Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.06.2013 № А-5/225 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қожамжаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев
Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы «29» қарашадағы
№ А-12/569 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғалардың түсті және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қантардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл салықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқарған сөздер:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП;
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
4) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызмет көрсетуді жүзеге асыру шегіне сай «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерді кіріктіру үшін арналған ақпараттар жүйесі;
5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банкілердің, ұйымдардың және «электрондық үкімет» арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорлар – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) қызмет алушы - электрондық қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
8) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
9) пайдаланушы - оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет көрсетуші);
10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
14) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;
15) Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - бұл нотариалдық қызметтiң автоматтандыруы және әдiлет органдарының өзара әрекеттесуi және нотариалдық палаталар үшiн қолайлы аппаратты-бағдарламалық кешен.
16) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
17) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Қадамдық іс-қимылы және шешімі ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) қызмет алушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген талушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1- үдеріс – қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа тұтынушы пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 - шарт – ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-үдеріс – қызмет алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
5) 3-үдеріс – қызмет алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны қызмет алушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару;
6) 4-үдеріс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі;
7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-үдеріс - қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
9) 6-үдеріс - сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
11) 7-үдеріс - қызмет алушының ЭЦҚ-сының нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 8-үдеріс – қызмет алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;
14) 4-шарт - лицензия беру үшін қызмет алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
15) 10-үдеріс – қызмет алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғы деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
16) 11-үдеріс – қызмет алушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
7. Қадамдық іс-қимылы және шешімі қызмет көрсетуші арқылы (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) 1-үдеріс - мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетуші қызметкерінің логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі;
2) 1-шарт - қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құру;
4) 3-үдеріс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет көрсетуші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің қызмет алушы деректерін, сонымен қатар қызмет алушының өкілдерінің сенімхаттары бойынша (нотариалдық куәландырылатын сенiм хаттың, басқа да куәландырылатын сенiм хаттың болған жағдайда - осы сенiм хаттар толтырылмайды) деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – ЭҮШ арқылы қызмет алушы туралы деректерді ЗТ МДҚ жіберу;
6) 2 шарт – қызмет алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да бар болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – қызмет алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
8) 6-үдеріс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкерінің сканерлеуі;
9) 7-үдеріс – сұрауды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;
10) 3-шарт – қызмет көрсетушінің лицензия беру үшін қызмет алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижелерін қызмет алушының алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
8. Қызметке сұрауды және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.
9. Сұрауды өңдегеннен кейін қызмет алушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін мынадай үлгімен қарау мүмкіндігі беріледі:
«ашу» деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі экранның дисплейіне шығады;
«сақтау» деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі қызмет алушы берген магнитті тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
10.Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңестерді саll–орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі өзара байланыс тәртібін сипаттау
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭПШ;
3) ЭПТШ;
4) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;
5) ЗТ МДҚ;
6) қызмет көрсетуші.
12. Әрбір іс-қимылы орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (рәсім, функциялар, операциялар) тізбектілігін мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
13. Іс-әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын (электрондық қызмет көрсету үдерісінде) және олардың сипаттамасымен сәйкестік диаграммасы осы берілген Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14. Қызмет алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттегі 3-қосымшаға нысаны бойынша анкетаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Қызметтерді көрсету үдерісінде қызмет алушыларға қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) электронды лицензия берілетін тұлғада БСН бар болуы;
3) ЭҮП авторизациялау;
4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;
5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.
«Заңды тұлғалардың түсті және
қара металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуі және өткізу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
1- Қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ҚФБ атауы |
Қызмет алушы |
ЭҮП |
Қызмет алушы |
ЭҮТП |
ЭҮП |
Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде тұтынушының компьютерін ғаламтор- браузеріне тіркеу |
Қызмет алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты,бас тарту хабарламаны қалыптастырады |
Қызметтi таңдау, және электорондық түрде қажетті құжаттарды тіркеуімен өтінім деректерді қалыптастыру |
Қызметтің төлемі |
Төлемдердің жоқтығына байланысты, бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi) |
Сұрау салуды табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
Сұрау салуды табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Әрекетті табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
Орындау мерзімі |
1,5 мин |
20 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
20 сек |
Келесi әрекеттiң нөмiрi |
2 – егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар бар болғанда; 3 – егер қуаттау ойдағыдай өткенде |
– |
4 |
5 – егер төлемесе, 6 – егер төлесе |
– |
кестенің жалғасы
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Қызмет алушы |
ЭҮП |
Қызмет алушы |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
Сұрау салуын куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау |
Қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
ЭЦҚ арқылы сұрау салуын куәландыру (қол қою) |
«Е-лицензиялау» АЖ электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуы) тіркеу және «Е-лицензиялау» АҚ сұрау салуды өңдеу |
«Е-лицензиялау» АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуынан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Электрондық құжат ( электрондық лицензия) |
Сұрау салуды маршруттау |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
Сұрау салуды маршруттау |
Өтінішке нөмер тіркеуімен сұрау салуды тіркеу |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады |
Электрондық лицензия |
10 – 15 сек |
10 – 15 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
20 сек |
15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні |
7 – егер ЭЦҚ қате, 8 – если ЭЦҚ қатесіз |
- |
- |
10 - қызмет берушімен лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негізіне сәйкестігін тексеру |
- |
– |
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Қызмет беруші |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
Қызмет беруші |
ЗТ МДҚ |
Әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ авторизацияланады |
Қызмет алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты, бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру |
Қызметті қызмет беруші қызметкерімен таңдау |
Қызмет алушының деректерін тексеруіне сұрау салуды ЗТ МДҚ жолдау |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi) |
Сұрау салуды табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру |
Сұрау салуды табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Сұрау салуды маршруттау |
Орындау мерзімі |
1,5 мин |
20 сек |
10 - 15 сек |
10 - 15 сек |
Келесi әрекеттiң нөмiрi |
1 - қызмет беруші кәсіпкерінің логин және пароль деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ тексеру |
– |
4 |
5 – егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар бар болғанда; 6 – егер қуаттау ойдағыдай өткенде |
кестенің жалғасы
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
Қызмет беруші |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ» |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ |
Қызмет алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты, бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру |
Құжаттарды тіркеумен сұрау салу нысанын толтыру |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу |
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қызмет алушының деректерінде бұзушылықтар болуынан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру |
Сұрау салуды табысты құрастыру туралы ескертудi бейнелеу |
Өтінішке нөмер тіркеуімен сұрау салуды тіркеу |
Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Электрондық лицензия |
20 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
20 сек |
15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні |
- |
- |
8 – егер сұрау салу бойынша |
- |
- |
«Заңды тұлғалардың түсті
және қара металдардың
қалдықтарын және ломды жинау
(дайындау),сақтау, қайта өңдеу және
жүзеге асыру бойынша қызмет
түрін жасау үшін лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензия
дубликаттарын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-Қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылының № 1 диаграммасы (қағаз нұсқасынан қараңыз)
Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара iс-қимылының № 2 диаграммасы (қағаз нұсқасынан қараңыз)
Шартты белгілер: (қағаз нұсқасынан қараңыз)
«Заңды тұлғалардың түсті
және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу
жөніндегі қызмет түрін жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-Қосымша
Электрондық мемлекеттiк қызметтерiнiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк» көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнаманың нысаны
_______________________________________________________
(қызметтiң атауы)
1. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына және нәтижесiне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара канағаттанамын;
3) қанағаттанамын.