Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының күдіктілері мен айыпталушыларға арналған гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 972 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 қаңтарда № 8266 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 366 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 20.07.2017 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2013 № 291 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2013 № 291 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда- ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2013 № 291 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Министр

Ә. Жақсыбеков


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 972 бұйрығымен бекітілген

Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.06.2013 № 291 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының iшкi тәртiп қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді, күдіктілер мен айыпталушыларды (бұдан әрі – қамауға алынғандар әскери қызметшілер) гауптвахтада ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахталарындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiпті айқындайды.

2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдау
және камералар бойынша орналастыру

      2. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды гауптвахта бастығы немесе гауптвахта қарауылының (кезекші ауысым) бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдау үшін негіздеме болатын құжаттардың бар болуын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алады және медициналық тексеруді жүргізетін медицина қызметкерінің қатысуымен оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді.

      3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай құжаттармен жіберіледі: ұстау хаттамасы, судья санкция берген тергеушінің, анықтаушының қаулысы не қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы соттың қаулысы, үкім көшірмесі, оны орындау туралы өкім және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі.

      4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжаттар жеке ісінде сақталады, сұрау салу бойынша кейіннен қайтарып берумен қылмыстық іс жүргізу процесін жүргізетін органның өкіліне қолын қойғызып береді.

      5. Әскери қызметшілерді қабылдау кезінде қажетті құжаттардың болуын және олардың дұрыс ресімделгенін тексеріледі.

      6. Гауптвахтаға қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы судья не сот қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайларда онда осы жолын кесу шарасы қолданылғанға қатысты адамның толық сауалнама деректері көрсетілуге тиіс. Үзіндіні лауазымды адамның қолтаңбасымен расталған, елтаңбалы мөрмен бекітілген болуға және күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесімен ауыстырылуға тиіс.

      7. Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер шұғыл стационарлық емделуге мұқтаж болса гауптвахтаға қабылданбайды.

      Медициналық көрсеткіштер бойынша оларға медициналық көмек көрсетiледi.

      8. Медициналық тексеруден өткізілгеннен және оның нәтижелерін алғаннан кейiн гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер төсек жабдықтарын алады.

      9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, қамауда ұстау режимi, тәртiптiк талаптар, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпарат беріледі. Көрсетiлген ақпарат жазбаша, сондай-ақ ауызша беріледі.

      10. Әрбiр гауптвахта стенділерінде гауптвахтада ұсталатын адамдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған ақпарат iлiнедi.

      11. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай талаптарды сақтай отырып, гауптвахтада ұсталған (сотталған адамдар, әкімшілік жолымен қамалған) басқа қамалғандардан бөлек және жеке камераларға орналастырылады:

      1) офицерлер сержанттар мен старшиналар құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;

      2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері 1) тармақшада көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;

      3) әскери қызметші әйелдерлерден бөлек;

      4) бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше іс бойынша әскери қызметшілер;

      5) гауптвахта бастығының шешімі бойынша не іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша басқа күдіктілер мен айыпталушылар тарапынан өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін күдіктілер мен айыпталушылар;

      6) инфекциялық сырқаттармен науқастанған немесе ерекше медициналық күтімді және қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер.

      Камералар бойынша орналастыруды камераларға орналастыру жоспарына сәйкес Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығы немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      12. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ортақ камералар сипаттамасында көрсетілген құлыппен жабылатын ортақ камераларда ұсталады.

      Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:

      1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге де мүмкiндiгi болмаған кезде;

      2) өмiрі мен денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;

      3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде;

      4) басқа қамауға алынғандарға және сотталғандарға, гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымның) жеке құрамына тіл тигізген;

      5) гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымның) немесе әскери полицияның басқа да лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаған;

      6) гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тәртібі мен қағидалары бұзылған;

      7) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған;

      8) құмарлық ойындарына қатысқан жағдайларда жол беріледі.

      13. Жеке камераға күнтізбелік бiр күннен артық мерзімге қамауға алуға Заңның 31-бабының тәртiбiнде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша прокурор санкция берген гауптвахта бастығының дәлелді қаулысы негізінде жол беріледі.

      Мынадай жағдайларда жеке камераларға орналастыруға прокурордың санкциясы талап етілмейді:

      1) осы Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзге де мүмкіндігі болмаған кезде;

      2) күдіктінің немесе айыпталушының не басқа да күдіктілердің немесе айыпталушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;

      3) күдіктінің немесе айыпталушының жеке ұстау туралы жазбаша өтініші болған кезде;

      4) егер күдіктілер мен айыпталушылар күндіз ортақ камерада ұсталса, оларды жеке камераларға орналастырған кезде.

      14. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің барлық жүріп-тұруында (гауптвахта дәліздері мен аумағында жүріп-тұруында, серуендеуінде, санитарлық өңдеуде, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етілуге тиіс.

      15. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераға табиғи жарық түсуіне кедергі келтірілмейтін торлармен жабдықталады.

3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке
тiнту жүргізу, дактилоскопия жасау, оларды суретке түсiру және заттарын тексеру

      16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту жүргiзiлуге, дактилоскопия жасалуға және суретке түсiрiлуге, ал олардың жеке заттары тексерілуге тиіс.

      17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін не осы әскери қызметшіге тиесiлi емес заттарды анықтау және алу мақсатында жүргiзiледi.

      18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе қылмыс жасау құралы ретiнде не қамауда ұстау мақсаттарына қарсыласу үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар, заттар мен азық-түлік өнімі жатады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер өздерімен бірге алып жүре алатын, сақтай алатын, сәлемдемелер арқылы ала алатын азық-түлік өнімі, бірінші кезекте қажет заттар, аяқ киiм, киiм мен басқа да өнеркәсіптік тауарлар тізбесіне (бұдан әрi – Азық-түлік өнімдерінің тiзбесі) сәйкес азық-түлік өнімін сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.

      19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер қабылдау және одан тыс жерге жөнелту алдында, жеке камераға қамауға алынған кезде жеке тiнтуге жатады.

      20. Жеке тiнту әскери қызметшіні, оның киiмi және аяқ киiмiн мұқият тексерумен сүйемелденеді. Пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да танулар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге жасырын тiгiлген заттар анықталған кезде матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен өкшелер, металл тағалар алынады.

      21. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнтуді гауптвахта қызметкерлерi жүргiзедi.

      Жеке тексеруді тек тексерушімен бірге жынысы бір екі куәгердің қатысуымен жынысы бір адам жүргізеді.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызмешілерге дактилоскопия жасайды.

      22. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді, олардың жеке iсiнде тану фотосуреттері болмаған кезде гауптвахта әкімшілігі суретке түсіредi. Олардың әрқайсысына көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотосурет (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) жасалады.

      23. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын тексеру гауптвахтаға келіп түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтер алдында, басқа камераға, әскери-медициналық мекемеге ауыстыру кезінде олардың қатысуымен жүргiзiледi.

      Олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын заттарды тексеру екі куәгердің қатысуымен меншігінде бұл заттар бар адамның қатысуымен жүргізіледі.

      24. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеке тiнту немесе олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған тыйым салынған құралдардың, заттар мен азық-түлiк өнімінің алынғаны туралы акті қоса беріледі. Жеке тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген кезде бiр хаттама жасалады. Хаттамаға гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші және жеке тiнту немесе заттарына тексеру жүргiзген гауптвахта қарауылының бастығы қол қояды.

      25. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi барлық талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акті жеке iске тіркеледі.

      26. Жеке тiнту кезінде тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін алу туралы хаттама жасалады.

4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға
және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлiк өнімін алу

      27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған немесе оған тиесілі алынған ақша, құндылықтар гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын құжаттар) гауптвахта бастығында сақталады. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдар, заттар мен азық-түлiк өнімі қамауға алынғандардың заттарын сақтайтын бөлмесіне сақтауға тапсырылады немесе жойылады.

      28. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден алу не сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша үш данада алу актісі жасалады. Бiрiншi данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге берiледi, екiншi данасы – бөлiмнің уәкілетті өкіліне беріледі, үшiншi данасы жеке iсте сақталады. Гауптвахтада ұсталатын қамауға алынғандарды (ұсталғандарды, күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды) есепке алу кітабында алынған және сақтауға қабылданған заттар мен мүлік туралы жазба жасалады және үш данада жасалатын оларды қабылдағаны туралы оған қолхат беріледі, одан кейін тұтқындалған камераға орналастыру үшін гауптвахта (кезекші ауысым) бастығына жіберіледі.

      29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден заттар мен азық-түлiк өнімін сақтауға қабылдауды медициналық бөлім қызметкерінің қатысуымен қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      30. Қамауда ұстау кезеңiнде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден ақшаны немесе құндылықтарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.

      31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтiнiшi бойынша және адамның не iс жүргізуінде қылмыстық ісі бар органның келiсiмiмен гауптвахтада сақтауда тұрған құралдар, заттар және азық-түлiк өнімі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің туыстарына берiледі.

      32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақша, құндылықтар, басқа да құралдар, заттар және азық-түлiк өнімі оның туыстарына беріледі.

5. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      33. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:

      1) ұйықтайтын орынмен;

      2) төсек-орын жабдықтарымен ұйқы ауқытында: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екi жаймамен, жастық тысымен;

      3) асхана ыдысымен және асхана аспаптарымен ас-ауқат ішу уақытында: тегешпен, кружкамен, қасықпен;

      4) жалпы әскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.

      Барлық камераларға түнгі уақытта кезекші жарық түсіріледі.

      34. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге аптасына екі реттен жиі емес ұзақтығы кемінде 15 минут душта жуыну мүмкiндiгі берiледi.

      Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімдері мен төсек жабдықтарын ауыстыру, сондай-ақ оларды медициналық тексеру жүзеге асырылады.

      35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге олардың өтiнiшi бойынша ұсыныстар, өтiнiштер, шағымдар жазу үшін жазу құралдары (қағаз, шариктi қаламсап) берiледi.

6. Сәлемдемелердi қабылдау және гауптвахтаға қамауға алынған
әскери қызметшілерге беру

      36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге бірінші кезекте қажет заттары, маусым бойынша киімі бар сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер мен бандерольдер гауптвахта бастығының қатысуымен тексеріледі.

      Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған беруге рұқсат етілген заттардың тiзбесi гауптвахтаның стендісіне iлiнедi.

      37. Сәлемдеме жеткізген адам өтінішті Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша екі данада толтырады және оған қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.

      38. Сәлемдемені қабылдай отырып, гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттары мен қабылдағаны туралы қол қойылған өтініштің бір данасын қайтарып береді, ал екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдемені алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартылған жағдайда онда ол туралы тиісті белгі жасалады.

      39. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде болуға тыйым салынған құралдар немесе заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдеме жеткізген адамға қайтарылып беріледі. Сәлемдеме пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған құралдар, заттар немесе ақша әскери қызметшінің жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.

      40. Сәлемдемелер:

      1) адресат гауптвахтадан босатылған;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;

      3) сәлемдеме жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;

      4) сәлемдеменің салмағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларында және Пошта жөнелтілімдеріне пошта мөртаңбаларын қолдану қағидаларында көзделген нормаға сәйкес келмеген;

      5) сәлемдеме қабылдауға өтініш дұрыс ресімделмеген;

      6) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өзінің атына келген сәлемдемені қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды және келушіге кері қайтарылады.

      41. Сәлемдеме, оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі.

7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
жеделхаттар мен хаттарды, сондай-ақ шағымдар мен өтініштерді алу және жолдау

      42. Хат жазысу прокурорға және сотқа жазылған хаттардан басқа, iс жүргізуінде қылмыстық ісі бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша күдіктілердің, айыпталушылардың есебінен жүзеге асырылады.

      43. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден хаттар мен жеделхаттардың толтырылған бланкілерін гауптавахта өкілі күн сайын қабылдайды. Хаттар, оларда жіберушінің тегін, аты-жөнін және гауптвахтаның пошталық мекенжайын көрсете отырып, жапсырылмаған конверттерде ғана қабылданады. Жеделхаттың толтырылған бланкісіне жеделхатқа төлеу үшін қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотынан ақша алу өтінішімен гауптвахтаның бастығы атына жазылған қамауға алынғанның өтініші (ерікті түрде) қоса беріледі.

      44. Жеделхатты жолдағаннан кейін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге пошта түбіртегі тапсырылады, ал дербес шотта ақша болған кезде оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылып беріледі. Егер қалдық болмаса, ақша түбіртегі өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің пошта түбіртегін алғаны туралы қолтаңбасы бар өтініші жеке іске тіркеледі.

      45. Келіп түскен хаттарды тапсыруды (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      46. Гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралайды және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды жазбаша, сондай-ақ ауызша қабылдайды.

      47. Ауызша қабылданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар гауптвахта бастығына баяндалады.

      48. Жазбаша жолданған және мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар тіркеледі және оларға рұқсат ету үшін әскери полиция органының және гауптвахта басшылығына баяндалады.

      49. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар желімделген конвертте қабылданады және цензураға жатқызылмайды. Олар келіп түсуіне қарай дереу адресатқа жолданады.

      50. Гауптвахтада Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстары кітабы жүргізіледі.

      51. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі және күнтізбелік бір күннен кешіктірілмей әскери полиция органы арқылы тиесілігі бойынша жолданады.

8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді еңбекке тарту

      52. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылады.

      53. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кезектілік тәртібімен камераны және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды.

      54. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күзет, дабылдама және байланыстың инженерлік-техникалық құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерін және көбейту аппаратурасын жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.

9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің газеттер
мен журналдарға жазылуын жүргізу

      55. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылу құқығы беріледі.

      56. Жазылуды ресімдеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші гауптвахта бастығының атына өтініш жазады. Жазылуды ресімдеуге ниет білдірген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге өз есебінен абонемент пен жеткізу карточкасының бланкілері беріледі.

      57. Байланыс бөлімшесінде жазылуды ресімдеуді гауптвахта қызметкері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотындағы қаражат есебінен жүргізеді.

      58. Жазылуды басқа мекенжайға жолдау жазылушы есебінен әскери полиция органы басшылығының рұқсатымен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      59. Жазылуды гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің атына оның туыстары ресімдеуі мүмкін.

      60. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдар санына шек қойылмайды.

10. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді
медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      61. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органының медицина қызметкері күн сайын тексеріс уақытта медициналық көмекке, ал жіті науқастанған жағдайда гауптвахта қызметкеріне жүгінеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету және медицина қызметкерін шақырту үшін шаралар қабылдайды.

      62. Денсаулық жағдайына шағымданған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде гауптвахта бастығының рұқсатымен айдауылдың ілесіп жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі. Гауптвахта бастығы әскери қызметшіні медициналық мекемеге орналастыру туралы прокурорға, судьяға және әскери бөлімнің қолбасшылығына дереу хабарлайды.

      63. Күдікті, айыпталушы сауыққаннан кейін, егер судьяның өзге де шешімі болмаса, айдауылдың ілесіп жүруімен қайтадан гауптвахтаға жіберіледі.

      64. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық көмек гауптвахтаның камерасында көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру дәрігердің тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қолтаңбасын қойғызып жүзеге асырылады.

11. Күнделікті серуендеу

      65. Әрбір гауптвахта жанында гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің серуендеуіне арналған Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес серуендеу аулаларының сипаттамасымен белгіленген кемінде биіктігі үш метр қалың қоршаумен қоршалған, жоғарғы жағынан металл тормен жабдықталған аула болады.

      66. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын кемінде ұзақтығы 1 сағат серуендеуді пайдаланады. Жүкті әскери қызметші әйелдер үшін серуендеудің ұзақтығы кемінде 3 сағатты құрайды. Серуендеудің ұзақтығын күн тәртібін, ауа райын, мекемедегі адам санын ескере отырып, гауптвахтаның әкімшілігі белгілейді.

      67. Серуендеу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің серуендеуі, егер ол осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзса, гауптвахта бастығының, қарауыл (кезекші ауысым) бастығының шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Офицерлер мен әскери қызметші әйелдер серуендеуге қалған әскери қызметшілерден бөлек шығарылады.

      68. Серуендеуден босатуды әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.

12. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің
қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулерін өткізу

      69. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесуге бір уақытта екеуден артық емес кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

      70. Кездесу жалпы кезектілік тәртібінде беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу уақытында өзін-өзі ұстау қағидалары туралы хабардар етіледі және осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзған жағдайда кездесу тоқтатылатыны туралы ескертіледі.

      71. Кездесуге жеке басын куәландыратын құжаттарсыз не мас күйінде келген адамдарға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілмеген адамдарға кездесу берілмейді. Кездесу беруден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.

      72. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулері Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес гауптвахта қызметкерлерінің бақылауымен арнайы жабдықталған үй-жайларда қандай да бiр заттарды беруді болдырмайтын, бірақ сөйлесуге және көзбе-көз кездесуге кедергі жасамайтын бөлетін қабырға арқылы жүргiзiледi.

      73. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесулер қорғаушыға, оның жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес қылмыстық процесс жүргiзетін адам немесе орган берген қылмыстық iске қатысуды растайтын құжаты бар болған кезде берiледi.

      74. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулерге рұқсат алған адамдарға әскери полиция органы бастығының немесе оның орнында болатын адамдардың рұқсатынсыз гауптвахтаға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино, фото, аудио, бейне және көбейту аппаратурасын алып кiруге және кездесу уақытында оларды пайдалануға жол берілмейді.

      75. Тыйым салынған құралдарды, заттар мен азық-түлік өнімін не қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекеттер жасалған жағдайда кездесу уақытынан бұрын тоқтатылады.

      76. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты гауптвахта қызметкерi кездесудi тоқтату себептерiн көрсете отырып, ол туралы гауптвахта бастығына жазбаша түрде баяндайды.

      77. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулер уақытша тоқтатылған жағдайда (карантинге, ерекше жағдайдағы режимнің енгізілуіне байланысты) гауптвахта бастығы ол туралы гауптвахтада заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, әскери полиция органдары бақылау-өткізу пунктінде хабарландыру ілінеді.

13. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің тергеу
әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету

      78. Әскери полиция органының басшылығы қылмыстық іс жүргізетін судьяларға, прокурорларға, тергеушілерге, анықтауды жүргізетін адамдарға гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жұмыс уақытында гауптвахтаға кедергісіз келуін қамтамасыз етеді.

      79. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚІК) 212-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайлардан басқа, тек күндізгі уақытта тергеуге шақыртылады.

      80. ҚР ҚІК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді камералардан кездесуге, сондай-ақ қарауыл (кезекші ауысым) кезекшілікті тапсыру-қабылдау кезеңінде, күн тәртібіне сәйкес тағам қабылдау (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) уақытында, сондай-ақ түнгі уақытта (кешкі 22 сағаттан келесі күннің таңғы 6 сағатқа дейін) шығаруға жол берілмейді.

      81. Тергеушiнiң, анықтау жүргiзетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша гауптвахта аумағында тергеу әрекеттерін, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшiн гауптвахта бастығы:

      1) жабдықталған үй-жайды береді;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеткізеді және оны күзетуді қамтамасыз етеді;

      3) тергеу әрекеттеріне қатысу үшiн тартылатын өзге де адамдардың гауптвахтаға кiруiн қамтамасыз етеді.

      82. Апелляциялық инстанцияның қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы, істі бір органнан екіншісіне беру туралы істі қарайтыны туралы хабарламалар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге қол қою арқылы жарияланады және олардың жеке істеріне тіркеледі.

14. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жазалау
және көтермелеу шараларын қолдану

      83. Көтермелеу және жазалау шаралары гауптвахтада ұсталатын барлық күдіктiлерге және айыпталушыларға Заңда көздеген тәртiппен қолданылады. Көтермелеу шаралары ретiнде бұрын қолданылған шараны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкін.

      84. Гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны, белгіленген міндеттерін орындамағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларға Заңға сәйкес жазалау шаралары қолданылады:

      1) сөгіс;

      2) он бес тәулікке дейінгі мерзімге жеке камераға қамауға алу.

      85. Жеке камераға қамау түрiндегі жазалауды гауптвахта бастығы қолданады. Жеке iсiне тіркелетін жазалауды қолдану туралы күдіктілерге және айыпталушыларға қолдарын қойғызып жарияланады.

      86. Ауызша жарияланғандардан басқа, барлық жазалаулар мен көтермелеулерді гауптвахта бастығы жариялайды және олар Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша күдіктілер мен айыпталушыларды жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабында есепке алынады.

      87. Жеке камераға қамауға алу туралы қарауыл (кезекші аусым) бастығы баянатпен гауптвахта бастығына баяндайды, ол бұл туралы жоғары тұрған бастыққа баяндайды.

15. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы

      88. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      89. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдау олардың мәліметіне жеткізілетін гауптвахта бастығы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.

      90. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеке қабылдауға жазылуы гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы уақытында күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау туралы өтініштер (ерікті нысанда толтырылады) гауптвахта бастығының атына жазбаша түрде беріледі немесе ауызша түрде жасалады және әскери қызметші қабылдауына жоспрланған лауазымды адамды көрсете отырып, Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес оларды беру кезектілігі тәртібінде әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналында (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) тіркеледі.

      91. Қабылдау өтiнiштерді беру кезектілігі тәртiбiнде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау журналында және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижелерi тіркеледі. Өтiнiш гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.

      92. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы гауптвахтаның ақпарат стендіне ілінетін кесте бойынша қызметтік кабинетте жүргізіледі.

      93. Әскери қызметшілердің туыстарын жеке қабылдау нәтижелері жеке қабылдау журналында тіркеледі.

16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің мәйіттерін беру

      94. Әскери полиция органының басшылығы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қайтыс болуы туралы прокурорға, жеке ісінде көрсетілген оның туыстарына, әскери бөлімнің қолбасшылығына, сондай-ақ іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамға немесе органға дереу хабарлайды.

      Егер қайтыс болған әскери қызметшінің туыстары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарлама телеграф арқылы жолданады.

      95. Қайтыс болған әскери қызметшінің мәйіті талап етілгенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырылмай немесе уәкілетті органның қайтыс болу фактісі бойынша тексеруді аяқтағанға дейін денсаулық сақтау органдарының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға сақтауға беріледі.

      96. Мәйітті беру оны талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның, әскери бөлім қолбасшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.

      97. Қайтыс болғанның туыстарына қайтыс болғаны туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі.

      98. Егер қайтыс болғанның туыстарының мәйітті алуы үшін уақтылы келуге мүмкіндігі болмаса, олар бұл туралы қосымша хабарлайды.

      99. Көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген қайтыс болған әскери қызметшінің мәйіті мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.

17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді босату

      100. Қамаудан босатылған күдіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, оның дербес шотында сақтау жатқан ақша, сондай-ақ анықтама беріледі, онда: қандай сотпен қамауға алуға санкция берілгені; ұстау және жолын кесу шарасын таңдау негіздемелері, орны мен уақыты; босату негіздемелері мен уақыты көрсетіледі.

      101. Гауптвахта бастығы күдіктіні немесе айыпталушыны қамауда ұстау мерзімі өткенге дейін 3 тәулік бұрын әскери қызметшіні босату туралы әскери бөлімнің командиріне хабарлайды.

      102. Әскери бөлімнің командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген уақытта әскери қызметшіні қызмет орнына жіберу үшін гауптвахтаға бөлім өкілін жібереді, сондай-ақ оны маусым бойынша киіммен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
1-қосымша
Бекiтемiн
ӘПБ бастығы

      ________________________

      (лауазымы, қолы, тегi)

      ____жылғы "__"__________

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орындар саны

Ескертпе

1

2

3

4


      ӘПБ бастығының орынбасары _______________________________________

      (атағы, қолы, тегі)

      Ескертпе:

      1. Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.

      2. Камераға орналастыру жоспары қарауыл (кезекші ауысым) бастығында, кезекші бөлімде және әскери полиция органының басшылығында болуға тиіс.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
2-қосымша

Ортақ камералардың сипаттамасы

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және аралас үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етуге тиiс. Камераларды жоспарлау нысаны есiк негізінің "көзшесі" арқылы анағұрлым жақсы көріп шолуды қамтамасыз етуге тиiс.

      Камераның есiгi металдан жасалған. Еден деңгейiнен биiктiгі 95 см төмен емес тамақ үлестiруге арналған терезе орнатылуға тиiс. Камерадағы әскери қызметшілердің өзін-өзі ұстауын қадағалау үшін кіретін есік "көзшемен" жабдықталады.

      Камералардағы және ортақ пайдалану орындарындағы (жуынуға арналған бөлмедегі, дәретханадағы) есіктер мен терезелер техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Одан басқа, осы үй-жайлардың терезелеріне қажет болған кезде ішкі жағынан металл тормен қапталған темір тор болуға тиіс.

      Ортақ камера бiр адамға 0,4 метр есебінен қайрылып жиналатын төсекпен, үстелмен, ағаш орындықпен, түкіргішпен, ауызсуға арналған ыдыспен және кружкамен жабдықталады. Камераның барлық жабдықтары еденге бекітілуге тиіс.

      Офицерлерді және әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камералар сәкілермен, үстелдермен, орындықтармен, жеке киім-кешек пен жуыну құралдарына арналған тумбочкалармен, ауызсуға арналған ыдыстармен және кружкалармен, ілгіштермен және түкіргіштермен жабдықталады.

      Барлық камераларға арналған құлыптар біркелкі болуға және біркелкі кілттермен құлыпталуға тиіс. Бір кілт қарауыл (кезекші ауысым) бастығында, екіншісі – гауптвахта бастығында және үшіншісі – әскери полиция органы бойынша кезекшіде сақталуға тиіс.

      Әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камера құлыпталмайды.

      Камераларда терезелердің ішкі жағынан терезе саңылауына қолжетімді шектейтін металл тор орнатылады.

      Гауптвахта дәліздерінде жуынуға арналған құралдар мен аяқ киім тазалауға арналған құралдар, арналған құлыпқа жабылатын шкафтар болуға тиіс. Шкафтардың кілттері қарауыл (кезекші ауысым) бастығында сақталады.

      Астары жылы күртеше мен бас киім, гауптвахтаның ұсталғандар мүліктерін сақтайтын бөлмесінде сақталады.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
3-қосымша
нысан

      Санкция беремін _____________

      Прокурор ____________________

      (қолы, тегi)

      __жылғы "__"_______

"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін
арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы тәртібінде гауптвахтаға
қамауға алынған әскери қызметшіні жеке камераға ауыстыру туралы қаулы

      Күдікті, айыпталушы ________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      __________________________________________________________________

      (жеке камерада ұстауға негiздеме болатын

      __________________________________________________________________

      жағдайлар мазмұндалады)

      __________________________________________________________________

      Қаулы еттi:

      Күдікті, айыпталушы ________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      одан әрi ұстау үшін жеке камераға ауыстырылсын.

      Әскери полиция органының бастығы _________________________

      (атағы, қолы, тегi)

      ____ жылғы "__"________

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
4-қосымша

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер сәлемдемелер
арқылы алуға болатын және сақтауға болатын азық-түлік өнімінің,
бiрiншi кезекте қажет заттардың, аяқ киiмнiң, киімнің және
басқа да өнеркәсiптік тауарлардың тiзбесі

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мыналарды сәлемдемелер арқылы ала алады және шкафта сақтай алады:

      1) темекi бұйымдары, сіріңке;

      2) белдiксiз, галстуксыз, тартпасыз киiмнiң бiр жиынтығы (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), сондай-ақ маусым бойынша бас киiм, аяқ киiм (темiр табансыз, металл тағасыз);

      3) iш киiм;

      4) ұйық;

      5) биялай немесе қолғап;

      6) бет орамал;

      7) жуыну құралдары (кір сабын, иіс сабын, қағаз, су сабын (ӘПБ медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, иіс май, тарақ), жөке немесе ысқыш, электр немесе механикалық ұстара, бiр рет пайдаланылатын қауiпсiз ұстара (гауптвахта камерасынан тыс ораналасқан қамауға алынғандардың мүлігін сақтайтын құлыпқа жабылатын арнайы шкафта сақталады);

      8) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қорап;

      9) шұлық немесе колготки, бас орамал, рейтуздар, белдiктер, бюстгальтерлер, дәке, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар, пластмасса бигудилер (әйелдер үшін);

      10) жылдам бұзылатын қорек азық-түлік, және әскери полиция органының медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша қабылдауға рұқсат берілмеген азық-түлік;

      11) шариктi қалам, оған өзектер, қарындаштар;

      12) хат жазуға арналған қағаз, пошта конверттерi, ашық хаттар, пошта маркалары;

      13) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзiмдi басылымдар;

      14) атап көрсетілгендерден басқа, қылмыстық iске немесе олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттарды және қолжазбаларды, сондай-ақ пошталық жөнелтілім бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның түбiртегiн, құндылықтарды, құжаттарды және басқа да заттарды өзiмен бiрге алып жүруге және сақтауға рұқсат етiледi.

      Осы Тiзбеде көзделмеген заттар мен құралдар тыйым салынған болып табылады.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
5-қосымша
нысан

Алу актісі

      Бiз, төменде қол қойған комиссия мынадай құрамда

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      ұсталушыдан, күдіктіден, айыпталушыдан, әкімшілік тәртіпте қамауға

      алынғаннан және қамауға сотталғаннан ___________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы

      мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 33-бабына сәйкес құндылықтарды, ___________ сомасы (______)

      ақшаны,_________________заттарды және азық-түлiк өнімдерін алуды

      жүргіздік (сақтауға қабылдадық).

      Барлығы берiлгенi: құндылықтардың _______ атауы,______ақша,

      азық-түлiк өнімдерінің, заттардың атауы _________________________

      (саны)

      Бердім:_________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Қабылдадым:_____________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Қатысқан:_______________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      __ жылғы "__"___________________

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
6-қосымша
нысан

Өтiнiш

      Азамат _____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      __________________________________________________________________

      (тұрғылықты жердiң мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша тұратын.

      Күдікті, айыпталушы және т.б. үшін _______________________________

      __________________________________________________________________

      (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты) (туған жылы)

      сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

      Сәлемдеме азық-түлiгі (заттары) тiзiмдемесі:

Р/с

Азық-түлiк немесе заттар атауы

Салмағы (кг, г)

Саны

Ескертпe

1

2

3

4

5


      Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________ жылғы "__" ______

      Сәлемдемені қабылдадым ______________________________________

      (сәлемдеме қабылдаған қызметкердiң қолы)

      Сәлемдемені алдым _______________________________________________

      _________________________________________________________________

      (сәлемдеме алған күдіктінiң, айыпталушының және т.б. қолы)

      ______ жылғы "__"__________

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
7-қосымша
нысан

Гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың
ескертулерi мен ұсыныстары кiтабы ____________________________________________

      (әскери полиция органының гауптвахтасы)

      ___ жылғы "__" __________ басталды ___жылғы "__" ________ аяқталды

Р/с

Күнi

Инспекциялаушының лауазымы, ТАӘ, атағы

Ескертулердiң мазмұны

Ұсыныстар

Орындау мерзiмі

Қабылданған шаралар


      Ескертпелер:

      1. Кiтап нөмiрленген, тiгiлген, тиiстi қолтаңбамен куәландырылған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Гауптвахтаның қарауыл (кезекші ауысым) бастығында сақталады.

      2. Кiтап қарау үшін және онда тиiстi жазбалар жасау үшiн гауптвахтаны инспекциялауға құқығы бар адамдарға көрсетіледі.

      3. Инспекциялаушы кiтапқа өз құзыреті шегінде мәселелер бойынша негiзгi ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзедi.

      4. Гауптвахта бастығы инспекциялаушы белгiлеген мерзiмдерде кемшiлiктердi жою туралы ӘПБ бастығына баяндауға мiндеттi.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
8-қосымша
нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын,
өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабы

Р/с

Келіп түскен күні (жылы, айы, күні)

Өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты және оның әскери қызметке қатысы

Өтініштің қысқаша мазмұны

Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы

Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
9-қосымша

Серуендеу аулаларының сипаттамасы

      Серуендеу аулалары режимдiк аулада орналасуға және гауптвахтаға жақын жерде шектесіп жатуға тиіс.

      Серуендеуге шығарылатын әрбір қамауға алынғанға серуендеу ауласының 2,5-3 шаршы метрі (бұдан әрi – м2) болуға тиіс. Серуендеу ауласының барынша аз көлемi – 12 м2.

      Серуендеу ауласы биіктігі үш метрден астам тығыз дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының үстiңгi жағына металл рама бекітіледі, оған ұяшықтары 17x17 сантиметрден аспайтын металл тор бекітіледі, тордың үстіне ұяшықтары 5x5 сантиметрден аспайтын "Рабица" типіндегі металл тор бекiтiледi.

      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында атмосфералық жауын-шашыннан тасалану үшін ені 1,2 метрге дейін жеңiл қалқалар орнатылады.

      Серуендеу ауласының ортасына еденге сенімді бекітілетін орындықтар орнатылады.

      Серуендеу аулаларынан су ағыны қамтамасыз етiлуге тиіс.

      Серуендеу ауласында бақылаушы қызмет өткеру үшiн серуендеу аулаларында жүрген барлық қамауға алынғандар оның ұдайы қадағалауында болатындай есеппен орын жабдықталады.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
10-қосымша

Кездесулер өткiзуге арналған бөлмелердi жабдықтау

      Әрбір гауптвахтада кездесулер өткізуге арналған кабинадан тұратын орындар жабдықталады.

      Әрбір кабина ені 140 сантиметрден кем емес және ұзындығы 1 метр кем емес металл каркастан, қалқан элементтерінен, үстелшеден және қайырылып жиналатын орындықтардан құрылады.

      Кабиналар арасындағы бөлгiштерде сөйлесу үшін саңылаулары бар органикалық шынымен терезе орнатылады.

      Келушiлерге арналған кабиналар бекітпесі жоқ жеңiл есiктермен жабдықталады.

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
11-қосымша
нысан

Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалау
мен көтермелеуді есепке алу кiтабы

      ___ жылғы "___" ____________ басталды

      ___ жылғы "___" ____________ аяқталды

Жазалауға ұшыраған адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә.

Жаза не үшiн қолданылған

Жазаның түрi

Жазаны кiм және қашан қолданды

Ескертпе

  Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
әскери полициясы гауптвахталарының
iшкi тәртiп қағидаларына
12-қосымша
нысан

Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы

Р/с

Күні (жылы, айы, күні)

Келушінің тегі, аты және әкесінің аты

Өтініштің қысқаша мазмұны

Ескертпе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады