Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 561 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 8264 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 04.05.2015 № 296 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 5-тармағы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының есептілік тізбесі мен мерзімділігі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары ұсынатын есептілік нысандары;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың есептілік тізбесі мен мерзімділігі;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аккредиттелген кәсіптік ұйымдар ұсынатын бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөнінде есептілік нысандары бекітілсін.
      2. Аккредиттелген кәсiби бухгалтерлер ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау бойынша аккредиттелген ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне осы бұйрықпен бекітілген тізбе, нысандар мен мерзімділігі бойынша есеп ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті осы бұйрыққа 4-қосымшаға 5 нысандағы есеп негізінде кәсіби бухгалтерлердің тізімін қалыптастыруды оны бұдан әрі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің web-порталында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. «Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 188 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 14 маусымында № 4741 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 27 шілдесіндегі № 114 (1317) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрық, бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 561 бұйрығына    
1-қосымша       

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік
ұйымдарының есептілік тізбесі мен мерзімділігі

№ п/п

Есептің атауы

Ұсыну

1

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымның 20__жылғы басшылық құрамы туралы мәліметтер нысаны

Келесі есеп жылына дейінгі жылдың 1 маусымына дейін

2

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымына 20__жылы енген (шыққан) бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны

3

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдар мүшелерінің 20__жылғы біліктілікті көтеру курстарын өткізу туралы есеп нысаны

4

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдардағы 20__жылғы мамандандырылған бухгалтерлер саны туралы есеп нысаны

5

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының 20__жылғы қызметі туралы есеп нысаны

      *Алғашқы есеп аккредиттеу туралы куәлікті беру сәтінен бастап 1 жыл ішінде беріледі

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 561 бұйрығына    
2-қосымша        

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының
ұсынатын есептілік нысандары

1 нысан

_____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының атауы көрсетіледі)

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымның
20__жылғы басшы құрамы туралы есеп


р/б

Т.А.Ә.

Қызметі

Білімі

Жұмыс өтілі

Байланыс телефоны

Сайланған (тағайындалған) күні мен мерзім















Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының басшысы
      _____________
М.О.

2 нысан

_____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының атауы көрсетіледі)

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымына 20__жылы енген
(шыққан) бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың
саны туралы есеп

№ 1 кесте

№ р/б

Т.А.Ә.

Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы

Жұмыс өтілі (бухгалтерлік есеп және аудит бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілі)

Енген күні

Шыққан күні













№ 2 кесте

№ р/б

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Заңды мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні

Тұрғылықты тұрған жері, телефоны, электрондық мекен-жайы

Енген күні

Шыққан күні













Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының басшысы
_____________
М.О.

3 нысан

_____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының атауы көрсетіледі)

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының
мүшелерінің 20__жылғы біліктілікті көтеру курстарын
өткізуі туралы есеп


р/б

Бухгалтерлердің біліктілікті көтеруді өткізудің нысаны мен орны

Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Біліктілікті көтеруді өткен бухгалтерлердің жалпы саны






Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының басшысы
_____________
М.О.

4 нысан

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдағы
20__жылғы кәсіптік бухгалтерлерінің
саны туралы есеп

Мүшелері ____________________________________________________________
(бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының атауы көрсетіледі)

№ р/б

Т.А.Ә.

Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы

Сертификаттың атауы, нөмірі мен берілген күні, нотариалды расталған көшірмесін қоса бере отырып сертификатты берген ұйымның атауы

Жұмыс орны, қызметі

Енген күні

Бухгалтерлердің кәсіптік ұйымындағы мүшелік билеті немесе оның мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі








Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының басшысы
_____________
М.О.

5 нысан

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік
ұйымының 20__жылғы қызметі туралы есеп

      Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының қызметіне талдау (бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі саласында өткізілген, соның ішінде бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі саласындағы қызметті реттейтін өкілетті органмен бірлесіп өткізілген шаралар, сайттың бар-жоғы туралы ақпарат, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жетілдіруге енгізген ұсыныстар, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарының қолданылуы туралы қарастырылған сұрау салудың саны және бухгалтерлердің кәсіптік ұйымның Жарғысы көзделген өзге де қызмет)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының басшысы
_____________
М.О.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 561 бұйрығына    
3-қосымша       

Бухгалтерлердің кәсіптік сертификаттау жөніндегі
аккредиттелген ұйымдардың есептілік тізбесі мен мерзімділігі

№ р/б

Есептің атауы

Ұсыну мерзімі

1.

Кәсіпті сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның 20___жылғы өткізген емтиханы туралы есеп нысаны

Есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін

2.

Кәсіптік бухгалтерлер үміткерлерін оқыту жөніндегі 20__жылғы мәліметтер нысаны

3.

Кәсіптік бухгалтерлердің біліктілігін көтеру жөніндегі 20__ жылғы мәліметтер нысаны

4.

20__ жылда өткізілген емтихандардың кестесі

5.

Есепті кезеңнен кейінгі 20__жылғы «__» жағдайдағы кәсіптік бухгалтерлерге берілген сертификат туралы есеп нысаны

жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейін, 1 қыркүйекке дейін

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 561 бұйрығына   
4-қосымша       

Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау
жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың ұсынатын есептілік
нысандары

1 нысан

Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөнінде
аккредиттелген ұйымның 20__ жылғы емтихан өткізуі туралы есеп

№ р/б

Кәсіптік бухгалтерлер үміткерлердің
Т.А.Ә.*

DipIFR ACCA дипломы (болған жағдайда)

Оң нәтиже алған бойынша тәртіптің атауы

Оқыту ұйымының атауы

Бір адамға шаққанда емтихан құны













Ескерту: * соның ішінде Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар

Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның басшысы _____________
М.О.

2 нысан

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды оқыту жөніндегі
20 __ жылғы мәліметтер

№ р/б

Ұйымның атауы

Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы

Ұйым басшысы

Оқу сағатта рының саны

Бір адамға шыққандағы оқу құны

Оқытушылар туралы мәліметтер








Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген
ұйымның басшысы
_____________
М.О.

3 нысан

20__ жылда өткізілген емтихандардың кестесі

№ р/б

Пәннің атауы

Өткізілген күні

Өткізілген уақыты

Өткізілген орны

Емтиханның бағасы

Ескерту








Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның басшысы
_____________
М.О.

4 нысан

20 ____ жылда кәсіптік бухгалтерлердің біліктілігін арттыруын өткізу туралы мәліметтер


р/б

Кәсіптік бухгалтердің Т.А.Ә.

Кәсіптік бухгалтердің сертификатын берілген күні және нөмірі

Біліктілігін арттырудан өткен күні және орны

Тақырыптың атауы

Сағат есебі







Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның басшысы
_____________
М.О.

5 нысан

Есепті кезеңнен кейінгі 20__жылғы «__» жағдайдағы
кәсіптік бухгалтерлерге берілген сертификат туралы есеп

№ р/б

Кәсіптік бухгалтерлер сертификатты алған тұлғалардың
Т.А.Ә.

«Аудитор» біліктілік куәлігінің кім берілгені, берілген күні және нөмірі

Кәсіптік бухгалтерлік сертификаттың берілген күні және нөмірі

Кәсіптік бухгалтерлер сертификатты алған кездегі тұрғылықты жері

1





2





3






Барлығы:





о.і. «аудитор» біліктілік куәлігі бар



Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның басшысы
_____________
М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады