Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № А-7/273 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда № 3433 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, «Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 «Атбасар», «Восточный», «Бұланды», «Ерейментау» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдедегі «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы»;
      1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы, 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес, «Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жер учаскелері иегерлерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық жүргізу қызметіне шектеу қойылсын.»;
      2 - тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Атбасар, Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Атбасар", "Восточный", "Бұланды" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтардың аумағында:
      жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушылардың жер телімдеріне ауыртпалықтарды белгілеу бойынша;
      барлық жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру бойынша қажетті шаралар қолдансын.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады