Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № А-5/180 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 мамырда № 1-2-166 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № а-4/181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 18.04.2016 № а-4/181 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыздағы мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. Степногорск қаласы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 10 мамырдағы № А-5/163 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-143 тіркелген, 2011 жылғы 9 маусымда "Степногорск Ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады