Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 48/5-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 737 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесінде» деген сөздер «Қағидасы», «қағидасында» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Вечерняя Астана», 2010 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
      38-2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады