"Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 113-368 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 718 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда № 404, 2011 жылғы 18 шілдеде № 686 болып тіркелген) «Астана хабары» газетінің 2005 жылғы 16 тамызындағы № 112, «Вечерняя Астана» газетінің 2005 жылғы 11 тамызындағы № 122 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 89 (2699) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасында:
      4-1) параграфы 18-2) тармағының екінші абзацында «Тендер жеңімпазының өтініші бойынша кепілдік жарна сомасы біртіндеп қайтарылуы мүмкін» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады