералық беттерді құю және престеуге арналған қалыптарды модельдеу және жасау;

      белгіленген рецептура бойынша асыл тасқа, ағаш пен металға ұқсастырып бояу және лактау;

      біліктілігі анағұрлым төмен макетшілердің жұмысына басшылық жасау.

      110. Білуге тиіс:

      құрылымдау және жарық жүргізу негіздері;

      макеттердің күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру мен монтаждаудың әдіс-тәсілдері;

      механика, электротехника және автоматика негіздері;

      күрделі конфигурациялы бөлшектерді біріктіру, желімдеу және дәнекерлеу тәсілдері;

      әр түрлі материалдарды ағаш пен тастың асыл жыныстарына ұқсастыру әдістері;

      күрделі құрылымдық және көлемді сызбаларды орындау және сызу ережесі.

      111. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      112. Жұмыс үлгілері:

      1) жынысы анықталған ағаштар мен бұталардың макеті – жасау;

      2) әрбір бөлшегі пысықталған кранның, станоктың, жұмыс істейтін компрессорлардың макеті – жасау;

      3) жекелеген тораптары көрсетілген генераторлардың макеті – жасау;

      4) кеме, ұшақ, аспан серігі, статикалық зымыранның макеттері – жасау;

      5) ішкі жағынан жарықтандырылған және перспективалы бейнеленген тарихи макеттер және сәулет ескерткіштерінің макеті – жасау.

      8. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы

      Параграф 1. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы,

      2-разряд

      113. Жұмыс сипаттамасы:

      қосымша жұмыстарды орындау;

      цемент және бетон ерітінділерін дайындау;

      шаң-тозаңды тазалау және мозайка жинағын жуу.

      114. Білуге тиіс:

      цемент және бетон ерітіндісін дайындау рецептурасы мен тәсілдері;

      қолданылатын жабдықтың құрылысы.

      Параграф 2. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы,

      3-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші автор жасаған мозайкалы жинақты эскиз бен картон бойынша алдын ала бөлінген материалды: смальтаны, боялған шыныны, қыш плитаны, табиғи тасты және басқаларды немесе цемент қабаты немесе арнайы мастикамен ғимараттың, имарат мен ескерткіштің интерьері мен экстерьеріне немесе шеберханаларға бекітілген, шаблон бойынша кесілген тас фанераны біліктілігі анағұрлым жоғары мозайкашының басшылығымен салу;

      темір бетон негіз-плиталарды жасау;

      табиғи тас блоктарын шағын блоктарға бұрғылау және жару;

      тас блоктарды пластина-фанераларға аралап кесу;

      архитектуралық имараттарға орнатылатын мозайкалы блоктарды бетондау және цементтеу.

      116. Білуге тиіс:

      мозаикаларды салған кезде пайдаланылатын материалдардың түрлері мен негізгі қасиеттері;

      мозаикалардың негізгі түрлері және оларды салу технологиясының мәні;

      қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылысы, баптау ережесі және оларға қойылатын талаптар.

      Параграф 3. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы,

      4-разряд

      117. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші автор жасаған мозайкалы жинақты эскиз бен картон бойынша алдын ала бөлінген материалды: смальтаны, боялған шыныны, қыш плитаны, табиғи тасты және басқаларды немесе цемент қабаты немесе арнайы мастикамен ғимараттың, имарат мен ескерткіштің интерьері мен экстерьеріне немесе шеберханаларға бекітілген, шаблон бойынша кесілген тас фанераны салу;

      материалды белгіленген модульге жару;

      мозайка жинақты блоктарды тегістеу және жылтырату.

      118. Білуге тиіс:

      мозайкалардың түрлері, салу технологиясының мәні, әдіс-тәсілдері;

      материалды белгіленген модульге жару ережесі;

      жылтырату ұнтағын, мастиканың және құрғақ жинақты желімдеуге арналған құрамның түрлері, рецептурасы, жасау ережесі мен қолданылуы;

      абразивтердің түрлері мен қасиеттері;

      қолданылатын жабдық пен құралдың құрылысы, баптау ережесі.

      119. Жұмыс үлгілері:

      Мозайка жинағын жинау:

      1) геометриялық заттардан жасалған натюрморттар;

      2) жазық геометриялық элементтерден жасалған оюлар;

      3) алыстан көрінетін алқап, ақша бұлттар салынған пейзаж;

      4) фон.

      Параграф 4. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы,

      5-разряд

      120. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа композиция мен пластиканың қарапайым мозайка жинағын суретші автордың алдын ала бөлінген материалдардан: смальтадан, боялған шыныдан, қыш плитадан, табиғи тастан және басқалардан немесе ғимараттың, имарат мен ескерткіштің интерьері мен экстерьеріне немесе шеберханаларға бекітілген, цемент қабатынан немесе арнайы мастикадан жасаған эскиз бен картон бойынша жасау;

      ақаулықтары мен блоктарының арасындағы жіктерді қалпына келтіре отырып, сәулет ғимараттарында мозайка жинақты блоктарды монтаждау.

      121. Білуге тиіс:

      бейнені жинауда қолданылатын барлық материалдардың, мозайкалық мастикалардың, бояу мен құрамның түрлері, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуі;

      сурет пен бейнелеу негіздері;

      сәулет ғимараттарында мозайка жинақты блоктарды құрастыру және монтаждау техникасы.

      122. Жұмыс үлгілері:

      Мозайка жиынтығын жасау:

      1) артқы пландағы аң-құс;

      2) жемістер мен көкөністерге жасалған натюрморттар;

      3) көлемді геометриялық элементтерден жасалған оюлар;

      4) алқап, өзен, құрылыстар мен ағаштар бейнеленген пейзаж;

      5) артқы пландағы станоктар, автомобильдер мен техниканың басқа да заттары;

      6) артқы пландағы қарапайым киінген адамдардың бейнелері.

      Параграф 5. Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы,

      6-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі және өте күрделі композиция мен пластиканың қарапайым мозайка жинағын суретші автордың алдын ала бөлінген материалдардан: смальтадан, боялған шыныдан, қыш плитадан, табиғи тастан және басқалардан немесе ғимараттың, имарат мен ескерткіштің интерьері мен экстерьеріне немесе шеберханаларға бекітілген, цемент қабатынан немесе арнайы мастикадан жасаған эскиз бен картон бойынша жасау;

      суретші автормен бірлесе отырып, материалды түсі мен суреті таңдау;

      біліктілігі анағұрлым төмен мозайкашылардың жұмысына басшылық жасау.

      124. Білуге тиіс:

      сурет пен бейнелеу өнері теориясы;

      мозаиканың тарихы;

      әр түрлі дәуірдегі мозаиканың стилистикалық ерекшеліктері.

      125. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      126. Жұмыс үлгілері:

      Мозайка жиынтығын жасау:

      1) портреттік ұқсастығы жоқ адамдардың бастары;

      2) алдыңғы пландағы қозғалыс күйіндегі аң-құстар, олардың қимыл-қозғалысын беру;

      3) бейнелеудің күрделі пластикалы элементтері: бейнелеу элементтері формасының көлемді бейнеленуімен, түс және тон ауысуының болуы, эскиз бен картонның политрасына жақындату үшін түстерді оптикалық араластырумен, күрделі бедерлі;

      4) формалары көлемді бейнеленген гүл шоқтарына, жемістерге, аң-құс тұлыбына жасалған натюрморттар;

      5) жапырақтармен, бұтақтармен, гүлдермен өрілген өсімдік оюлар;

      6) өрістеп жүрген жануарлар бейнеленген пейзаж;

      7) сәулет ғимараттары бейнеленген қала пейзажы;

      8) күннің шығуы мен батуы, тұман, найзағайдың жарқылы, дауыл және табиғаттың басқа да құбылыстары бейнеленген пейзаж;

      9) алдыңғы пландағы станоктар, автомобильдер мен техниканың басқа да заттары;

      10) оюлы және аксессуарлары бар көп қабат киім киген адамдардың бейнелері.

      9. Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының монтажшысы

      Параграф 1. Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының

      монтажшысы, 3-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      шағын механизация құралдарының, қол және электр пневмоқұралдардың көмегімен көрме залдарындағы және уақытша құрылған көрмелердегі қарапайым декоративтік-көркем экспонаттарды, сөрелерді, стенділерді, декоративтік элементтерді монтаждау қабаттары суретшінің сызбалары мен эскиздері бойынша монтаждау;

      экспонаттарды экспозицияға шығару үшін дайын шаблондар бойынша дайындау;

      металдан жасалған қарапайым дайындамаларды кесу, шабу, түзету, қолмен күйдіру, белгілеу, ию;

      қабырғада саңылау тесу, тығын дайындау;

      экспонаттарды орналастыруға арналған металдан жасалған айлабұйымдарды сызбалар бойынша дәнекерлеуге дайындау, оларды жазықтықта бекіту.

      128. Білуге тиіс:

      көркем туындылардың шағын экспонаттарын тік және көлденең жазықтықтарға бекіту тәсілдері;

      саңылауды қолмен және механикалық тәсілмен тесу тәсілдері, саңылауларды бекіткеннен кейін бітеу тәсілдері;

      тұғырда жұмыс істеу тәсілдері;

      металды кесу, ию тәсілдері мен жолдары;

      қолданылатын құралдарды қайрау және баптау тәсілдері.

      129. Жұмыс үлгілері:

      1) қарапайым формалы қаңылтыр қабаттан жасалған металл, кляммер сөрелердің бөлшектері – жасау;

      2) патрон, кронштейндер – жасау;

      3) қарапайым формалы декоративті торлар – жасау.

      Параграф 2. Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының

      монтажшысы, 4-разряд

      130. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделігі орташа декоративтік-көркем экспонаттарды, сөрелерді, стенділерді, декоративтік элементтерді монтаждау қабаттары, суретшінің сызбалары мен эскиздері бойынша монтаждау;

      металл мен шыныдан жасалған экспонаттарды орналастыруға арналған қарапайым айлабұйымдарды жасау;

      бөлшектердің біріккен жерлерін қиыстыру, қырнау, жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлеу, металдан қарапайым профильді тарту;

      орнына қиыстырып келтіру және сөрелер мен экспонаттарға арналған жиектерді тазалай отырып шыныны кесу;

      тораптарды, бөлшектерді, бұйымдар мен айлабұйымдарды құрастыру;

      экспонаттарды шаблондар бойынша жазықтыққа орналастыру;

      төбеге, қабырғаға, еденге борозда сала отырып, бекіту орындарын дайындау және бекіту құралдарын дайындау.

      131. Білуге тиіс:

      металл мен шыныдан жасалған бөлшектерді шаблон, сызбалар, монтаждау қабаттары, эскиздер мен суретшінің суреті бойынша жасау тәсілдері;

      дәнекерлеу процессінің мәні, металл, шыны және дәнекерлердің қасиеттері;

      бекіту құралдарын дайындау тәсілдері.

      132. Жұмыс үлгілері:

      1) стенділерді экспозицияларды жарықтандыруға арналған әр түрлі металдан жасалған арматура – өңдей отырып жасау;

      2) күрделілігі орташа декоративті сөрелер, тор, стенділер – өңдей отырып жасау;

      3) сөрелерді бекітуге арналған қайралған, фрезерлік өңделген кляммралары – өңдей отырып жасау.

      Параграф 3. Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының

      монтажшысы, 5-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі декоративтік-көркем экспонаттарды, сөрелерді, стенділерді, декоративтік элементтерді металл мен шыныдан жасалған фигуралық композициялы суретшінің эскиздері мен дайын үлгілер бойынша монтаждау;

      күрделі профильдерді тарту, қатты дәнекермен дәнекерлеу;

      шаблоннан жасау.

      134. Білуге тиіс:

      күрделі шаблондарды жасаудың әдіс-тәсілдері, күрделі құрылымдарды шынымен біріктіре отырып жасау жолдары;

      күрделі экспонаттар мен құрылымдарды бекіту түрлері;

      көтергіш механизмдермен жұмыс жүргізу тәсілдері.

      135. Жұмыс үлгілері:

      1) стенділерді, экспозицияларды жарықтандыруға арналған, көнелік белгілерімен жасалған, декоративті элементтері бар, күрделі кронштейндегі арматура – өңдей отырып жасау;

      2) сөрелер, күрделі формалы декоративті торлар – жасау, өңдеу және монтаждау;

      3) металл каркастағы шыны шкафтар – монтаждау.

      Параграф 4. Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының монтажшысы, 6-разряд

      136. Жұмыс сипаттамасы:

      басқа материалдарды пайдалана отырып, металдан, шыныдан, пластиктен мұражайлық-көрме экспозицияларына арналған аса күрделі, бірегей көркемдік-декоративтік экспонаттарды жеке тапсырыстар, суретшінің сызбалары мен эскиздері бойынша монтаждау және құрастыру;

      жұмыстарды өндіру үшін технологиялық жабдықты дайындау.

      137. Білуге тиіс:

      аса күрделі, бірегей көркемдік-декоративтік экспонаттарды суретшінің эскиздері бойынша монтаждау тәсілдері;

      стенділер мен витриналарда экспозициялық жазықтықтарды белгілеу ережесі;

      күрделі және ірі экспонаттарды монтаждау кезінде жоғарыда орынды белгілеу ережесі, бекіту жабдықтарын, құралдарын есептеу ережесі;

      көркемдік туындыларды монтаждау кезінде олармен жұмыс істеу ережесі.

      138. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      139. Жұмыс үлгілері:

      1) көрме залдарының аспалы төбелерге арналған металл құрылымдар, қоғамдық ғимараттардың интерьері – монтаждау;

      2) күрделі динамикалы фигуралық композициялы торлар – монтаждау.

      10. Көркем туындыларды орнатушы

      Параграф 1. Көркем туындыларды орнатушы, 2-разряд

      140. Жұмыс сипаттамасы:

      көрме залдарын безендіру бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. Әрбір экспонатқа бекіткіш, ілмек, сақина, бау дайындау;

      қабырғадағы және стенділердегі бейнелеу өнері және графика туындыларын бөлшектеу, көрменің сыртқы безендірілуін алу;

      экспонаттарды экспозицияға дайындау: рамаларын тазалау, жуу, этикетка, қарапайым ілмектер мен монтаждауға арналған бекіткіштер қағу;

      бейнелеу өнерінің, графика, мүсін, фарфор, қыш туындыларын ораулы күйінде тасымалдау.

      141. Білуге тиіс:

      қабырғадағы және стенділердегі бейнелеу өнері және графика туындыларын, көрменің сыртқы безендірілуін алу, экспонаттарды экспозицияға дайындау, экспонаттарды, мұражай және көрме жабдықтарын ораулы күйде тасымалдаудың әдіс-тәсілдері;

      этикеткалар мен экспонаттардың бекіткіштерін қағу ережесі.

      Параграф 2. Көркем туындыларды орнатушы, 3-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:

      көрме залдарын безендіру бойынша күрделілігі орташа жұмыстарды орындау;

      монументалдық бейнелеу, мүсін туындыларын және декоративтік-безендірушілік мақсатындағы туындыларды шағын механизация құралдары мен қол электр және пневмоқұралдардың көмегімен уақытша бекітіп немесе бөлшектей отырып монтаждау, ілу және орнату;

      суретті кергіштен алу;

      туындыларды оралмаған күйі тасымалдау;

      сурет салынған кергішті рамаға орнату, сурет полотносын барабаннан алу, сурет салынған кергішті рамадан алу, туындыларды өлшеу;

      қосымшалардың ішіндегі туындыларды орнату және орнын ауыстыру.

      143. Білуге тиіс:

      монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері, сипаты және мақсаты жағынан әр түрлі ғимараттарға, үй-жайларға, көрме залдарына ілу және орнату;

      тұрақты және уақытша экспозицияларды бекіту ережесі;

      сурет полотносын барабаннан алу, сурет салынған кергішті рамаға орнату, оны рамадан алу тәсілдері;

      туындыларды өлшеу және оларды қосымшада орналастыру ережесі;

      қолданылатын құралды қайрау және баптау ережесі.

      Параграф 3. Көркем туындыларды орнатушы, 4-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы:

      көрме экспозицияларын безендіру бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

      уақытша бекіте отырып монтаждау және көлемі 1 м2 дейінгі және бір бөлшегінің салмағы 50 кг дейінгі ірі туындыларды бөлшектеу: мозаика, фрескалар, барельефтер;

      көлемі 75 дм3 дейінгі туындыларды тұрақты бекіте отырып үлкен фигураларды, бюстілерді монтаждау;

      үй-жайлардағы немесе ғимараттардың қасбетіндегі, парктердегі бөлшектерінің көлемі 1 м2 дейін және салмағы 50 кг дейінгі көлемі үлкен емес туындыларды тұрақты бекіте отырып орнату;

      сурет жаймасын барабанға кесу.

      145. Білуге тиіс:

      интерьердегі және сәулет ғимарттарындағы монтаждау жұмыстарын және тұрақты түрде бекітілген ірі туындыларды монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдері;

      монтаждау және бекіту кезінде қолданылатын материалдардың түрлері;

      орау, такелаждың жұмыстарды жүргізу және ауыр және шағын жүкті оралмаған күйі тасымалдау ережесі.

      Параграф 4. Көркем туындыларды орнатушы, 5-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      көрме экспозицияларын безендіру бойынша өте күрделі жұмыстарды орындау;

      мұражайда, көрме залдарында, сәулет ғимараттарында уақытша және тұрақты бекітілген сфералық және қисық сызықты конфигурациялы монументалдық бейнелеу, мүсін және декоративті-безендіру өнерінің ірі құрамдас туындыларды монтаждау;

      туындыларды әр түрлі жазықтықта биікте, жинақтар мен кессонда монтаждау, арқанға пано ілу;

      бөлшектерінің көлемі 1 м2 астам немесе көлемі 75 дм3 астам, бөлшектерінің салмағы 50 кг күрделі құрамдас туындыларды тальдің, блоктардың, рычаг пен тұғырдың көмегімен бөлшектеу.

      147. Білуге тиіс:

      аса күрделі монтаждау және ірі құрамдас монументалдық туындыларды бөлшектеу жұмыстарын орындау тәсілдері, олардың түрлері және орнын ауыстыру тәсілдері;

      қолданылатын құрылыс материалдарының қасиеттері;

      металл және басқа да бекіткіштердің түрлері;

      биікте, жиынтық пен арқанды кессонда монтаждау және бөлшектеу кезінде арқанмен такелаждық жұмыстарды жүргізу ережесі.

3-бөлім. Қалпына келтіру жұмыстары

      Осы бөлімді пайдаланған кезде мыналарды ескеру қажет

      - жалпы құрылыс кәсібі бар жұмысшылар тарихи ескерткіштер мен сәулеттерді қалпына келтіру жұмыстарын тек аттестаттаған жұмысшы-қалпына келтірушінің басшылығымен ғана орындай алады;

      - қалпына келтіру бойынша бір жыл жұмыс стажы және орта білімі бар жұмысшылар қалпына келтірушінің біліктілігін арттыру курсына жіберілуі және белгіленген тәртіппен қайта аттестаттаудан өтуі мүмкін;

      - қалпына келтіруші-мамандардың басшылығымен кем дегенде үш жыл тарихи ескерткіштер мен сәулет құрылыстарында жұмыс істеген жұмысшылар осы БТБА сәйкес аттестаттау және қалпына келтіруші біліктілігін алуы мүмкін.

      11. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші

      Параграф 1. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына

      келтіруші, 3-разряд

      148. Жұмыс сипаттамасы:

      негіздері механикалық бүлінген қағаздағы заманауи баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және зарарсыздандыру;

      парақтап шаң-тозаңнан арылту және парақтар мен түптеулерден механикалалық тәсілмен ластануларды тазалау;

      парақтарды жазу;

      парақтың шеттерін, мұқаба бұрыштары мен канттарын қалпына келтіруші қағаздармен бекіту;

      парақтың мәтіннен және суреттен тыс жыртылған жерлерін бекіту. түсіп қалған парақтарды жабыстыру, кітаптардың түптеріндегі парақтарды нығайту;

      парақ түптерін үлкейту;

      парақтарды кептіру, престеу, кесу;

      құжаттарды тігу, бау өткізу әдісімен брошюралау;

      блогы бүлінбеген заманауи басылымдарды қағаз қаптамаға немесе қатты түптеме мұқабасына түптеу;

      құжаттар мен баспа басылымдарын тампонмен парақтап өңдеу әдісімен дезинфекциялау және дезинсекциялау.

      149. Білуге тиіс:

      барынша кең таралған жазба және типографиялық қағаздардың және бояғыштардың жекелеген түрлерінің қасиеті;

      қағаз түріндегі заманауи құжаттарды және баспа басылымдарын қарапайым қалпына келтірудің негізгі ережелері;

      құжаттарды тігудің тәсілдері және құжаттар мен блогы бүлінбеген кітаптарды түптеу технологиясының маңызы;

      желімдердің негізгі түрлері;

      құжаттар мен кітаптарды барынша қолданылатын зарарсыздандырғыштармен парақтап зарарсыздандыру.

      Параграф 2. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші,

      4-разряд

      150. Жұмыс сипаттамасы:

      құрамды бүлінген, қатты ластанған, химиялық тұрақты мәтіні мен суреті бар қағаздағы заманауи баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және зарарсыздандыру;

      механикалық және биологиялық бүлінулерді көзбен шолып айқындау;

      бауын тарқату және брошюрасын бөлу;

      парақтарды жуу;

      негізін қатайтушы ерітіндімен сіңдіру;

      парақтарды қалпына келтіретін қағазды бір-екі жақтан қабаттап қатайту;

      парақтың жыртылған жерлерін, оның ішінде мәтін бойынша біріктіру;

      парақтың жоғалтқан бөліктерін толтыру;

      инкапсулдеп консервациялау;

      блоктарды қалыптастыра отырып брошюралау;

      тұтас қатты қағаз қаптамасына түптеу;

      химиялық әдістер камерасында дезинфекциялау және дезинсекциялау.

      151. Білуге тиіс:

      заманауи құжаттар мен кітаптардың бүліну түрлері және себептері;

      құжаттар мен кітаптарды жалпы қалпына келтіру және консервациялау тәсілдері мен құралдары;

      заманауи құжаттар мен баспа басылымдарын брошюралау және түптеу ережесі;

      құжаттар мен баспа басылымдарын дезинфекциялау мен дезинсекциялаудың химиялық тәсілдері;

      зарарсыздандыру, қалпына келтіру және түптеу үшін қолданылатын материалдардың түрлері.

      Параграф 3. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші,

      5-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      негіздері физикалық, химиялық және биологиялық сипатта қатты бүлінген, химиялық тұрақты емес мәтіні мен суреті бар қағаздағы немесе қағаз негізіндегі көне баспа басылымдарын, құжаттарды, сызбаларды, плакаттарды, афишаларды, карталарды, гравюра мен фото суреттерді қалпына келтіру, зарарсыздандыру және консервациялау;

      қағаздағы материалдардың бүліну түрлерін айқындау;

      қағаз бен бояғыштардың, қағаздың қышқылдығын, мәтіндер мен суреттердің ерігіштігін айқындау;

      ластанудың барлық түрлерін және алдында қалпына келтірілген материалдардың барлық түрін жою;

      парақтарды ағарту;

      жабысып қалған, цементтеліп қалға парақтарды ажырату;

      қағаз қышқылын бейтараптау және парақтарды буферлеу;

      қағаз массасын құюды қосқанда парақтарды қатайтудың барлық түрлерін орындау, парақтарды ажырату әдісімен қатайту;

      ламинаттаумен, импергнирлеумен консервациялау;

      суда езілетін мәтіндерді қорғау, бекіту, мәтіндер мен суреттерді тұрақтандыру;

      көне түптеуді қалпына келтіру;

      блоктарды түрлі әдістермен бекіту;

      түптерді, мұқабаларды нығайту, толтыру және жоғалғанын ауыстыру, түптеулердің тысын жұмсарту және консервлеу;

      зарарсыздандырғыш өңдеулердің барлық түрін жүргізу.

      153. Білуге тиіс:

      матадан және қағаздан, картоннан жасалған қағаздың қасиеті;

      қағаз бен картон жасау технологиясының маңызы, түптеу тыстарының қасиеті;

      туштардың, көне сиялардың, сия пасталарының, қарындаштардың, баспа және электр графикалық мәтіндердің қасиеті;

      көне құжаттар мен кітаптардың, түптеу тыстарының бүліну түрлері және себептері;

      қағаздағы көне баспа басылымдары мен құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау тәсілдері мен құралдары;

      толық көлемдегі түптеу ісі;

      кітаптарды түптеудің көне әдістері;

      зарарсыздандырғыштарды қолдану ережесі, олардың уыттылық шамасын және мұрағат және кітапхана материалдарына қызмет ету принципі.

      Параграф 4. Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші,

      6-разряд

      154. Жұмыс сипаттамасы:

      теңдессіз құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды, инкунабулдарды, карта түпнұсқаларын, плакаттарды, гравюраларды және басқа да материалдарды; құжаттардағы балауыз, мастикалық және сургуттық мөрлерді; металдармен, сүйектермен, тастармен, эмальдармен безендірген барқыттан, жібектен жасалған көне, теңдессіз түптеулерді қалпына келтіру, зарарсыздандыру және консервациялау;

      құжаттардың, баспа парақтарын және мөр фрагменттерін іріктеу және монтаждау;

      негіздің күрделі шығындарын толықтыру;

      соңғы қаттамалар мен жазбалардың барлық түрін қабаттап жою;

      арнайы әдістемені талап ететін ерекше күрделі жағдайларда мәтіндерді және суреттің бояулы қабатын нығайту;

      алтын жалатылғандарды қалпына келтіру;

      археологиялық тысты консервлеу және қалпына келтіру;

      ішінара жоғалтылған өрнектерді қалпына келтіру;

      түпнұсқа немесе соған жақын материалда суреттерді және сурет көшірмесін, муляждарды орындау;

      эксперименталды консервациялы және қалпына келтіру жұмыстарын орындау.

      155. Білуге тиіс:

      пергаментті қосқанда барлық жеткізгіштерде мұрағат және кітапхана материалдарының түрлері, қасиеті және ескіру мәні;

      материалдың қалпын және олардың бүлінуін диагностикалау тәсілдері;

      қолжазбаларды, пергаменттерді, көркемдік түптеулерді, гравюраларды, мөрлерді қалпына келтірудің және консервациялаудың көне әдістері;

      қалпына келтіруші картондардың, маталардың түрлері;

      теңдессіз материалдарды ерекше күрделі қалпына келтіру және консервациялау кезінде қолданылатын желімдерді, желімдегіштерді, еріткіштерді, фиксактивтерді, зарарсыздандырғыштарды дайындаудың рецептурасы мен тәсілі.

      156. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      12. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші

      Параграф 1. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші,

      3-разряд

      157. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

      әзірленген рецептура бойынша скальпельдер мен ерітінділердің көмегімен бояуларды жуу және қабаттап тазалау;

      желінген жерлерін сылау және сырлау;

      бояу қабатын реңдеу;

      түпнұсқа тұсқағаздарды сақтап, ескі тұсқағаздарды жою;

      тұсқағаздарды дайындау, желімдеу және ескі түрі бойынша қабырға жабыстыру.

      158. Білуге тиіс:

      декоративтік-көркемдік бояулар мен тұсқағаз жабындарын қалпына келтіруде қолданылатын негізгі материалдардың түрлері;

      қолданылатын құралдардың түрлері және онымен жұмыс істеу ережесі;

      әзірленген әдістеме бойынша ерітінді дайындадың тәсілдері;

      бояу қабатын жуу және қабаттап тазалау технологиясының мәні;

      оюдың геометриялық заттарын реңдеу және қайта жасау әдістемесі;

      қабырғадан түпнұсқа тұсқағаз маталарын және тұсқағаздарды алу амалдары.

      159. Жұмыс үлгілері:

      1) жазық геометриялық заттардан жасалған оюлар – суретті қалпына келтіру;

      2) тегіс беттер – әк құраммен, колер дайындамай, желімді майлы бояулармен қайта бояу.

      Параграф 2. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші,

      4-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орта сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

      бояу қабатынан қиын кететін ластануларды тазалау;

      бетін бояу үшін сылау және сырлау;

      шрифттен басқа трафаретті дайындамай бір-екі реңді трафаретті суреттерді толтыру;

      жоғары білікті қалыпқа келтірушінің басшылығымен жоғары сапалы декоративтік-көркемдік бояудың бетін бағалы ағаштар, тастар, жібек және тағы басқа тәрізді бояу;

      топырақты нығайту.

      161. Білуге тиіс:

      декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру және қайта жасау үшін қолданылатын материалдардың қасиеті;

      желімдік, майлы, синтетикалық, темперлі және басқа да созылмалы негізде құрғақ пигменттерден бояулар дайындаудың ережесі;

      трафареттер жасау, ескі қағаз тұсқағаздарды қалпына келтіру әдістемесі, нығайту элементтері бар бояу қабатын реңдеу технологиясының және күрделілігі орташа суреттің мәні.

      162. Жұмыс үлгілері:

      1) көлемді геометриялық заттардың ою-өрнектері – суретті қайта салу;

      2) қабырғалар – өрнекті және маталы тұсқағаздармен, линкрустпен, маталармен, ескерткіш қабырғасынан алынған түпнұсқа тұсқағаздармен желімдеу.

      Параграф 3. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші,

      5-разряд

      163. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

      бояу қабатын нығайту;

      бояу қабатының бетінен зеңдер мен өңездерді жою;

      мәрмәр және сүйек тәрізді "гризайль", декор типті жазбалар;

      трафаретті көшіру және кесу;

      төртеуден артық емес пигменттер болған кезде эскизді бояулар бойынша майларды, желімдерді, темперлі колерді дайындау;

      колерді айқындау үшін зондаждау және қабатты тазалау жүргізу;

      паспорттар үшін колерлер дайындау.

      164. Білуге тиіс:

      бояу қабатының бұзылу себептері және оны нығайту әдістемесі, зеңдер мен өңездерді жою;

      топырақты нығайтудың маңызы және бояу қабатының негіздері;

      күрделі суретті реңдеу және қайта салу технологиясының маңызы;

      трафареттерді көшіру, жасау және оны кесу техникасы;

      бетін ағаш, тас, мата тәрізді бояу технологиясының маңызы;

      колерді таңдаудың тәсілдері.

      165. Жұмыс үлгілері:

      1) көлемді трактовкада жапырақтардан, бұтақтардан, гүлдерден жасалған өсімдік ою-өрнектері – қайта салу және реңдеу;

      2) беті – ағаш, тас, жібек, барқыт тәрізді баяу;

      3) беті – ескі үлгілері бойынша тушты бүркумен өңдеу;

      4) қабырғалар – төсеммен, жібекпен, холстпен, мауытпен желімдеу.

      Параграф 4. Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші,

      6-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:

      ерекше күрделі сыртқы және ішкі декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіру;

      тұздарды еріткішпен және механикаландырған тәсілмен жою;

      көне үлгілер, зондаждау нәтижелері, зерттеулер және колерлер дайындау бойынша пигменттер мен бояулардың барлық түрлерінен колерлер жасау.

      167. Білуге тиіс:

      колерлеу ерекшеліктерімен қолтаңбалар мен шрифттердің барлық түрлері;

      қолтаңбалардың стильдік ерекшеліктері;

      пигменттер мен бояуларды дайындаудың технологиялық маңызы;

      олардың түссіздену себептері және оларды бұзылудан сақтау әдістері;

      қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын зарарсыздандырғыш құралдар мен нығайтушы құрамдардың түрлері;

      калькирлеу және қолтаңбалардың қиыршықтау әдістемесі;

      алтындау және лак бойынша блоктау технологиясының мәні;

      реңдеудің түрлі түрі;

      түс жасау ережесі және пигменттердің химиялық өзара әрекет етуін ескеріп, оларды араластыру амалдары.

      168. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      169. Жұмыс үлгілері:

      1) жапсырма декоры – қайнаған сумен күйдіру;

      2) пішіндердің көлемді тетігінде шрифт, жануарлар, құстар салынған гирлянда түріндегі өсімдік ою-өрнектері – күкірт жаға отырып қайта салу және қолмен салу;

      3) көлемді және рельефті қолтаңба – суретті алтындаумен және блоктаумен эскиздер және суреттер бойынша қайта салу.

      13. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші

      Параграф 1. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына

      келтіруші, 3-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      бүлінбеген, шамалы желінген декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде қарапайым жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

      тегіс беттерде "автор" сылағы ашылғанға дейін соңғы сылақтар мен қаттамаларды жою;

      сылақ желінген жерлерге шабақ қағу;

      дайын бояу бойынша металл торын тарту;

      ластануларды, ақтар мен бояуларды, ескі жасаулар мен мастикаларды жуу және кетіру;

      дезинфекциялау және зеңін кетіру;

      жарықтарды, тігістерді, сынықтарды бітеу және гипстеу;

      сылақ жабындарына гидрофобизациялау;

      декоративтік әшекейлердің сақталған фрагменттерін құрастыру және желімдеу, мастика мен папье-машеден жасалған бөлшектерді, әшекей фрагменттерінің бөлшектерін қалыптарға толтыру;

      жоғары білікті қалыпқа келтірушінің басшылығымен жасанды мәрмәр үшін ерітінді дайындау;

      негіздердің құрылғысы;

      ерітіндіні жазықтыққа жағу, тегістеу, ысқылау, бетін жону;

      құралды жұмысқа дайындау;

      мастика массасын және папье-маше дайындау үшін материалдарды даярлау.

      171. Білуге тиіс:

      декоративтік сылақтарды, мастикалы және жапсырмалы әшекейлерді қалыпқа келтіруді орындау үшін қолданылатын негізгі материалдардың түрлері;

      қолданылатын құралдар мен аспаптардың түрлері;

      тұтастай және желінген жерлерін сылау үшін беткі жақты дайындау технологиясының мәні;

      сылақ ерітінділерінің құрамы және оларды әзірленген рецептура бойынша жасау ережесі;

      әшекей элементтерінен ластануларды, ақтарды, бояулар мен жасауларды жуу және кетіру амалдары;

      жарықтарды, тігістерді, сынықтарды бітеу технологиясының мәні;

      әшекей элементтерін құрастыру және желімдеу тәсілдері.

      172. Жұмыс үлгілері:

      1) тапсырма бұйымдары – қабырғада, жинақтарда бекіту;

      2) декоративтік сылақ – қабырғалар, төбелер, пилястралар, құрылыстар – сылақты қайта жағу.

      Параграф 2. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына

      келтіруші, 4-разряд

      173. Жұмыс сипаттамасы:

      бүлінбеген, шамалы желінген және бояу дақтары бар декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде күрделілігі орташа жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

      ескі сылақты "белгі" ретінде қалдырып, сылақтарды алғашқы сылаққа дейін қабаттап кетіру;

      шаблондардың көмегімен үлкен емес шығарым тартымдарын тарту;

      желінген жерлердің сылақталған бетінің тартымдары мен басқа рельефті әзірлемелерін, алғашқы "авторлық" қабатпен бірігу жерлерін өңдеп, қалпына келтіру;

      әзірленген технологиялар, көне үлгілер бойынша декоративтік сылақтар дайындау;

      беткі қабатын ажарлап және балауызбен жылтыратып, жасанды мәрмәр бетін жаңартуға қатысу; жасанды мәрмәрді қалпына келтіру кезінде ластанудан тазалау және жуу.

      174. Білуге тиіс:

      декоративтік сылақтарды, мастикалық және жапсырмалы әшекейлерді қалпына келтіру және консервациялау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті;

      әр түрлі ерітінділердің құрамы және олардағы қоспалардың шамасы;

      сәулет ескерткіштерін қалпына келтірген кезде сылақ және жапсырма жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар;

      декорды жапсырмалаудың, мастикалаудың, папье-маше стильдік ерекшеліктерінің негіздері;

      кляммер көмегімен сылақты нығайту технологиясының мәні;

      декоративтік безендіру фрагменттерін құрастыру және желімдеу әдістемесі;

      тартымдарды тарту, тігістерді, рустарды тігу және оларды қайта жасау тәсілдері;

      форматор ісінің негіздері;

      "белгілерді" орнатудың әдістемесі.

      175. Жұмыс үлгілері:

      1) жасанды мәрмәр – қалпына келтіру;

      2) русталар, тігістер – тігу;

      3) қабырғалар, төбелер, пилястралар, қуыстар – құлама декоративтік сылақпен сылау;

      4) қабырғалар, төбелер, пилястралар, қуыстар – декоративтік терризитті сылақпен сылау және граффитеу;

      5) сылақ – кляммерлерді қоя отырып, бекіту.

      Параграф 3. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына

      келтіруші, 5-разряд

      176. Жұмыс сипаттамасы:

      біршама желінген, бүлінген және рельеф айқындығын жоғалтқан декоративтік көне сылақтарда, мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде күрделі жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

      негізден, байланыстыратын ерітінді инъекциясынан қалған сылақты нығайту;

      байланыстыратын және сіңдіргіш ерітінділерді, гипс, мастика массасын және папье-маше дайындау;

      ерімейтін тұздарды механикалық тәсілмен кетіру;

      көне сылақтың желінген қабатын, біріккен жерлерді өңдей отырып, толықтыру;

      сіңдіргіш құрамдарды дайындап, декоративтік әшекейлерді нығайту және гидрофобизациялау;

      бейіні бойынша күрделі шаблондар немесе "белгілер" бойынша тартымдарды тарту;

      шаблондарды жасау үшін тартым бейіндерін түсіру;

      жасанды мәрмәрді қайта салғанда "белгілерді" орнату, бетін ажарлау және жылтырату.

      177. Білуге тиіс:

      көне сылақтардың құрамы және оларды жағудың тәсілдері;

      әр түрлі дәуірдегі және стильдегі декоративтік әшекейлердің стильдік ерекшеліктері;

      негіздерден қалған сылақтарды инъекциялау әдістемесі;

      ерімейтін тұздарды механикаландырылған тәсілмен кетіру технологиясының мәні;

      бейіні бойынша күрделі тартымдарды тарту, жаңадан сылау және қисық сызықты беттердің, күмбездердің, жинақтардың, аркалардың, паддугалардың, кессондардың желін жерлерін толтыру, "тоң асты", штрихтау бойынша және тағы басқа сылақтарды орындау техникасы;

      декоративтік әшекейлерді және арматураланған мүсіндерді монтаждау және желімдеу амалдары.

      178. Жұмыс үлгілері:

      1) аркалар, жинақтар, күмбездер – жаңа қисық сызықтардың бетін сылақтау;

      2) беттері – бучарда, скарпель, троянка көмегімен "тоң асты", "штрихтеу бойынша" декоративтік сылау;

      3) түрлі рельефті, суретті және гипстен жасалған мүсінді декоративтік әшекейлердің фрагменттері – монтаждау және желімдеу.

      Параграф 4. Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына

      келтіруші, 6-разряд

      179. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты бүлінген декоративтік көне сылақтарда, жоғары көркемдік бағалы мастикалық және жапсырмалы бұйымдардың бөлшектерінде ерекше күрделі жұмыстарды орындай отырып, қалыпқа келтіру және консервациялау;

      қабатталған сылақтарды инъекциялау және өңездер ерітіндісін сіңдіру әдісімен бекіту және сылақтан тоттарды механикалық және химиялық тәсілдермен кетіру;

      зертханалық талдаулардың нәтижесінде айқындалған әр түрлі құрамдағы көне сылақ ерітінділерін дайындау;

      эскиздер мен суреттер бойынша күрделілігі әр түрлі шаблондарды әзірлеу және жасау және ерекше күрделі тартымдар мен розеткаларды тарту;

      сақталынған фрагменттер мен сызбалар бойынша декоративтік әшекейдің жетіспейтін фрагменттері мен бөлшектерін қайта құрастыру;

      декоративтік әшекейлердің жетіспейтін бөлшектерін монтаждау, қиыстырып келтіру және орнында бекіту.

      180. Білуге тиіс:

      көне сылақтарды жасаудың тәсілдері мен әдістері, олардың құрамы;

      түрлі бағыттағы декоративтік әшекейлердің стильдік ерекшеліктері;

      сылақ қабатының күрделі бұзылуын нығайту және түрлі тәсілдермен зеңдерді, өңездер мен тоттарды кетіру;

      эскиздер және суреттер бойынша шаблондарды әзірлеу және жасау ережесі;

      жаңадан сылау және күрделі суреттелген беттің сылақ қабатының желінген жерлерін қайта құрастыру технологиясының мәні;

      декоративтік әшекейлердің бөлшектерін монтаждау, қиыстырып келтіру және орнында бекіту.

      181. Жұмыс үлгілері:

      1) бағандар, пилястралар, капелюралары бар ауыспалы қиысатын балкалар – қисықсызықты беттерде сылақ қабатының желінген жерлерін қайта құрастыру;

      2) жасанды мәрмәр – капелюралары бар ауыспалы қиысатын қисық сызықты бетте көп түсті ерітінді дайындап және пигменттерді іріктеумен қайта құрастыру.

      14. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші

      Параграф 1. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 3-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      сәулет ескерткіштерінің бір-екі еңісті түрлі жабын материалдарынан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

      жабын болаттарын тазалау және олифамен бояу, табақтарды кесу, қарапайым жабылған суреттерді дайындау. жабынқыштарды сорттау, жабынқыштан, табақтардан жасалған шатырларды бөлшектеу;

      түтіндік және желдеткіш құбырлардағы суға төзімді науаларды, құбырларды, қалпақтарды, зонттарды демонтаждау;

      дайын суреттерден жасалған қарапайым жабындарды қатарлау, торламаға кляммерлер тігу және қаңылтырдан жасалған науаларға және кеңнауашаларға қосу;

      су құбырларын, науалар, қалқаларды, шашақты әдәптарді және басқа да элементтерді үлгілер бойынша жасау және кронштейндер мен шымшуырларды орнату;

      мастикалар дайындау және әзірленген әдістеме бойынша сырлау.

      183. Білуге тиіс:

      материалдар мен шатыр жабындарының түрлері;

      материалдарды сұрыптау әдістері;

      бір-екі еңісті шатырларды өлшеу және белгілеу тәсілдері, материалдар мен жабындардың сапсына қойылатын талаптар;

      су ағатын науаларды, құбырларды, қалпақтарды, зонттарды, шашақты әдәптарды, жұқа тақтайшаларды, түрендерді, жабынқыштарды, гонттарды, сабандарды, қамыстарды, тас пештабантарын бекіту тәсілі;

      бөлшектеу кезінде конструкцияларды қорғау үшін тас шатырлардың құрылғысы.

      Параграф 2. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 4-разряд

      184. Жұмыс сипаттамасы:

      сәулет ескерткішіндегі үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы, вальмалы, Т жіне Г секілді түрлі материалдардан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

      үстіңгі бетін жабуға дайындау;

      бекіткіштерді: кляммерлерді, шегелерді, қармақтарды және басқа да бекіткіш тетіктерді дайындау;

      металды табақ материалдан, жабынқыштардан, шабақтардан, гонттардан, жұқа тақтайшалардан, түрендерден, сабандардан, қамыстардан, тас пештабантардан жасалған жабындарды қатарлау;

      карниз қалқаларын, қабырға науаларын, ағаш түтіндік жабындарын қатарлау;

      иіндерді, төккіштерді, құйғыштарды, дефлекторларды, шашақты әдәптарды, жұлдыздарды және су ағатын құбырлардың басқа да элементтерін жасау және ауыстыру. шатырларын біріккен жерлеріндегі, қиыстарындағы, кеңнауашалардағы және су төгілетін бөліктеріндегі тігіндерді қалайы дәнекермен дәнекерлеу;

      есік алдына, кіреберістерді және кіретін есіктердің үстіне зонт секілді түрлі материалдармен жабу.

      185. Білуге тиіс:

      жабынды болаттардың, табақты мыстардың, қорғасындардың, мырыштардың, жабынқыштардардың, гонттардың, түрендердің, шабақтардың, тас пештабандарының, жұқа таяқшалардың, сабан, қамыс және жұқа жабындардың технологиялық қасиетінің негіздері;

      үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы, вальмалы, Т жіне Г секілді және су ағатын құбырлардың басқа да фигуралық элементтерін белгілеу және өлшеу тәсілдері;

      тігіндерді қалайы дәнекермен дәнекерлеу әдістемесі;

      есік алдын, кіреберістерді және кіретін есіктердің үстін зонттармен жабу тәсілдері.

      Параграф 3. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 5-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:

      күмбез және конус секілді біткен сәулет ескерткіштеріндегі түрлі жабын материалдарын және позакомарлы жабындардың шатырларын қалпына келтіру;

      сызба бойынша немесе сол жерде өлшеу, белгілеу, есептеу және шаблондар жасау;

      щаблондар бойынша жабу элементтерін дайындау, суреттерді екі тік фалецпен ("тарақша") немесе көлбеу фалецпен ("жазық") біріктіру;

      қабырғалардың, барабандардың, түтіндік құбырлардың және тағы басқа дымқылданатын жерлерін өңдеу;

      күмбездердің, конустардың крест астындағы шарлардың және тағы басқа тігіндерін күміс дәнекермен дәнекерлеу;

      қара және "қабыршақты" мырышталған болаттан және көне үлгі бойынша шашкадан, гонттан, жұқа тақтайдан, түреннен, жабынқыштан, сабаннан, қамыстан жасалған шатырларды жабу.

      187. Білуге тиіс:

      күмбезді және конусты шатырларды белгілеу, өлшеу тәсілдері;

      жабу элементтерін дайындау үшін шаблондарды жасау тәсілдері;

      суреттерді "тарақша" және "жазық" біріктіру әдістемесі;

      қабырғаларға, барабандарға, түтіндіктерге, құбырларға түйіске жерлерді өңдеу тәсілдері;

      күмбездердің, конустардың крест астындағы шарлардың мыспен және қоламен біріккен жерлердегі тігіндерді күміс дәнекермен дәнекерлеу технологиясының мәні;

      қара және "қабыршақты" мырышталған болаттан және көне үлгі бойынша шашкадан, гонттан, жұқа тақтайдан, түреннен, жабынқыштан, сабаннан, қамыстан жасалған шатырларды жабу амалдары.

      Параграф 4. Шатыр жабындарын қалпына келтіруші, 6-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      доғалы, күмбезді, түйірлеп біткен сәулет ескерткіштеріндегі түрлі жабын материалдардан жасалған шатырларды қалпына келтіру;

      суретті кескішпен ұрғылау және егеумен тазалау;

      алтын жалатылған қара және мырышталған болатпен жабу және табақтарды арнайы біріктіргіш рейкамен біріктіру жолымен бетті тегістеумен арнайы өңдейтін басқа да түрлері;

      кірпіш негізі бойынша жабынқыш шатырларын қалпына келтіру;

      сыза отырып және "қабыршақ" пен "шашка" орындары бойынша пішіп "клиньдер" жасау.

      189. Білуге тиіс:

      доғалы, күмбезді, түйірлі формалы және түрлі шығындары бар шатырлардың формаларын белгілеу әрі өлшеу тәсілдері;

      тас немесе кірпіш негізі бойынша жабынқыш шатырларын қалпына келтіру ерекшеліктері;

      алтын жалатып жабу технологиясының мәні;

      сыза отырып және "қабыршақ" пен "шашка" орындары бойынша пішіп "клиньдер" жасау тәсілдері.

      190. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      15. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші

      Параграф 1. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 3-разряд

      191. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым жұмыстарды орындай отырып, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

      конструкцияны таттардан және ескі майлы бояулардан металл щеткасымен, құмбүріккіш аппаратпен, күйдірумен, рецептура бойынша әзірленген химиялық тәсілмен тазалау;

      элементтерді пакеттерді салу;

      кесу және срот болаттарының шеттерін тарту.

      192. Білуге тиіс:

      металл конструкцияларын қалпына келтіру кезінде қолданылатын құралдар мен жабдықтардың, әр түрлі бейінді сортты болаттардың түрлері;

      түрлі тәсілдермен металл бетін майлы бояулар мен таттардан тазалау әдістемесі;

      сортты болатты кесу, тесіктер бұрғылау, ескі тойтармаларды кесу технологиясының мәні;

      металл конструкцияларының элементтерін буып-түю және тасымалдау амалдары.

      193. Жұмыс үлгілері:

      1) тойтармалар – тесіктер бұрғылау;

      2) ескі тойтармалар – қолмен кесу;

      3) таңбаланған элементтері бар алдын ала бойкада құрастырылған каркастар – бөлшектеу.

      Параграф 2. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 4-разряд

      194. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа жұмыстарды орындап, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

      конструкцияны демонтаждау;

      конструкцияларды элементтерге бөлшектеу;

      декоративтік элементтерді алу;

      бекіту бөлшектерін жасау.

      195. Білуге тиіс:

      конструкциялық элементтердің түрлері және олардың орындайтын қызметтері, оларға қойылатын талаптар;

      конструкцияны және жарамсыз болған элементтерді толық демонтаждау тәсілдері;

      бекіту бөлшектерін, ілмектер, тартпалар, кермелер жасау технологиясының мәні, металдар мен қорытпалардың көне құрамы.

      196. Жұмыс үлгілері:

      1) тойтармалар, ілмектер, тартпалар – көне үлгілер бойынша жасау;

      2) каркастар, журавтар, кресттер, ағаш төсемдер, терезе қақпақтары, торлар – конструкцияларды демонтаждау;

      3) крест пен каркас қаңқаларын конструкциялары – қайта құрастыру;

      4) керме – жасау.

      Параграф 3. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 5-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі жұмыстарды орындап, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

      бастапқы пішінін беру үшін салқын тәсілмен деформацияланған бөлшектерді түзету;

      металл конструкцияларын келтіре отырып және анкерлер салу арқылы қабырғаларға, жалғамаларға, жабындарға және басқа да негіздерге бекітуге қажетті құрылғылармен орнында монтаждау;

      декоративтік элементтерді орнату.

      198. Білуге тиіс:

      сәулет өнері ескерткіштеріндегі металл конструкцияларының ерекшеліктері;

      салқын тәсілмен металл конструкцияларын түзету технологиясының мәні;

      элементтерді таңбалаумен бойкада конструкцияны алдын ала құрастыру әдістемесі;

      декоративтік элементтерді сала отырып, конструкцияларды орнату амалдары.

      199. Жұмыс үлгілері:

      1) каркастар – элементтерді таңбалаумен бойкада алдын ала құрастыру;

      2) каркастар – орнында монтаждау;

      3) кресттер – орнында монтаждау;

      4) торлар, терезе қақпақтары, көне төсемдер – жұдырықшаларды сала отырып және қалауды бітеп орнында орнату;

      5) бекіткіштер – көне үлгілер бойынша жасау.

      Параграф 4. Металл конструкцияларын қалпына келтіруші, 6-разряд

      200. Жұмыс сипаттамасы:

      ерекше күрделі жұмыстарды орындай отырып, металл конструкцияларын қалпына келтіру және консервациялау;

      ыстық күйінде деформацияланған бөлшектерді түзеу;

      жетіспейтін бөлшектерді сызбалар, эскиздер, басқа құжаттар бойынша және ұста тәсілімен сақталған ұқсастықтар бойынша қайта құрастыру;

      металл конструкцияларын тегістеу, пісіру, дәнекерлеу және басқа да тәсілдермен бекіту және күшейту.

      201. Білуге тиіс:

      металл конструкцияларының түрлері, оларды ауыстыру әдістері мен тәсілдері, бекіту және күшейту;

      ыстық күйінде металл конструкцияларының элементтерін түзету технологиясының мәні;

      жетіспейтін бөлшектерді сызбалар, эскиздер, басқа құжаттар бойынша және ұста тәсілімен сақталған ұқсастықтар бойынша қайта құрастыру.

      202. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      203. Жұмыс үлгілері:

      1) кресттер – сортты болаттан декоративтік элементтерді қайта құрастыру;

      2) терезе қақпақтары, көне төсемдер, торларды толтыру – сортты болаттан жасалған декоративтік элементтерді қайта құрастыру.

      16. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

      Параграф 1. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      3-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

      түсіру, тасу, материалдарды тазалау және қатарлап қою;

      ескерткіш қабырғасының астындағы бөренеден жасалған орындықтарды ауыстыру;

      шұңқырларға уақытша тіреулерді салу;

      ескі орындықтарды шабу, жаңаларын дайындау және орнату әрі берестпен немесе рубероидпен орау;

      қабырғаларын қысқыштармен бекіту;

      тігіндерін ауыстыру және жылылау;

      қақпаларын торлау;

      ескерткіштердің ағаштан жасалған элементтерін зарарсыздандыру және әзірленген рецептура бойынша дайындалған отқа төзімді құрамдармен өңдеу;

      бөрененің шеттерін қысу;

      бөренелерді канттарға домалата отырып қысу.

      205. Білуге тиіс:

      ескерткіштердің қарапайым конструктивтік элементтерін қалпына келтіру амалдары;

      ағаштың негізгі тұқымдары, түрлері және оны өңдеу тәсілдері;

      зарарсыздандырғыш және отқа қарсы құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу ережесі;

      бөренеден жасалған орындықтарды ауыстыру, қабырғаларды қысқыштармен бекіту, тігінді ауыстыру, жылылау, қақпаларды торлау әдістемесі;

      бөренелерді, тақталарды, орман материалдарының жоңқаларын қысу тәсілдері, тарақтар мен ширектерді таңдау;

      жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар;

      ағаштан жасалған ескерткіштерді:

      шағын ағаш үйлерді және аула құрылыстарын сызбалар бойынша бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

      206. Жұмыс үлгілері:

      1) тақталар – қысу;

      2) шегесіз астауларды ілу үшін тауық дайындамалары – жасау;

      3) шатырлар, жабындар, қабырғалар, ортаны бөлгіштер, сатылар, терезе және есік толтырмалары, шатыр тіреуіштерінің конструкциялары – схемалар бойынша таңбалау және бөлшектеу;

      4) орман материалдары – тарақтар мен ширектерді таңдау;

      5) шаппалар – шұбарлау;

      6) шабылған қабырғалар – берестен немесе рубероидтен төселетін қабаттар құрылғысымен төменгі тәждерді шайырлау.

      Параграф 2. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      4-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

      шабылған қабырғаларды қалпына келтіру;

      бүлінген және жоғарыда жатқан тәждерді алып тастау;

      материалдарды таңдап, барлық түйісулерді келтіріп үлгі бойынша бөренеден немесе брустан жаңа тәждер дайындау;

      пакля немесе мха төсей отырып, тәждерді орнату;

      ағаш конструкциялардың астыңғы жағындағы бөренеден жасалған жарамсыз қалған орындықтарды ауыстыру;

      шегесіз жамылғыларды қалпына келтіру;

      жөндеу және сырғауыл дайындап ауыстыру;

      берест төсеп, екі қабатталған жұқа тақтай жабындарын қатарлау;

      дайындамасыз тауықтарды, жалбөренелерді орнату, дайын байлау-бауларды, төсемдерді және тағы басқа шегелеу;

      ауыстырылатын бөліктерді немесе бөлшектерді кесу, үлгі, сызба, эскиз және басқа құжаттар бойынша жаңаларын дайындау; оларды орнында жону, тазалау, ажарлау, келтіру және бекіту құралдарын пайдалана отырып орнату.

      208. Білуге тиіс:

      ағаштың негізгі физикалық-механикалық қасиеті;

      ағаш өңдеуге қойылатын орнықтырмалар және шектеулер;

      ағаштан бөлшектер жасаудың ережесі;

      қолданылатын құралдардың түрлері және міндеті, оларды қайрау және түзету ережесі;

      сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;

      ескерткіштердің күрделілігі орташа ағаштан жасалған конструкциялық элементтерін қайта салу амалдары;

      материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

      крепостнойлық имараттар: қабырғалар, қақпалар.

      209. Жұмыс үлгілері:

      1) шатырлар, жабындар, қабырғалар, ортаны бөлгіштер, сатылар, терезе және есік толтырмалары, шатыр тіреуішінің конструкциялары – қайта салу және конструкцияның жарамсыз болған элементтерін протездеу;

      2) түрен – дайындамалар жасау.

      Параграф 3. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      5-разряд

      210. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

      халықтық және көне құрылыс интерьері секілді есік және терезе жақтауларындағы бөренелерді өрнектеу;

      шегесіз конструкциялардың шиптері мен паздарын, тура сызықты кескінді есік және терезе ойықтарын сүргілеу;

      сақталған үлгілер бойынша араланған және жазық геометриялық оюлар;

      терезе маңдайшаларын уақытша орау;

      арка тоғыспалары қалыңдап кеткен кезде отырып қалған тоғыспаларды уақытша бекіту.

      211. Білуге тиіс:

      түрлі стильдегі ескерткіштердің ағаштан жасалған конструкцияларының ерекшеліктері;

      ағаш өңдейтін станоктар мен қолданылатын құралдардың құрылғысы;

      ағаш және столяр бірігулерінің түрлері;

      ескерткіштердің ағаштан жасалған күрделі конструкциялық элементтерін қайта салу технологиясының мәні;

      ескерткіштердегі араланған және жазық халықтың геометриялық оюдың амалдары;

      тоғыспа, ағаш ормандарын және көпір астын бекіту амалдары;

      мұнарларды, күмбездерді сызбалар бойынша бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

      212. Жұмыс үлгілері:

      1) шіркеу тяблолы, клиросты иконостастар, – фигуралық және кескіш тетіктерсіз қайта салу;

      2) киотар, сәкілер, пештер және ағаш үйдің басқа да интерьерлері – оюсыз жасау;

      3) терез қораптары және есік төсемдері, терезе ағаштары, жақтаулар, тұтқалар, сүйеніштер, сатылар, қүй қанатшалары – үлгілер, сызбалар, эскиздер бойынша қайта құрастыру;

      4) кресттер және күмбездердің, мұнаралардың, шатырлардың төбесіндегі басқа да аяқтамалар – материалдарды таңдай отырып және түрлі тәсілдермен бекіте отырып, жетіспейтін элементтерді қайта құрастыру;

      5) кронштейндер, голбицалар, байлау-баулар, төсемдер, лупнялар, төбелер – оюсыз жасау;

      6) бөренелі қабырғалар, профильді қапталған карниздер, ағаш бағандар, төбелердің, күмбездердің, шатырлар мен мұнаралардың шатыр тіреуіш конструкциялары – бүлінген учаскелерді және сынықтарды белгілеу; алдын ала дайындамай протездердің салмаларын орнату.

      Параграф 4. Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      6-разряд

      213. Жұмыс сипаттамасы:

      ерекше күрделі ағаш және столяр жұмысын орындап, ағаштан жасалған конструкциялық элементтерді қалпына келтіру және консервациялау;

      ескерткішті көшірген және қалпына келтірген кезде жоспар сызу;

      сызбалар және басқа да құжаттар бойынша күмбездердің, ағаш аркалардың жаңа қалыптарын сол жерде орната отырып жасау;

      жаңа шіркеулер, жел диірмендерін және ағаштан жасалған басқа да сәулет имараттарын белгілей отырып, бөлшектеу, таңбалау және тасымалдау;

      ірі өлшемді элементтердің шаблондарын жасау;

      ерекше жағдайларда ағаш конструкцияларының элементтерін бекіту.

      214. Білуге тиіс:

      түрлі стильдегі сәулет ескерткіштері туралы негізгі мәліметтер және олардың ерекшеліктері;

      ағаштың түрлері, оны өңдеу әдістері;

      қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар;

      қалыпқа келтіру кезінде қолданылатын байламдар мен бекіткіштердің түрлері;

      ағаш тетіктер мен фрагменттердің схемасын құрастыру ережесі;

      күмбездердің, аркалардың қалыптарының құрылғысы және оларды қалпына келтіру технологиясы;

      ірі өлшемді элементтердің, шаблондарын, қызыл жұқа тақтайды жасау, шегесіз шатырлар мен ағаш үй, шіркеу және тағы басқа құрылыстар интерьері элементтерінің фигуралық бөлшектерін жасау әдістемесі;

      сәулет ескерткіштерінің ағаштан жасалған ерекше күрделі конструкциялық элементтерін қайта құрастыру технологиясының мәні;

      сызбалар бойынша көп төбелі, шатырлы және ағаштан жасалған басқа да имараттарды бөлшектеу, көшіру және құрастыру әдістемесі.

      215. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      216. Жұмыс үлгілері:

      1) шіркеу тяблолы, клиросты иконостастар, қисық сызықты терезе және есік конструкциялары – ою және фигуралық бөлшектерді қайта құрастыру;

      2) шегесіз шатыр – қайта құрастыру;

      3) сәкілер, киотар, пештер, голбицалар және ағаш үйдің басқа да интерьерлері – өрнектелген үй оюларын қайта құрастыру;

      4) шатырға арналған қызыл жұқа тақтай – жасау.

      17. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

      Параграф 1. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      3-разряд

      217. Жұмыс сипаттамасы:

      кірпіштен, тастан конструкциялаған ғимараттарды, тастан және ганчтан жасалған профильді оюлы тегіс бөлшектерді қалпына келтіру және консервациялау;

      кірпіш немесе тас қалауларының бұзылған немесе тозған бөлігін қолмен, профильді және ойылған тас блоктарын ақырындап жекелеген тастарға бөлшектеу тасты немесе кірпішті ерітіндіден және қоқыстан тазарту, бөлшектелетін элементтерді таңбалау;

      бетін ерітіндімен көтере отырып, тігістерін тазалап және оларды мастикамен бітеп фундаменттерді гидроизоляциялау;

      қалаудың жағы мен массасы арасындағы кеңістікті шегендеу;

      қабырға, баған учаскелерін қатарлап қалау;

      негізгі қалаудың бұзылмаушылығын қамтамасыз ететін ұяшықтардың, жылтыраған жерлердің тесіктерін ақырындап тесу, олардың бетін тазалау;

      қабатталған қалауларды және профильді тас блоктарды және байлайтын ерітіндімен инъекциялаумен нығайту, инъекциялау тереңдігі 5 м дейін болған кезде тігістерді басу;

      жоғары білікті қалпына келтірушінің басшылығымен қалауды болат блоктар, рельстер, пирондар салу, тарту, қабырғалардағы бағандардағы, күмбездердегі байламдар арқылы нығайту;

      ерітінді дайындаумен әк бетін консервілеу;

      ескерткіш бетін арнаулы ерітінділермен жуу;

      ақ тастың, мәрмәрдің, граниттің бетін абайлап, қиын кететін ластанудан және сәулет тетіктерінің майлы бояуларынан қырлы бөренемен, қашаумен және басқа да құралдармен тазалау.

      218. Білуге тиіс:

      қабырға материалдарының, ерітінділердің негізгі түрлері және олардың қасиеті;

      қалау түрлері және оларды бөлшектеу ережесі;

      кірпіш клеймаларының негізгі түрлері және сәулет ескерткіштеріндегі олардың мөлшері;

      қолмен қалауда ұяшықтар, жылтыраған жерлерін, тесіктерді тесу әдістемесі;

      қалауды арматуралау және инъекциялау арқылы нығайту, ғимараттың үстіңгі бөліктерін консервациялау тәсілдері;

      қалаудың бетін ластанулардан және бояулардан тазалау технологиясының сәні;

      қарапайым сызбаларды оқу ережесі.

      Параграф 2. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      4-разряд

      219. Жұмыс сипаттамасы:

      фундаменттердің, қабырғалардың, тікбұрышты бағандардың, едендердің, алаңша мен сатылардың, шыршалы, қиғаштап және тік қатарланған, кірпіш және тас қалауларын, қатарларын дұрыстығын бау мен ватерпас бойынша сақтай отырып және тас пен ганчтан жасалған геометриялық өрнектердің профильді оюлы тетіктерін қалпына келтіру және консервациялау;

      фундаментті ақталған жекелеген бөліктерін байлау үшін штраб қалдыра отырып, учаске бойынша кезектеп қалау;

      жұмыс істеуге қиын жерлерге фундаментті жеткізу және нығайту;

      тозған жерлерін, бөлмейтін қалауларды сақтай отырып, абайлап бөлектеу және шабу;

      жаңа плиталар мен тастарды қатардан таңдап, түсі және сапасы бойынша іріктеп қалау және қатты тығыздау;

      қалауды болат блоктар, рельстер, пирондар салу, тарту, қабырғалардағы, бағандардағы, күмбездердегі байламдар арқылы нығайту;

      қабатталған қалауларды, инъекциялау тереңдігі 5 м артық болған кезде тігістерді баса отырып, байлайтын ерітіндімен инъекциялаумен нығайту;

      қалауды тігістерін арнайы әк ерітіндісімен толтыру жолымен, қатты желінген тастардың пішінін жаңадан сала отырып, арнайы цемент ерітіндісін жағу тәсілімен және дайын ерітіндімен тұтастай жағып, бетін жылтыратып, тегістеп немесе ажарлап тастың бетін мастикамен бітеп қалпына келтіру;

      ескерткіштердің цокольдарын таспен және гачпен қаптау;

      тасты, кірпішті фаскаға, жартылай білікке, білікке, үшбұрышқа, кесілген білікшелерге, жартылай шеңберге, плашкаға жону.

      220. Білуге тиіс:

      құрылыс материалдарының барлық түрі, олардың физикалық және химиялық қасиеті;

      қалауды тігістерін ерітіндімен, түрлі мастикалармен бітеу, цемент ерітіндісін жағу арқылы қалпына келтіру әдістемесі;

      штрабтары, сынықтары бар және қатты қысылған тозған учаскелерді шабу технологиясының мәні;

      штабтары бар учаскелерді фундаменттің, қабырғаның, тікбұрышты бағандардың, едендердің, алаң мен сатылардың сақталған бөліктеріне байламдау үшін қалау амалдары;

      қалауларды ашу және зондаждар өндірісі технологиясының әдістемесі және мәні;

      күрделілігі орташа сызбаларды оқу ережесі.

      Параграф 3. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      5-разряд

      221. Жұмыс сипаттамасы:

      дөңгелек, көпжақты және бөшке тәрізді бағадардың, барабандардың, төбелердің, маңдайшалардың, күмбездердің, аркалардың, закомарлардың, канелюрлы пилястрлардың, бағандар ордерлері базаларының, техникасы көне крепостнойлық монастыр қабырғаларының тістерінің және тастан және ганчтан жасалған өсімдік өрнекті профильді оюлы тетіктердің кірпіш және тас қауларын қалпына келтіру және консервациялау;

      қабырғаның түйісетін жерлерін қалаумен, штрабпен байламдау үшін қатарларды алу және қазық ұяшықтарын шабу;

      профильді тастарды тігістерін өңдеп, ерітіндіге қатарлау;

      карниздерді, белдемелерді, жақтауларды және басқа да сәулет тетіктерін қалпына келтіру кезінде бір бейінді кірпіш немесе тас тобына сызбалар және суреттер бойынша шаблондар жасау;

      көп сынған карниздердің, баған фусттарының, қисық сызықты сәулет элементтері базаларының тастарын немесе кірпіштерін жону, шаблон бойынша ойып, ысқылап фигуралық оюды шығару.

      222. Білуге тиіс:

      кірпіштен, буттан, мәрмәрден, граниттен, құмдақтан, базальттан және түрлі сәулет конструкцияларының басқа да материалдарынан қалау түрлері және тәсілдері;

      түрлі сәулет конструкцияларын ескі қалауларды штрабтап және байламдап, тігістерін өңдеп қалпына келтіру әдістері, күрделі сызбаларды және басқа да құжаттаманы оқу ережесі;

      шаблондарды жасау, кірпіш пен тасты жону, көшіргіш құралмен – пунктир-машинамен оюлаутехнологиясының мәні.

      Параграф 4. Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші,

      6-разряд

      223. Жұмыс сипаттамасы:

      беткі жағы таза жонылған кірпіш немесе тас қалауларын цилиндрлік немесе конустық жазық беті бар салмаларды салу және тас пен ганчтан жасалған сюжетті композицияны ою арқылы қалпына келтіру;

      тас плитадан жасалған жиектері жиектелмеген тұтқалар мен балясандарды, ескілерін шауып қалпына келтіру және консервациялау және жаңа тастарға ерітінді мен пирон салу;

      шашақты, қорапты, қалыпты, крестті, жартылай циркульді және тағы басқа аркаларды, күмбездерді қалау;

      бір бейінді тас пен кірпіш тобына шаблондар жасау;

      тас немесе кірпіш бойынша ою: әріптер, белгілер, славян шегіршіні, арқанды өрнек, жинағыш, гирлянда, маскалар және тағы басқа;

      сәулет бөлшектері желілерінің айқындығын жоғалтқан бейінді, мәрмәрдан, граниттен жасалған қаттаманы сол жерде жону, мүжілген жыныстарын кетіру, жақтарын бучардамен және қашамен өңдеу.

      224. Білуге тиіс:

      кірпіш пен тасты жону, сәулет тетіктер қолмен тас бойынша ою және ғимаратты қаптау түрлері және тәсілдері;

      беті таза жонылған кірпіш пен тасты салмалар салу және тас блоктардан жасалған тұтас элементтерді, тұтқаларды, балясинді қайта құрастыру арқылы қалпына келтіру технологиясының мәні;

      жинағыштарға, көп сынған карниздер баздарына және басқа да сәулет тетіктеріне, геометриялық және өсімдік өрнектеріне шаблондар жасаудың әдісі;

      сәулет ескерткіштерінің стильдік ерекшеліктері;

      жобалық, графикалық және суретті-мұрағатты құжаттамамен жұмыс істеу амалдары.

      225. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      18. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші

      Параграф 1. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 3-разряд

      226. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      жиһаздан өңдеу сырының қабатын, қалпына келтіруші ескі бітеулерді, мастикаларды кетіру;

      зең қара күйелерімен, балдырлармен, шыбын-шіркейлер бүлдірген заттарды дезинфекциялау және дезинсекциялау;

      шұңқыр емес жарықтар мен жапырылған жерлерді орнына келтіру;

      жиһаздың тегіс бетін ажарлау;

      балауыз бен лак жағу;

      текстура мен түсін келтіре отырып, шамалы желінген учаскелерді фанерлеу;

      бетін қыналар мен балдырлардан тазалау;

      сырланған және майлы дақтарды кетіру;

      мүсіннің азғана бөлшекке бөлінген сақталған фрагменттерін және ою рельефтерін құрастыру және жабыстыру, жиһазды элементтерге бөлу, түйіскен жерлерін тазалау және бекіту, жетіспейтін декоративтік-өрнектік фрагменттерін белгілеу, жазық оюлар жасау;

      конструкцияның жекелеген бөліктерін жасау;

      жиһаз заттарын және көркемдік паркеттерді бекіту, байламдау;

      әзірленген рецептура бойынша мастикалар, желімдер дайындау.

      227. Білуге тиіс:

      ағаш тұқымдарының негізгі техникалық сипаттамасы;

      ағаштың бүлінуінің негізгі түрлері және олардың пайда болу себептері;

      бетінің ластануын кетіру, қыналар мен балдырлардан тазалау, ескірген өңдеу қабатын және қалпына келтіруші ескі бітеулерді алып тастау технологиясының мәні;

      дезинфекциялау және дезинсекциялау тәсілдері;

      бұйымдардың сақталған фрагменттерін құрастыру және жабыстыру, сондай-ақ жиһаз затындағы жазық оюдың жетіспейтін фрагменттерін, конструкцияның жетіспейтін жекелеген бөліктерін, бекіткіштерді, байламдарды жасау амалдары;

      ағашты қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың қасиеті;

      қолданылатын құралдармен, аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу ережесі;

      ағашты өңдеудің негізгі тәсілдері.

      Параграф 2. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 4-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      негіздерін сіңдіру әдісімен бекіту;

      беті шамалы бүлінген заттардағы тұрақсыз бекітпелерді алып тастау;

      левкас негізіне дейін тік және қисық сызықты бетін тазалау;

      туындылардың азғана бөлікке бөлінген фрагменттерін демонтаждау, монтаждау және желімдеу;

      тесілген жарықтарды, сынықтарды, қатты жапырылғанды мастикамен және ағашпен бітеу;

      фанера аяқтарының кебуін ("чиж"); тесіктер мен саңылауларды жою;

      жазықтықта фанерлеудің біткен жерін жабыстыру;

      бітеу;

      тиектерін ауыстыру;

      рельеф оюының фрагменттерін, геометриялық пішін паркеттерінің элементтерін жасау;

      сурет бойынша түс жиынтықтарын (маркетри) жаңадан салу;

      берілген сурет бойынша оюлау;

      басқа материалдардан суреттерді салу;

      шеллачты политурамен ажарлау;

      бұйымдарды буып-түю және тасымалдауға дайындау.

      229. Білуге тиіс:

      ағаш негізін нығайту, ағаштан жасалған заттардан ластануды тазарту технологиясының мәні;

      азғана фрагменттен тұратын туындыларды демонтаждау, монтаждау және жабыстыру әдістері;

      жарықтарды, жапырылғанды, кебуді орнына келтіру, фанерленбеген жерлерді жабыстыру амалдары, деформацияларды түзету, желінген түс жиынтықтарын толтыру, жетіспейтін фрагменттерді жаңадан салу амалдары;

      ағаштан жасалған бұйымдарды қалпына келтіруде және консервациялауда қолданылатын табиғи және жасанды пигменттер мен желілердің, синетикалық шайырлардың қасиеті.

      Параграф 3. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 5-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      бөлшектері күйген, жазықтарды айтарлықтай желінген, деформацияланған және материалдары бұзылған туындыларды бекіту;

      қалпына келтіру кезінде материалдарды іріктеу;

      қатты ластануларды, бұрын жаңартқан қалдықтарды кетіру;

      түпнұсқа материалында ағаштан жасалған туындылардың жетіспейтін фрагменттерін жасау;

      бекітілген ұқсастықтар, суреттер, фотосуреттер бойынша туындыларды қайта салу;

      туындылардың көп бөлікке бөлінген фрагменттерін демонтаждау, монтаждау және жабыстыру;

      іріктеу және қорғау жабындарын жағу;

      күрделі селдір оюлардың желінгендерін толықтыру;

      қатты ағаштардан жасалған миниатюралық туындыларды, өрнектелген оюларды, маркетриларды, интарсияларды, нұсқаулықтары бар заттарды, түрлі ағаш тұқымынан жасалған, өсімдік өрнектері бар паркет жиынтықтарын қайта құрастыру.

      231. Білуге тиіс:

      қатты бүлінген туындыларды әзірленген әдістеме бойынша нығайту технологиясының мәні;

      түпнұсқа материалында фрагменттерді жасау әдістемесі;

      ұқсастықтары және түрлі құжаттар бойынша бұйымдарды қайта салудың ғылыми негіздемесі;

      көп фрагменттерден тұратын, барынша желінген туындыларды, сондай-ақ миниатюралық туындыларды демонтаждау, монтаждау және жабыстыру.

      Параграф 4. Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші, 6-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы:

      ерекше күрделі жұмыстарды орындап, ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      беткі қабаты және негіздері, түйіскен жерлері және желім массалары әбден тозған, физикалық-химиялық бүлінген туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      инкрустациялау, протездеу, левкастау және күрделілігі бойынша ұқсас жұмыстар;

      әр түрлі дәуірдегі және стильдегі жиһаздар мен паркеттерді, түрлі материалдардан өңделген, алтын жалатылған заттарды түрлі құжаттар, сызбалар, эскиздер және зертханалық зерттеулер негізінде қайта құрастыру және қайта салу.

      233. Білуге тиіс:

      ағаштан жасалған беткі қабаты мен негіздері, түйіскен жерлері және желім массалары химиялық-физикалық бұзылған туындыларды қалпына келтіру және консервациялау;

      түрлі құжаттар мен зертханалық зерттеулер негізінде туындыларды қайта құрастыру және қайта салу технологиясының негіздері;

      алтын жалатылған, сурет салынған, металмен, сүйекпен, таспен және басқа да материалдармен бұйымдарды қалпына келтіру әдістері.

      234. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      19. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші

      Параграф 1. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші,

      3-разряд

      235. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

      бейнесін немесе аналогын жақсы сақтай отырып, түсіру ремизі қолданылмаған толтырғыштарында матаға кестеленген күрделі емес ұлттық кесте суреттерін қалпына келтіру;

      дублириндеу материалын дайындау;

      түсі қанық матаны, гобелен мен кілемдерді шаң-тозаңнан тазалау, дезинфекциялау;

      оңай кететін кірден тазалау;

      тат, май, балауыз дақтарын кетіру, бұрынғы қалпына келтіру мен жаңартудың орындарын, жамаулар мен бауларын алып тастау;

      түкті бөлігінің жекелеген учаскелерін негіз жібін тарта отырып және палас бөлігін негізгі жібі мен арқауын өткізе отырып қалпына келтіру;

      торлап жамауға қажетті жіпті таңдау.

      236. Білуге тиіс:

      мата, гобелен мен кілемнің және ондағы өрімнің негізгі түрлері;

      қарапайым құрылымды матаны жасаудың технологиялық ерекшеліктері;

      түсіру ремизінсіз дәлме-дәл суреттер мен мата құрылымын жасау тәсілдері;

      қалпына келтіруде қолданылатын жіптің түрлері;

      торлап тігу тәсілдері және гобелен мен кілем жасаудың палас техникасы;

      матаны тез кететін кірден тазалау, мата мен гобеленді дезинфекциялау әдістері және дезинфекциялау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері;

      қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдар уыттылығының шамасы, олармен жұмыс істеген кездегі ақтық шаралары;

      кілемдерді қалпына келтіру сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші,

      4-разряд

      237. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

      мата мен гобелендегі тігілген күрделі емес суретті қалпына келтіру және нығайту;

      мата мен шілтерді инемен және желіммен құрамдастыру және дублириндеу;

      әр түрлі тігін суреттері мен ұлттық кесте әшекейлерін қалпына келтіру;

      қолмен тігілген гобелен мен кілемнің бастапқы суретін қалпына келтіру;

      мата мен тігінді беттік тігінінің кейінгі қабатталуынан ашу, алтынмен зерлеу;

      тігін матасын, тез оңатын бояумен боялған әшекейлерді кірден, ескі желімнен жалпы тазалау және жуу;

      қара күйе мен кішкентай қоңыздың іздері қалған мата мен гобеленді бояғыштарды таңдамай дезинфекциялау;

      мата, гобеленнен жасалған бұйымдар мен кілемді орау, тасымалдау және сақтау.

      238. Білуге тиіс:

      машинамен тоқылған кілемдер мен гобеленді қалпына келтіру әдіс-тәсілдері;

      өрім түрлері; "Штоф" және "Брокатель" типті қолмен жасалған матаның технологиялық ерекшеліктері, осы маталардың нақты суреттерін салу;

      кілем, гобелен мен матаның тығыздығын органолептикалық бағалау тәсілдері;

      көне орыс тігістерін қоса алғанда тігістер мен тігіннің түрлері;

      тігілген және әшекейленген матаны кірден, қара күйе мен кішкентай қоңыздың іздерінен жалпы тазалау, дезинфекциялау технологиясының мәні;

      бояғыштардың түрлері мен қасиеттері;

      дублириндеу матасын, жіпті күңгірттеу және матаны инемен және желіммен құрамдас дублириндеу әдістері;

      матаны бұрынғы тігіс қабаттарынан аршу әдістері;

      тігіннің, кестенің алтынмен және күміспен зерлеудің әр түрлі суреттерін қалпына келтіру.

      239. Жұмыс үлгілері:

      1) гобелен мен кілемдер – суретін қиыстырып келтіре отырып қайта пішу;

      2) гобелен мен кілемдер – негізін қалпына келтіре отырып торлап тігу;

      3) гобелен мен кілемдер – жекелеген бөліктерін таңдау және гобелен мен кілемге орнату;

      4) гобелен мен маталар – алтынмен зерлеп қалпына келтіру;

      5) гобелен мен маталар – күміспен зерлеп қалпына келтіру;

      6) гобелен мен маталар – інжумен зерлеп қалпына келтіру;

      7) алтынмен зерлеу – көне орыс тігісімен бекіту;

      8) күміспен зерлеу – көне орыс тігісімен бекіту.

      Параграф 3. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші,

      5-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі жұмыстарды орындай отырып, матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру және консервациялау;

      қолмен тоқылған матаны, гобелен мен кілемді бастапқы суретін, үлгі бойынша тығыздығы мен түсін қалпына келтіре отырып, қайта түрлендіру, суреттерін қайта құрылымдау;

      жіпті таңдау және бояу;

      мастиковка әдісімен қара күйе жеген матаны, гобелен мен кілемді қалпына келтіру;

      күрделі суретті фрагменттелген матаны, шілтерді және киімді желіммен және инемен құрамдас дублириндеу;

      бұзылған матаның фрагменттерін құрастыру;

      матадан, гобелен мен кілемнен жасалған қалпына келтірілген бұйымдарды қайта құрылымдау;

      әр түрлі кінәраттары бар матаны, гобелен мен кілемдерді өңдеу, деформациялар мен тұрақты кірлерді жою, гобелен мен кілемнің матасын бұрынғы қабаттар мен желім, май және басқа да бояулармен жазылған жазулардан аршу.

      241. Білуге тиіс:

      қолмен тоқылған гобелен мен кілемді қалпына келтіру тәсілдері мен әдістері;

      жіпті әр түрлі түстері бойынша іріктеу ережесі;

      бояудың негізгі түрлері;

      мата, гобелен мен кілемнің әр түрлі түрлері үшін қолданылатын бұрынғы және қазіргі заманғы бояулардың түрлері;

      әр түрлі кінәраттары бар мата, кілем мен гобеленге сіңдіру және тазалау технологиясының мәні;

      матаны, кілем мен гобеленді күрделі бұрынғы қабаттардан ашу әдістері;

      сақталған суреттер, үлгілер мен фотосуреттер бойынша матаның суреттері мен құрылымын қалпына келтіре тәсілдері;

      мата тоқу үшін толтырғыштарды жасау ережесі;

      жуу құралдарының сипаттамасы мен оны пайдалану әдістемесі;

      желімнің және матаны, гобелен мен кілемді консервациялау құралдарының рецептілері;

      көрмеге қою үшін құрастыру ережесі.

      242. Жұмыс үлгілері:

      1) гобелен мен кілемдер – түгі мен негізін қалпына келтіре отырып, ақаулы жерін торлап тігу;

      2) "асфаган", "Керман", "Тавриз" типті кілемдер-қайта пішу және тігу.

      Параграф 4. Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші,

      6-разряд

      243. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі жұмыстарды орындай отырып, бірегей және археологиялық экспонаттарды қоса алғанда, мата мен гобеленді, қалпына келтіру және консервациялау;

      әбден сіңген кірді тазалау, кейінгі қабаттарды жою;

      шіріген үлгілерді дублириндеу, бөлшектеу;

      бұйымдарды оған ұқсас бұйымдар, мұрағат материалдары, фотосуреттер, стильдік ерекшеліктері, лабораториялық зерттеулер тағы басқа бойынша қалпына келтіру;

      бетін тігуді тұтас май жазбасынан алу;

      мата мен гобеленді шіріген үлгілер, ұқсас түрлер мен суреттер бойынша, табиғи жіптер мен бояуды таңдай отырып қалпына келтіру.

      244. Білуге тиіс:

      әр түрлі дәуірдегі матаның стилистиалық және технологиялық ерекшеліктері;

      кез келген кірді тазалау әдістемесі мен құралдары;

      әр бір жеке жағдай үшін кез келген түрлі материал, құралдар мен айлабұйымдар дайындай отырып, матаны дублириндеудің барлық түрлері мен әдістері;

      шіріген үлгілерді оған ұқсас бұйымдар, мұрағат материалдары, фотосуреттер, стильдік ерекшеліктері, лабораториялық зерттеулер тағы басқа бойынша қалпына келтіру тәсілдері.

      245. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      20. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші

      Параграф 1. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына

      келтіруші, 2-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы:

      фарфордан, шыныдан, қыштан, пластмассадан, майоликтен, металл мен басқа да материалдардан жасалған көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды біліктілігі анағұрлым жоғары қалпына келтірушінің басшылығымен қалпына келтіру және консервациялау;

      бөлшектерді іріктеу және бетін желімдеуге дайындау;

      желімнің жіктерін тазалау;

      бояуларды белгіленген рецептілер бойынша дайындау;

      сәл үйкелеп және жетілдіре отырып, бұйымдарды күңгірттеу және сурет салу;

      қуыршақтың және басқа да ойыншықтардың жекелеген тораптары мен бөлшектерін шарнир, резина, ілмектің көмегімен жабыстыру;

      бөлшектерді монтаждауға таңдау және дайындау.

      247. Білуге тиіс:

      бұйымдар мен заттарды жабыстыру технологиясының мәні;

      желімделетін материалдардың қасиеттері;

      бұйымдарды жабыстыру және сурет салу бойынша қарапайым операцияларды орындау тәсілдері;

      жұмыста қолданылатын желім мен бояудың рецептурасы;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың, айлабұйымдар мен құралдардың жұмыс қағидаты мен қолданылу ережесі;

      ойыншықтардың құрылысы;

      айнаны өңдеу тәсілдері және оның бетіндегі айғызды сүрту ережесі.

      248. Жұмыс үлгілері:

      1) қыша сауыты, қақпақ, күл салғыш, рюмка, тұз салғыш – жабыстыру;

      2) тік бұрышты формалы айна – күміс пленкалы қорғаныш қабатын өңдеу, оң бетінен сурик, күміс лагының ақпаларын алу.

      Параграф 2. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына

      келтіруші, 3-разряд

      249. Жұмыс сипаттамасы:

      фарфордан, шыныдан, қыштан, пластмассадан, майоликтен, металл мен басқа да материалдардан жасалған көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіру және консервациялау;

      тік иілген аздаған фрагменттен бұйымдар мен заттарды, желімнің шығуын тазалай отырып, жіктеріндегі шағын кемшіліктері мен сынықтарын бітей отырып жабыстыру және кейіннен күңгірттеу;

      мастиканы белгіленген рецепт бойынша дайындау;

      бояу таңдау;

      үш тонға дейін жаға отырып, бұйымдардың желімделген жерлерін күңгірттендіру;

      кірден, коррозия өнімдерінен тазалау;

      оңай кететін кірді, ескі қалпына келтіруден қалған қалдықтарды, желімді, жазуларды щеткамен, скальпельмен, жуу құралдарымен және белгіленген рецептура бойынша ерітіндіге шыланған компрестермен тазалау;

      металды майсыздандыру;

      шағын кемшіліктерді, сынықтарды, жарықтарды, шұңқырларды толтыру массасымен толтыру;

      суретті қалпына келтірмей, тегістеу, жылтырату, күңгірттеу;

      гипстен, балауыз бен ермексаздан қалып жасау, бөлшектерді қалыпқа қалыптау;

      алғашқы күйдіру;

      температуралық режимді бақылау;

      бітеме мен массаны дайындау, бұйымдар мен заттарды қалпына келтіруге қажетті дайындамаларды кесу;

      металдан құйылған бөлшектердің кемшіліктерін қалпына келтіру кезінде – құюдан кейінгі қарапайым өңдеу.

      250. Білуге тиіс:

      негізгі материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      мастика рецептурасы;

      берік және тегіс жік алуды қамтамасыз ететін тәсілдер;

      бұйымдар мен заттарды бояу тәсілдері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың, айлабұйымдар мен құралдардың құрылысы;

      ойыншықтарды іске қосу механизмдерінің құрылысы;

      тігу тәсілдері және оңай кететін кірді тазалау;

      жарықтарды, жіктер мен сынықтарды бітеу технологиясының мәні.

      251. Жұмыс үлгілері:

      1) құмыра, кәдесый, тарелкалар, чашкалар – жіктерді өңдей отырып жабыстыру;

      2) сфералық және фигуралы айна – күміс пленкалы қорғаныш қабатын өңдеу, оң бетінен сурик, күміс лагының ақпаларын алу;

      3) ойыншық – дыбыстау механизмін бекіте отырып жабыстыру;

      4) әртүрлі бұйымдар мен заттар – ауқымы 1 см2 кіші шұңқырларды, саңылаулар мен жарықтарды бітеу;

      5) хрустальдан жасалған заттар – бөлшектеу;

      6) мұқият орындалған анатомиялық формасыз жасалған мүсіншелер – жіктерін бітей отырып жабыстыру;

      7) шыныдан жасалған экспонаттар – жабыстыру.

      Параграф 3. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына

      келтіруші, 4-разряд

      252. Жұмыс сипаттамасы:

      бөлшектерге бөлінген, бір немесе бірнеше тораптарда біріккен, фарфор, фаянс, шыны, хрусталь, майолик, металл мен басқа да материалдардан жасалған күрделі бұрылысы бар қарапайым және күрделілігі орташа конфигурациялы көркемдік бұйымдар мен декоративтік құралдарды қалпына келтіру және консервациялау;

      желім таңдау;

      қалпына келтірілетін бұйымдарды күңгірттеуге арналған бояу мен лакты таңдау және екіден беске дейін әртүрлі тонды жаға отырып, қосылған жерлерін бояу;

      бұйымның бетіне лакты көп қабаттап және тегістеп жағу;

      бетіндегі әбден сіңген кір мен жазуларды белсенді жуу құралдарының көмегімен, электролиттік және электромеханикалық тәсілмен тазалау;

      тік кескінді шыныдан жасалған бұйымдардың жоғалған фрагменттерін нығыздау және қолмен тегістеу әдісімен қалпына келтіру;

      шыныны шаблон бойынша кесу;

      екі бөліктен тұратын қалыптарды алу және жасау;

      левкас, бітеме мен бітеу массасын рецептура бойынша дайындау;

      оймаланған суреттер мен рельефке ұқсатып жасау;

      дәнекерді, бекіткішті, ұсталық дәнекерді пайдалана отырып, қара және түсті металдан жасалған бұйымдарындағы құрастыру.

      253. Білуге тиіс:

      бұйымдарды қалпына келтіру мәні, технологиясы және тәсілдері;

      бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдарың негізгі техникалық қасиеттері мен сипаты;

      көркем жазуды қалпына келтірудің бірізділігі;

      бұйымдарды әртүрлі бояулармен күрделі қаптау тәсілдері;

      бұйымдарды лактау технологиясының мәні;

      сіңген кірді тазалау технологиясының мәні;

      мүсін мен декорды монтаждау және жабыстыру тәсілдері;

      бұзылған жерлерді осыған ұқсас бұйымдарға қарап қалпына келтіру әдістемесі;

      табиғи және жасанды пигменттерді, бояулар мен қоспаларды қалпына келтіру әдістемесі;

      металдан жасалатын қолданбалы өнердің стильдік ерекшеліктері.

      254. Жұмыс үлгілері:

      1) рельефті құмыра, кофе пісіргіш, қант сауыты, анатомиялық формасы мұқият жасалған мүсіншелер, шәйнектер – жабыстыру;

      2) ойыншықтар – дыбыс механизмдерін бекіте отырып жабыстыру;

      3) әр түрлі бұйымдар - ауқымы 1 см2 шұңқырларды, саңылаулар мен жарықтарды бітеу;

      4) люстралар, бра, басқа да жарықтандырғыш құралдар - фрагметтерін монтаждау;

      5) рюмкалар, фужерлер, қолмен қырланған хрустальдан, венециандық шыныдан жасалған бокалдар – жабыстыру;

      6) жұқа қабатты бедерлі заттар – шұңқырларын бітей отырып жабыстыру;

      7) көп фигуралы мүсіншелер – жабыстыру.

      Параграф 4. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына

      келтіруші, 5-разряд

      255. Жұмыс сипаттамасы:

      жетіспейтін бөліктерін үлгілер, суреттер мен фрагменттер бойынша қалпына келтіре отырып, фарфор, фаянс, қыш, шыны, хрусталь, металл мен басқа да материалдардан жасалған күрделі көркемдік және көне бұйымдар мен декоративтік құралдарды қалпына келтіру;

      қалпына келтірілетін бөлшектерді жасау үшін қажетті құрамды дайындау;

      бес тоннан артық тон жаға отырып, жазуларын күңгірттеу;

      жұқа айшықты ойма мен бедерді қалпына келтіру;

      көп түсті жазуды қалпына келтіру, глазурьге ұқсатып жасау кезінде күңгірттеу;

      майысқан металл бөлшектерді түзету, рельефтігінен айрылған суреттерді бедерлеу, инкрустация;

      айтарлықтай жойылған жерлерін сақталған бөлшектер, суреттер, эскиздер мен фото және басқа да құжаттар бойынша қалпына келтіру;

      қалып пен үлгіні жасай отырып және бөлшектерді құя отырып, бұйым материалында аяқталмаған жерлерін аяқтау массасымен бітіру;

      тегістеу, жылтырату, күңгірттеу және басқа да өңдеу жұмыстары;

      қалың шыныны кесу және оны суреттің құрсауына салу;

      қиын кететін қабаттарды, қалпына келтіру жазбаларын жуу құралдары мен химреактивтерді арнайы таңдай отырып жою;

      материалдарды құрылысы мен түсі бойынша таңдай отырып, бұйымдар мен заттардың айтарлықтай жойылған жерлерін қалпына келтіру.

      256. Білуге тиіс:

      бұйымдар мен заттарды қалпына келтіру тәсілдері;

      көркем жазуды күңгірттеу ережесі;

      бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері;

      эмаль мен лактың, бітеу массасының рецептурасы;

      желім мен бояудың сапасына қойылатын талаптар;

      оймалау және бедерлеу тәсілдері;

      эмальмен жұмыс істеу негіздері;

      қатты бүлінген туындыларды нығайту технологиясының мәні;

      әр түрлі материалдардан жасалған көркемдік бұйымдарды монтаждау және бекіту әдістері.

      257. Жұмыс үлгілері:

      1) құмыра, тарелкалар, кеселер және басқа да тұрмыстық заттар – жетіспейтін бөлшектерін қалпына келтіру;

      2) зерәйнек – монтаждау;

      3) қолмен жасалған бұйымдар – көркем суретін қалпына келтіре отырып, мәрмәр, сүйек, перламутрға ұқсатып бояу;

      4) изразец – жетіспейтін бөлшектерін қалпына келтіру;

      5) үлкен экспонаттар – шаблондарды пайдалана отырып жабыстыру.

      Параграф 5. Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына

      келтіруші, 6-разряд

      258. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі көркемдік және көне бұйымдар мен фарфор, фаянс, қыш, шыны, хрусталь, металл мен басқа да материалдардан жасалған декоративтік құралдарды қалпына келтіру және консервациялау;

      бұйымдарды үлгілер немесе аналогтар, қалпына келтірудің эскиздік жобалары бойынша қалпына келтіру;

      жабыстырылған және бітелген жерлерінің, суретін қалпына келтіруді қажет ететін жерлерінің рельефі мен фактурасын қалпына келтіру;

      айшықты, толқынды, қыздырылған шыныны кесу, қайрау және сурет рамасына орнату;

      хрустальдан күрделі сурет бедерлеу;

      қалпына келтірілген бөлшектерді жылтырату;

      заттардың майысқан жерлерін, металды соза отырып, кейіннен суретін түзете отырып түзету;

      бейнелік, портреттік суреттердің жекелеген бөлшектері мен жекелеген бөліктерінің бұйымдарының бетінде қалпына келтіру және мүсіндік өңдеу;

      өте жұқа бедерлемені қалпына келтіру;

      миниатюрада қалпына келтіру және консервациялау;

      өнімдердің иризациясын, тұздың кристалдануын тоқтату;

      фрагменттердің штифтілеріне, каркастарына жабыстыру және бекіту;

      бірегей фрагменттердің қалыбын алу және жасау, бейнені күңгірттеу және қалпына келтіру;

      сақталған фрагменттер бойынша түстерді таңдай отырып, эмаль дайындау.

      259. Білуге тиіс:

      әр елдің және дәуірдің фарфор мен фаянс маркалары;

      фарфор мен фаянстан бұйымдар жасау технологиясының негіздері;

      бұйымдарды қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері;

      бұйымдарды өңдеудің амалдары мен тәсілдері;

      түс тану және сурет композицияларының негіздері;

      көлеңкелер жасаудың заңдары;

      керамикалық бұйымдарды жоғары көркемдік әшекейлеу амалдары;

      оюлау амалдары;

      мүсін мен пластика тарихы;

      әр дәуірдің және мектептердің мүсіндері мен декорының стилистикалық ерекшелігі;

      антикварлық, археологиялық, теңдессіз бұйымдарды және заттарды қалпына келтірудің айрықшалығы.

      260. Орта кәсіптік білімді талап етіледі.

      261. Жұмыс үлгілері:

      1) барельефтер, горельефтер, өрнектер – қайта құрастыру;

      2) динамикалық қалыпта тұрған, терең бүрмеленген киімдегі сипатталған және мұқият өңделген бет пішіндері көрсетілген адамдардың мүсіндері – қайта құрастыру;

      3) композициялы көп фигуралық мүсіндер – қайта құрастыру.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(57-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с№

Кәсіптің атауы

Разрядтар диапазоны

беті

1.

Зерәйнекші

2-6

2

2.

Сөре декораторы

3-6

6

3.

Бүрмелеу

1-5

7

4.

Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы

1-7

9

5.

Макеттік-үлгі жобалау макетшісі

1-6

13

6.

Театрлық-қойылымдық макеттердің макетшісі

3-6

17

7.

Көркемдік макеттердің макетшісі

3-6

19

8.

Монументтік-декоративті бейнелеу өнерінің мозайкашысы

2-6

22

9.

Экспозиция және көркемдік-бедерлеу жұмыстарының монтажшысы

3-6

26

10.

Көркем туындыларды орнатушы

2-5

28

11.

Мұрағат және кітапхана материалдарын қалпына келтіруші

3-6

31

12.

Декоративтік-көркемдік бояуларды қалпына келтіруші

3-6

34

13.

Декоративтік сылақ пен жапсырма бұйымдарын қалпына келтіруші

3-6

37

14.

Шатыр жабындарын қалпына келтіруші

3-6

41

15.

Металл конструкцияларын қалпына келтіруші

3-6

44

16.

Ағаштан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

3-6

46

17.

Тастан жасалған сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруші

3-6

50

18.

Ағаштан жасалған туындыларды қалпына келтіруші

3-6

54

19.

Маталар, гобелендер мен кілемдерді қалпына келтіруші

3-6

57

20.

Көркемдік бұйымдар мен декоративтік заттарды қалпына келтіруші

2-6

61


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады