"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 596 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 желтоқсанда № 8121 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 134 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2014 № 134 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Iшкi iстер министрiнiң  
2012 жылғы 9 қарашадағы 
№ 596 бұйрығымен бекiтiлген

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу
үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) тұтынушы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш бiлдiрген 18 жастан, ал некеде тұратындар - 16 жастан асқан азаматтары;
      2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.
      3. Мемлекеттік қызметті стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 54-56-баптарының;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу қағидаларының» 5-10-тармақтарының;
      3) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
      6. Тұтынушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттар ресімдеу не болмаса қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттiк қызметті тұтынушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сондай-ақ сенбi күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) mvd.gov.kz және облыстардың, Астана, Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде, сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      12. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің
(өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

      13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі, онда:
      құжаттың нөмірі мен қабылданған күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрін;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ-лар:
      1) iшкi iстер органының қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттiк бөлiмнің, бөлімшесінің, тобының (бұдан әрі - ҚАІІО) көшi-қон полициясы бөлінісінің қызметкерi;
      2) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ІІД Көшi-қон полициясы басқармасының қызметкерi;
      3) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Ұлттық қауіпсіздік департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД) қызметкері;
      4) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті аумақтық бөліністерінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСжАЕК) қызметкері;
      5) облыстардың, Алматы және Астана қалалары Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің (бұдан әрі - САОД) қызметкері;
      6) облыстардың, Алматы және Астана қалалары Салық департаментінің (бұдан әрі - СД) қызметкері;
      7) қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық, қаладағы аудандық басқарманың (бөлімнің) (бұдан әрі - ҚБ) қызметкері қатысады.
      16. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін
құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк
қызмет регламентiне      
1-қосымша           

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен өзара iс-қимыл
жасасуының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

№ іс-әрекет (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

2

ҚФБ атауы

ҚАІІО

ҚАІІО

3

Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

өтініш берушінің құжаттарының пакетін қабылдау және тексеру

құжаттарды ІІД-ге жолдау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

журналда тіркеу және алғаны туралы анықтама беру

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімі

10 минут

2 күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

      1-кестенің жалғасы

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

3

4

5

6

2

ІІД

ІІД

ҰҚКД

ҚР БП ҚСжАЕК

3

мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне материалдарды тексеру

материалдарды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжАЕК-ге, САОД-ге, СД-ге келісуге жолдау

мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

4

Қорытынды

Сұрау салу

Қорытынды

Қорытынды

5

5 күн

2 күн

10 күн

10 күн

6

4

5, 6, 7, 8

9

9

      1-кестенің жалғасы

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

7

8

9

10

2

САОД

СД

ІІД

ІІД

3

мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

шешім шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін ресімдеу

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін ресімделген құжаттарды ҚАІІО-ға жолдау

4

қорытынды

қорытынды

шығуға ресімделген құжаттар

ілеспе хат

5

10 күн

10 күн

3 күн

2 күн

6

9

9

10

11

      1-кестенің жалғасы

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

11

12

13

14

2

ҚАІІО

ҚБ

ҚАІІО

ҚАІІО

3

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу туралы тұтынушының хабарлауы және әскери есептен шығу және әскери билетті тапсыру үшін ҚБ-ға жолдама беру

тұтынушыны әскери есептен шығару және әскери билетті тапсырғаны туралы анықтама беру

тұтынушыны Қазақстан Республикасы аумағынан тұрақты тұру жері бойынша тіркеуден шығару

өтініш берушіге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін дайын құжаттарды беру

4

жолдама

анықтама

шығу мекенжай парағы


5

2 күн

1 күн

1 күн

10 минут

6

12

13

14


2. Кесте. Пайдалану варианттары. Негізгі процесс - Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін
құжаттарды ресімдеу

Негiзгi процесс (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

ІІД

ҰҚКД

ҚР БП ҚСжАЕК

1. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және тексеру

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне материалдарды тексеру

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

2. Толық құжаттарды ІІД-ге жолдау

4. Материалдарды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжАЕК-ге, САОД-ге, СД-ге келісуге жолдау



11. Тұтынушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлау және әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру үшін ҚБ-ға жолдама беру

9. Шешім шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін ресімдеу



13. Тұтынушыны Қазақстан Республикасы аумағынан тұрақты тұру жері бойынша тіркеуден шығару

10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін ресімделген құжаттарды ҚАІІО-ға жолдау



14. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін дайын құжаттарды беру




      2-кестенің жалғасы

Негiзгi процесс (жұмыс барысы, ағыны)

САОД

СД

ҚБ

7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

12. Тұтынушыны әскери есептен шығару және әскери билетті тапсырғаны туралы анықтама беру

3-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін құжаттарды ресімдеуден бас
тарту

Негiзгi процесс (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

ІІД

ҰҚКД

ҚР БП ҚСжАЕК

1. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және тексеру

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне материалдарды тексеру

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

2. ІІД-ге толық құжаттарды жолдау

4. Материалдарды ҰҚКД-ге, ҚР БП ҚСжАЕК-ге, САОД-ге, СД-ге келісуге жолдау

6. Стандарттың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде тиісті ақпаратты ІІД-ге жолдау

8. Стандарттың 16-тармағының 2)3) тармақшаларындакөзделген негіздер болған кезде тиісті ақпаратты ІІД-ге жолдау

15. Тұтынушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығудан бас тарту туралы хабарлау

13. Уәкілетті органның шешімінің негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығудан бас тарту туралы шешім шығару




14. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығудан бас тарту туралы шешімді ҚАІІО-ға жолдау



      3-кестенің жалғасы

Негiзгi процесс (жұмыс барысы, ағыны)

САОД

СД

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің жоқ екеніне тексеру

10. Стандарттың 16-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде тиісті ақпаратты ІІД-ге жолдау

12. Азаматтың салық борышы болған жағдайда тиісті ақпаратты ІІД-ге жолдау

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін
құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне      
2-қосымша           

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің
қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады