Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8196 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 33 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және:

      1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) оториноларингологиялық көмекті ұйымдастыруды және көрсетуді;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы (С.Ж. Жандаев) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 801 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.

      2. Халыққа мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары кұлақ, мұрын және тамақ (бұдан әрі - ЛОР мүшелердің аурулары) аурулары бар науқастарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.

      3. Ересектер мен балаларға оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас оториноларинголог (республиканың, облыстық, қаланың) дәрігер маман үйлестіреді.

      4. Оториноларингологиялық көмек Қазақстан Республикасында аудандық, қалалық, республикалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емханалардың оториноларингологиялық кабинеттерінде жүзеге асырылады.

      5. Халыққа оториноларингологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.

      6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.

      7. Консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек аудандық, облыстық, қалалық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда көрсетіледі.

      8. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 нөмірімен тіркелген) үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

      9. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымдардың Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі
міндеттері мен функциялары

      10. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру есебінен ЛОР мүшелердің ауруларын төмендету;

      2) оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      3) медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.

      11. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қойылған міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ЛОР мүшелердің патологиясын тиімді ерте анықтау және іс-шараларды уақтылы өткізу;

      2) оториноларингологиялық көмекті қазіргі заманғы деңгейде көрсету;

      3) диспансерлік бақылау;

      4) амбулаториялық және стационарлық жағдайларда ЛОР мүшелерге операциялық емнен кейін пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалту;

      5) дені сау халықтың арасында ЛОР мүшелердің аурулары дамуының профилактикасы;

      6) қызмет ету аумағында оториноларингологиялық көмектің жағдайын және есептік және басқа да құжаттарды статистикалық өңдеу негізінде оның медициналық көмекті бағалау индикаторына сәйкес екендігін талдау;

      7) консультациялық және ұйымдастырушылық - әдістемелік көмекті ұйымдастыру;

      8) медициналық ұйымдардың құрамына кіретін бөлімшелердегі науқастарға консультациялық көмек көрсету, соның ішінде шұғыл түрдегі көмек;

      9) оториноларингологиялық қызметті жаңғырту және дамыту жөнінде нормативті құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасауға қатысу;

      10) ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;

      11) сараптама жасауға жататын ғылыми–медициналық қызмет объектілеріне ғылыми–медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;

      12) кеңестер, семинарлар, конференциялар, конгрестер, сьездер ұйымдастыру және/немесе өткізу;

      13) оториноларингологиялық және қатар жүретін пәндер бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және/немесе өткізуге қатысу;

      14) магистранттарды және PhD докторанттарын, резидентура тыңдаушыларын даярлауға қатысу;

      15) республикалық және халықаралық медициналық ұйымдармен сектораралық қарым-қатынастарды дамыту;

      16) медициналық препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі, зертханалық және клиникалық зерттеулер жүргізу;

      17) емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыруға және ауруханалық өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу.

3. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық
сақтау ұйымдарының құрылымы

      12. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өздеріне жүктелген қызметке қарай мынадай түрде ұйымдастырылады:

      1) аудандық, қалалық емханалардың, жекеменшік нысаны бар медициналық ұйымдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының оториноларингологиялық кабинеті түрінде;

      2) консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшесі түрінде құрылады;

      3) оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде шұғыл оториноларингологиялық көмек орталықтары бар балалар бөлімшесі;

      4) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелердің) мамандандырылған кабинеті (фониатриялық, сурдологиялық кабинеттер) түрінде құрылады.

4. Аудандық, қалалық емханалардың, жеке меншік нысаны бар
денсаулық сақтау ұйымдары және медициналық ұйымдардың
құрылымындағы оториноларингологиялық кабинет

      13. Оториноларингологиялық кабинет (бұдан әрі - ЛОР-кабинет) - тәуліктік бақылауды талап етпейтін ЛОР мүшелерінің аурулары кезінде консультациялық, диагностикалық, емдік және оңалту көмегін жүзеге асыратын медициналық ұйымның құрылымдық бөлігі болып табылады.

      14. ЛОР кабинеттің құрылымы және медициналық және өзге қызметкерлерінің штаттық саны атқарылатын емдік–диагностикалық жұмыстың көлеміне сай және қызмет көрсететін халық санына сәйкестендірілген штаттық нормативтерді есепке ала отырып ол құрылатын медициналық ұйымның басшысымен бекітіледі.

      15. ЛОР кабинеттің дәрігері лауазымына "оториноларингология" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандарға тиісті біліктілік талаптарына сәйкес маман тағайындалады.

      16. ЛОР кабинеттің құрылымында мыналар көзделеді:

      пациенттерді қабылдауға арналған бөлме (қарау бөлмесі);

      ЛОР кабинеттің функциясына кіретін емдеу шараларын атқаратын бөлме (манипуляция бөлмесі).

      17. ЛОР кабинет мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

      1) ЛОР мүшелерінің аурулары бар науқастарға және ЛОР мүшелерінің аурулары пайда болу қаупі жоғары және олардың асқынулары бар тұлғаларға консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;

      2) науқастарға диагностикалық және емдік шаралардың жасалуын бақылау;

      3) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарды медициналық ұйымдарға оңалтуға және операциялық ем алуға іріктеу және бағыттау;

      4) ЛОР мүшелердің аурулары кезінде операциялық ем алған науқастарды бақылау және оңалту;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 нөмірімен тіркелген) Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарау қағидаттарына сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарау жүргізу;

      6) Дауыс аппаратының аурулары, есту қызметінің бұзылулары, ЛОР мүшелердің онкологиялық және кәсіби аурулары бар науқастарды анықтау және оларды консультация алуға бағыттау, қажет жағдайда сәйкес мамандық мамандарына емдеуге жіберу;

      7) уақытша жұмысқа жарамсыздықты сараптауды жүзеге асыру, қажет жағдайда мүгедектік тағайындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға бағыттау;

      8) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;

      9) пациенттерге және олардың туыстарына ЛОР мүшелердің ауруларын анықтау, емдеу және саламатты өмір салтын жүргізуге санитариялық-ағартушылық жұмыстарды өткізу;

      10) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу;

      11) қызмет көрсететін аймақ тұрғындарының ЛОР мүшелердің аурулары кезіндегі ауруының, мүгедектігінің және өлімінің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерін талдау жасауға қатысу;

      12) қызмет туралы есептік және есеп берушілік құжаттарын жүргізу және есеп беру.

      18. ЛОР мүшелердің патологиясы бар науқастарға ЛОР кабинетте оториноларингологиялық көмек көрсету осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес оториноларингологиялық кабинетте амбулаториялық орындалған манипуляциялардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Оториноларинголог дәрігердің консультациясы алдын ала (немесе қорытынды) диагнозды, қосалқы ауруларын, сондай-ақ бар зертханалық және функциялық зерттеулерді көрсете отырып, учаскелік қызмет (терапевт, педиатр, ЖПД) дәрігерінің жолдамасы бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

      20. Науқаста дауыс аппаратының ауруы анықталған кезде науқас фониатриалық көмек көрсететін диагностика, қажетті емдік және оңалту шараларын өткізетін оториноларингологиялық кабинетке жіберіледі.

      21. Есту қабілетінің бұзылуына байланысты науқастың аурулары анықталған жағдайда пациент диагностикалау, емдеу тәсілін анықтауға, қажетті емдік және реанимациалық шаралар өткізу және диспансерлік бақылау үшін сурдолог дәрігерге жіберіледі.

      22. Сурдолог дәрігер медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес көрсетеді.

      23. Науқаста ЛОР мүшелердің онкологиялық аурулары анықталған жағдайда науқас диагнозын нақтылау және пациент одан әрі қарап-тексеру тәсілін анықтау үшін онкологиялық диспансерге жіберіледі. Науқасты одан әрі емдеу мен бақылау онколог дәрігер мен оториноларинголог дәрігердің бірлесіп жұмыс істеуімен жүзеге асырылады.

5. Консультациялық-диагностикалық орталықтың,
амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың
амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі

      24. Амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      25. Амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) консультацияға жіберілген науқастарды тереңірек тексеру және диагнозын дәлелдеу;

      2) амбулаториялық жағдайда ЛОР мүшелерге қазіргі заманғы және тиімді хирургиялық араласуларды орындау және енгізу;

      3) ЛОР мүшелердің патологиясын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін клиникалық практикаға енгізу және олардың тиімділігін талдау;

      4) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;

      5) ЛОР мүшелердің патологиясының профилактикасы бойынша санитариялық-ағартушылық жұмыстар, соның ішінде балалардың;

      6) есептік-есеп берушілік құжаттама жүргізу, қызмет туралы есеп беру.

      26. Оториноларингологиялық амбулаториялық–емханалық бөлімшенің төсектік қуаттылығы, бейіні және жұмыс тәртібі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша ол құрылған ұйымның басшысы анықтайды.

      27. Оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшеге жіберу, емдеуге жатқызу, оториноларингологиялық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1472 қаулысымен бекітілген Стационарды алмастырушы көмек көрсету қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Консультациялық-диагностикалық орталықтың, облыстық (қалалық, аудандық) көп бейінді ауруханасының оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшесі мынадай кабинеттер және бөлімшелерді қамтиды:

      1) оториноларингологиялық консультациялық;

      2) күндізгі стационар;

      3) амбулаториялық ЛОР - хирургия.

      29. Оториноларингологиялық консультациялық кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) аудандық және қалалық емханалардың дәрігерлері жіберген науқастардың консультациясын;

      2) қазіргі заманғы әдістерді қолдану арқылы қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулердің көмегімен диагнозын дәлелдеу;

      3) пациенттерді стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;

      4) науқастарды одан әрі МСАК және күндізгі стационар деңгейінде емдеуге ұсыну.

      30. Күндізгі стационар кереуеттері амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін консультациялық-дианостикалық орталықтардың, көп бағдарлы облыстық (қалалық, аудандық) ауруханалардың және республикалық деңгейдегі ауруханалардың құрамында, мынадай функцияларды жүзеге асыру үшін құрылады:

      1) Жағдайы тәулік бойы бақылауды және стационарда емделуді талап етпейтін ЛОР мүшелердің аурулары бар ересектер мен балаларға стационарды алмастыратын көмек көрсету;

      2) диспансерлік науқастарға емдік және профилактикалық іс-шаралардың жүйелі түрін жасау;

      3) диагнозы алғашқы рет қойылған немесе созылмалы науқастардың ауруының ауырлық деңгейі өзгерген кезде емдік шараларды таңдау;

      4) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы жетістіктерін амбулаториялық клиникалық тәжірибеге енгізу;

      5) Оториноларингологияның өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының алғашқы буын дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысу;

      6) Қызмет көрсететін аймақтағы халыққа көрсетілетін оториноларингологиялық көмектің жағдайын, ЛОР мүшелердің ауруларынан халықтың сырқаттануы және өлімін, емдеудің тиімділігін, науқастарды тексеру және оларды емдеуге жатқызу мерзімін, ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын және олардың мүгедектікке шығуы жағдайларына талдау жасау және талдау жүргізу;

      7) есепті және есеп беру құжаттамасын жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.

      31. Күндізгі стационар функцияларын жүзеге асыру үшін медициналық ұйымның барлық клиникалық және параклиникалық бөлімдерін пайдаланады.

      32. Амбулаториялық ЛОР-хирургия бөлімшесі ЛОР мүшелердің патологиясы бар науқастарға амбулаториялық жағдайда оториноларингологиялық хирургиялық көмек көрсетуге арналған және мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) амбулаториялық операциялар жасауға науқастарды скринингтеу;

      2) Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ЛОР мүшелерге амбулаторияда жасалатын Хиругиялық араласулар тізбесіне сәйкес ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға хирургиялық көмек көрсету;

      3) операциядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау және қажетті манипуляцияларды атқару;

      4) Науқастарды және оларға күтім жасайтын адамдарды операциядан кейінгі кезең тәртібіне үйрету.

6. Оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде
оториноларингологиялық шұғыл көмек көрсететін орталығы
бар балалар бөлімшесі

      33. Оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде балалар бөлімшесі (бұдан әрі - стационарлық бөлімше) тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін науқастарды емдеуге арналған көп бағдарлы ауруханалардың (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ауруханада мамандандырылған оториноларингологиялық бөлімше болмаған жағдайда, оториноларингологиялық төсектер хирургиялық бейінді бөлімшеде қалыптастырылады.

      34. Стационарлық бөлімшені медициналық ұйымның басшысы тағайындайтын және орнынан босататын меңгерушісі басқарады. Стационарлық бөлімше меңгерушісінің қызметіне мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес келетін, медициналық және фармацевтикалық жоғары және жоғары оқудан кейінгі денсаулық сақтау саласының "оториноларингология" маманы бойынша білімі бар және бірінші біліктілік санатынан төмен емес маман тағайындалады.

      35. Стационарлық бөлімше мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) осы Ереженің 3-5-қосымшаларына сәйкес ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету және ЛОР мүшелерге жасалатын міндетті операциялардың тізіміне сәйкес, аудандық, облыстық (қалалық) оториноларингология бөлімшелерінде және республикалық деңгейде ересектерге және/немесе балаларға мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, оториноларингологиялық көмек көрсету.

      2) ЛОР мүшелер ауруларының диагностикасы мен емдеуін және асқынуларының алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізу және үйрену;

      3) Стационарлық бөлімшенің емдеу-диагностикалық жұмысының сапасын арттыру және ЛОР мүшелер ауруларынан болатын ауруханалық өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;

      4) ЛОР мүшелердің шұғыл жағдайлары, жарақаттары мен аурулары кезіндегі шұғыл диагностикалау және шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысу;

      5) науқастар мен олардың туыстарының арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу;

      6) есептік және есеп беру құжаттамаларын жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.

      36. Стационарлық бөлімшенің құрылымына:

      1) қабылдау бөлімі;

      2) науқастарға арналған палаталар;

      3) аппарат бөлмесі;

      4) манипуляциялық, ем-шаралық және таңу кабинеттері;

      5) операциялық блок;

      6) бөлімше меңгерушісінің, дәрігерлердің және аға мейіргердің кабинеттері;

      7) лыпаларды, төсек жабдықтарын, шаруашылық қолданыс заттарын сақтауға арналған бөлме;

      8) науқастардың ауқаттануға арналған бөлмелері;

      9) есту және вестибулярлық анализаторды тексеруге арналған шуылдан оқшауланған бөлме кіреді.

      37. Бөлімшеде хирургиялық белсенділік ересектерге 80 %-дан кем емес, балалар бөлімшесінде 60 %-дан кем емес көрсеткішті құрау керек. Хирургиялық белсенділікті есептеу жасалаған операцияның санынан жүргізіледі.

      38. Науқасты стационарлық бөлімшеге жатқызу:

      1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) мамандарының жолдамасы бойынша немесе денсаулық сақтау саласының емдеуге жатқызу жағдайының жоспарланған көлемінің шеңберінде медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;

      2) шұғыл көрсеткіштер бойынша, жолдаманың бар жоғына қарамастан жүзеге асырылады.

      39. Стационарлық бөлімшеде медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 қаулысымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес анықталады.

      40. Науқас медициналық айғақтар бойынша негізгі емдеу курсын өткеннен кейін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның жағдайында жасалатын қалпына келтіру емін алуға жіберіледі.

      41. Науқас Стационарлық бөлімшеден шығарылған кезде медициналық картасының толық клиникалық диагнозы, жүргізілген зерттеудің толық көлемі, емі және бұдан әрі - бақылауға берілген кеңестері көрсетілген көшірмесі беріледі.

      42. Облыстық (қалалық, аудандық) шұғыл оториноларингологиялық көмектің орталығы (бұдан әрі – Орталық) облыстық (қалалық, аудандық) көпсалалы аурухана стационарының құрамында құрылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) ЛОР мүшелердің жарақаты, күйіктері бар науқастарға тәулік бойына мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсету;

      2) тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;

      3) ЛОР-мүшелерінен қан кетулерді тоқтату;

      4) ЛОР мүшелердің жараларын бастапқы хирургиялық өңдеу;

      5) ЛОР-мүшелерінен бөгде заттарды алып тастау;

      6) Бас жарақаттары кезінде нейрохирургпен, жақ-бет хирургімен, офтальмологпен, стоматологпен бірлесіп шұғыл оториноларингологиялық көмек көрсету;

      7) ЛОР мүшелердің шұғыл жағдайларында жедел хирургия мен жедел терапия көрсетудің жаңаша әдістерін енгізу.

      43. Қабылдау арнайы бөлінген және жабдықталған бөлмеде жасалады. Орталықтың бөлек шыға берісі мен бөлмесі болады:

      1) дәрігердің қабылдау кабинеті және қарау бөлмесі;

      2) операция бөлмесі;

      3) таңу бөлмесі.

      44. Жедел хирургиялық және шұғыл оториноларингологиялық көмек көрсетілгеннен кейін науқастарды амбулаториялық ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша оториноларингологқа жібереді, жатқызу қажет болған жағдайда – стационарлық бөлімшеге жібереді.

7. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың,
консультациялық-диагностикалық орталықтардың
(бөлімшелердің) мамандандырылған кабинеті (фониатриялық,
сурдологиялық кабинеттер)

      45. Фониатриялық көмек көрсететін фониатриялық кабинет қалалық және облыстық медициналық орталықтарда ұйымдастырылады.

      46. Фониатриялық көмек көрсететін оториноларингологиялық кабинеттің дәрігері қызметіне мамандардың біліктілік талаптарын сәйкес медициналық және фармацевтикалық жоғары және жоғары оқудан кейінгі денсаулық сақтау саласының "оториноларингология" маманы бойынша білімі бар, фониатрия мәселесі бойынша тақырыптық жетілдіруден өткен маман тағайындалады.

      47. Фониатриялық көмек көрсететін оториноларингологиялық кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) дауыс аппаратының аурулары бар науқастарға консультациялық және емдік-профилактикалық көмек көрсету;

      2) дауыс аппаратының жағдайы жөнінде және адамдарда ЛОР-мүшелері тарапынан дауыс жүктемесіне қарсы айғақтары бар немесе жоқ екеніне тексеру өткізу және медициналық қорытынды жасау;

      3) дауыс функциясының бұзылулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде сараптама жасау;

      4) дауыс аппаратының бұзылулары бар науқастарға, көмейге хирургиялық араласулардан кейінгі, оның ішінде бөліктік және топерациялды көмейдің резекциясынан кейінгі оториноларингологиялық көмек көрсету;

      5) бейнеларингостробоскопия жасау;

      6) көмей жүйкелеріне блокада жасау;

      7) дауыстың спектрлік, форматтық мінездемелерін және вокалді диапазонын зерттеу;

      8) бейнеларингоскопиялық суреттің компьютерлік талдауы;

      9) шынайы уақытта дауыстың компьютерлік акустикалық бағаламасы;

      10) дауыстың компьютерлік талдауының көрсеткіштерін талдау;

      11) фонетография;

      12) электроглоттография;

      13) көмейдің жүйке-бұлшықеттік бұзылуларын электродиагностикалау, біруақытты фонопедиямен электростимуляция жасау;

      14) фиброларингоскопия;

      15) портативті ингаляторлармен аэрозольтерапия жасау;

      16) дауыс бұзылуларын педагогтық реттеу;

      17) Стационарға жатуды талап етпейтін, көмейдің аурулары бар ересек науқастарды амбулаториялық азинвазивті хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету;

      18) диагностикалаудың және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізу және үйрену;

      19) жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, белгіленген тәртіпте есепті және есеп беруші құжаттаманы жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.

      48. Сурдологиялық кабинет амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультатиялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелерде) құрамында құрылады.

      49. Сурдологиялық кабинетте медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес сурдолог дәрігер көрсетеді.

  Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
1-қосымша

Оториноларингологиялық кабинетте жасалатын амбулаториялық
манипуляциялардың тізбесі

      1. ЛОР мүшелердің эндоскопиялық зерттеу әдістері;

      2. Есту және вестибулярлы құжат құрастыру;

      3. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеотомия);

      4. Операция жасалғаннан кейін мұрынды анемизациялау, тазалау;

      5. Мұрын қуысын Проиц бойынша жуу, вакуум-дренаж;

      6. Жақүсті қуысының пункциясы;

      7. Бадамша бездерінің лакуналарын жуу, оның ішінде мамандандырылған медициналық жабдықты қолдану арқылы (бар болса);

      8. Дәрілік заты бар турунданы енгізе отырып құлақ туалеті;

      9. ЛОР-мүшелерінен бөгде заттарды алу;

      10. Құлықты жуу;

      11. ЛОР мүшелердің фурункулдарын, абсцесстерін (асқынбаған) тілу;

      12. ЛОР мүшелердің новокаинды блокадалары;

      13. ЛОР-мүшелерінен қан кетуді уақытша тоқтату;

      14. ЛОР мүшелердің химиялық және термиялық күйіктері кезінде шұғыл көмек;

      15. Дәрілік заттарды инстилляциялау (оның ішінде транстимпаналды енгізу, көмейішілік құюлар және т.б.);

      16. Асептикалық таңу жасау;

      17. Есту түтігінің катетеризациясы;

      18. Бактериологиялық екпе және гистологиялық талдау жасау үшін ЛОР мүшелерден жағынды және материал алу.

  Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
2-қосымша

ЛОР-мүшелеріне, амбулаториялық жасалатын
хирургиялық араласулардың тізбесі

      1. Жараны БХӨ;

      2. ЛОР мүшелердің гематомасын тілу;

      3. ЛОР мүшелердің асқынбаған абсцестерін тілу;

      4. Гаймор және маңдай қуыстарын пункциялау;

      5. Мұрын сүйектерінің шұғыл репозициясы;

      6. Мұрын қуысы синехияларын бөлу;

      7. Мұрынның төменгі қабыршағының ультрадыбыстық дезинтеграциясы;

      8. Мұрын қабыршағының лазерлік түзетуі;

      9. Дабыл жарғағын парацентездеу және дабыл қуысын шунттау;

      10. Тимпанопункция;

      11. ЛОР мүшелерінен биопсия алу;

      12. Қатерсіз ісіктерді кесіп алу;

      13. Киссельбах аймағының шырышты қабатын күйдіру.

  Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
3-қосымша

Ересектерге және/немесе балаларға арналған аудандық
оториноларингология бөлімшесінде ЛОР мүшелеріне жасалатын
міндетті операциялар тізбесі

      1. Жараны БХӨ;

      2. Мұрын фурункулын тілу;

      3. Мұрын сүйектерінің шұғыл репозициясы;

      4. Вазотомия;

      5. Конхотомия;

      6. Мұрын полипотомиясы;

      7. Мұрын қалқасының шырыштықабатасты резекциясы, септопластика;

      8. Мұрыннан қан кету кезінде мұрын пердесінен шырышты қабатын сылу;

      9. Мұрын маңы қуыстарына операция жасау;

      10. Аденотомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);

      11. Тонзиллотомия;

      12. Тонзиллэктомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);

      13. Паратонзиллярлық абсцесті тілу;

      14. Дабыл жарғағын парацентездеу және дабыл қуысын шунттау;

      15. Антромастоидотомия;

      16. Мирингопластика;

      17. Қауіпсіз ісіктерді кесіп алу;

      18. Трахеостомия;

      19. Эзофагоскопия (бөгде заттарды алумен);

      20. Полипотомия.

  Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
4-қосымша

Ересектерге және/немесе балаларға арналған облыстық
(қалалық) оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне
жасалатын міндетті операциялар тізімі

      1. Жараны БХӨ;

      2. Мұрын фурункулын тілу;

      3. Мұрын сүйектерінің репозициясы;

      4. Ринопластика;

      5. Вазотомия;

      6. Конхотомия;

      7. Мұрыннан қан кету кезінде мұрын пердесінен шырышты қабатын сылу;

      8. Мұрын қуысының полипотомиясы;

      9. Мұрын маңы қуыстарына операция жасау;

      10. Мирингопластика;

      11. Антромастоидотомия;

      12. Құлаққа радикалді операция жасау;

      13. Тимпанопластика;

      14. Ішкі құлақтың деструкциясы, кесу және тілу;

      15. Стапедопластика;

      16. Құлақ қалқанын түзету;

      17. Құлақмаңы жыланкөздерін тілу;

      18. Эндоскопиялық эндоназалді дакриоцисториностомия;

      19. Аденотомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);

      20. Тонзиллотомия;

      21. Тонзиллэктомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);

      22. Увулопластика;

      23. Паратонзиллярлық абсцесті тілу;

      24. Трахеостомия;

      25. ЛОР мүшелердің қатерсіз ісіктерін кесу;

      26. Эзофагоскопия (бөгде заттарды алумен).

  Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
5 қосымша

Ересектерге және/немесе балаларға арналған республикалық
деңгейдегі оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне
жасалатын міндетті операциялардың тізбесі

      1. Антромастоидотомия;

      2. Құлақтың радикальді операциясы;

      3. Тимпанопластика;

      4. Мұрын маңы қуыстарының операциясы;

      5. ММҚ сынығы кезіндегі операция;

      6. Мұрын қуысының полипотомиясы;

      7. Эндоскопиялық эндоназалді дакриоцисториностомия;

      8. Мирингопластика;

      9. Ішкі құлақтың деструкциясы, кесу және тілу;

      10. Стапедопластика;

      11. Кохлеарлық имплантация;

      12. Құлақмаңы жыланкөздерін тілу;

      13. ЛОР мүшелерінің қатерсіз ісіктерін кесіп алу;

      14. Конхотомия;

      15. Көмей тарылуы кезіндегі операция;

      16. Сыртқы және ішкі құлақтың атрезиясы кезіндегі пластика;

      17. Сыртқы есту жолының экзостозы кезіндегі операция;

      18. Хоанопластика;

      19. Увулопластика.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады