Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 "Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № С-5/6 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 мамырда № 1-1-176 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № С-33/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.01.2015 С-33/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 18 «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 5 мамырдағы № 18 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
      1 тармағының 2 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;»;
      5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының (қосымша жалдаушының) құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ай сайынғы жарналарының мөлшері туралы шоттар - тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек- шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқамен қоса беріледі, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.».
      6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, егер:
      1) Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - егер отбасының жиынтық табысы айына он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспаса жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектерінің және мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасылары, интернационалист жауынгерлердің отбасы үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамсыздандырылған отбасылар (азаматтар) үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) Тұрғын үйдің иесі немесе жалға алушысы (қайта жалдаушы) сенімсіз мәліметтер ұсынса.
      Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама уәкілетті органға өтініш берген кезде жеке келу немесе пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.».
      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «10.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.».
      2.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      5 сессияның төрайымы                       С.Мұратбекова

      Бесінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады