Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 22-пр және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 311 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8217 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 05.08.2015 № 513 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2015 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңы 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қауіпсіздік жөніндегі инспекторат-департаменті (А.А. Ким):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7247 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 322 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қауіпсіздік жөніндегі инспекторат-департаментінің директоры А.А. Кимге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                   Қазақстан Республикасы
      Атом энергиясы агенттігінің              Экономикалық даму
      төрағасы                                 және сауда министрі

      ______________Т. Жантикин                ____________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Атом энергиясы агенттігі 
төрағасының        
2012 жылғы 14 қарашадағы 
№ 22-пр          
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және сауда
министрінің       
2012 жылғы 20 қарашадағы № 311
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы
субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) атом энергиясын пайдаланатын қызметпен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі - атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңы 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
      тәуекел - атом энергиясын пайдалану саласындағы тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.
      3. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау мынадай өлшемдерге негізделеді:
      объектінің ықтимал қауіп-қатер бойынша санаты (радиациялық және ядролық);
      пайдаланылатын иондаушы сәуле көздерінің қауіп-қатер деңгейі;
      атом энергиясын пайдалану саласында жүзеге асырылатын жұмыстардың радиациялық қауіп-қатер деңгейі.
      4. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер тәуекел дәрежесіне байланысты жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарына бөлінеді.
      5. Жоғары тәуекел тобына ядролық қондырғыларды (реакторлық қондырғылар, энергетикалық реакторлардың ядролық отыны үшін уранның қос тотығынан жасалған таблеткалар шығаратын кәсіпорындар) пайдаланатын, пайдаланылған ядролық отынды тасымалдауды және ұзақ уақыт сақтауды жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.
      6. Орташа тәуекел тобына:
      сәуле терапиясы үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      дефектоскопия жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін өндіруді жүзеге асыратын;
      ғылыми-өндірістік қызмет үшін қуатты изотопты гамма-қондырғыларды пайдаланатын;
      ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
      өз қызметінде өнеркәсіптік радиоизотопты аспаптарды; медициналық изотопты радиофармпрепараттарды пайдаланатын;
      радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын;
      иондаушы сәулені өндіретін қондырғыларды пайдаланатын (зарядталған бөлшектер үдеткіші);
      радиоактивтік қалдықтарды ұзақ уақыт сақтауды (көму) жүзеге асыратын;
      құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле көздері бар жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.
      7. Болмашы тәуекел тобына:
      дефектоскопия жүргізу үшін рентген жабдығын пайдаланатын;
      жабдықты рентгентелевизиялық тексеруді пайдаланатын;
      рентген жабдықтарын шығаруды жүзеге асыратын;
      рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, бөлшектеуді, жөндеуді жүзеге асыратын;
      уран өндіруші өнеркәсіпте қызметті жүзеге асыратын;
      радиациялық оңалтумен және аумақты қалпына келтірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын;
      төмен радиоактивті қалдықтарды жинау мен сұрыптауды, белсенділігі төмен радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын;
      иондаушы сәуле көздері бар талдама жабдықты (хроматографтар, рентгенфлюоресценттік талдағыштар, спектрометрлер) пайдаланатын;
      атом энергиясын пайдалану саласында қызмет ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтар үшін көлік контейнерлерін, буып-түю жинақтарын шығаруды жүзеге асыратын;
      жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында және басқа аумақта қызметін жүзеге асыратын;
      ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
      иондаушы сәуле көздерін өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыратын;
      атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтер үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлайтын қызметті жүзеге асыратын атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер жатады.
      8. Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілер үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің кезеңділігі: жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен; орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен; болмашы тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі болмауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады