Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада № 3500 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 24.12.2013 № 5С-25/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Р. Сахневич

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ. Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қаласының әкімі                М. Тақамбаев

Степногорск қалалық 
мәслихатының 2012 жылғы
31 қазандағы № 5С-10/3
шешіміне қосымша  

Степногорск қалалық мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізімдері

      1. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-106 актісі ретінде тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
      2. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-27/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-125 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
      3. «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 4С-43/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-147 актісі ретінде тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
      4. «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-165 актісі ретінде тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).

Степногорск қалалық 
мәслихатының 2012 жылғы
31 қазандағы № 5С-10/3
шешімімен бекітілді 
 

Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ережесі

      Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Степногорск қаласында, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттерiнде және Қарабұлақ селосында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны төленеді.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде белгіленеді.
      Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын тұрғындарға тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке тұрғын үйде, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің сатып алуға арналған шығыстарға, ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 % мөлшерінде белгіленеді.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр көлемінде белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
      Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi.
      Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтердің, байланыс қызметтерінің және тұрғын үйді күтіп-ұстауға және олардың өзгерген тарифтерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін электр қуатының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловаттан белгіленсін.
      5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу

      6. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыны саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фаздық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      7. Тұрғын үй көмегi аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметіне орташа алғанда отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен шығындары есепке алынады.
      Пешпен жылытылатын жеке меншiк үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына 1 рет ұсынылады, отын нормасы бiр рет алынады.
      Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерiнде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмiрден аспауы керек.
      Көмiрдiң құнын есептеу үшiн статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда қала бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйдi күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде, өкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.
      8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші мен қоса берілген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы) немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналарының мөлшері туралы шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланған үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыны саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіш құралы құнының түбіртек шоты.
      9. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 8 тармақта көзделген құжаттардан басқа:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шотты;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шотты ұсынады.
      10. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      Қайта өтініш берген кезде 8 тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
      11. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, өкiлеттi орган он күнтізбелік күн ішінде қарастырып, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама өкiлеттi органға келген кезде немесе пошта арқылы беріледі.
      12. Өкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындамау туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылған тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге төлемдер отбасының осы мақсаттарға белгіленген 12 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) тұрғын үй иесімен және жалдаушылармен (қосымша жалдаушыларымен) құжаттардың тізбесін толық тапсырмаса.
      13. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға жүгінеді.
      14. Тұрғын үй иесімен немесе жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындау үшін әдейi жалған мәлiметтер берiлсе, заңсыз алынған соманы қайтаруға бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      15. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн өкiлеттi орган екiншi деңгейлi банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушының жеке өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының жеке шоттарына аударуды жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      16. Өкiлеттi орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығының негізінде есептеледі.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 31 октября 2012 года № 5С-10/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 ноября 2012 года № 3500. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2013 года № 5С-25/5

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 24.12.2013 № 5С-25/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами», Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Степногорского городского маслихата согласно приложению.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата                       Р.Сахневич

      Секретарь городского
      маслихата                                  Г.Копеева

      СОГЛАСОВАНО

      Аким города Степногорска                   М.Такамбаев

Приложение     
к решению Степногорского
городского маслихата 
от 31 октября 2012 года
№ 5С-10/3      

Перечень
признанных утративших силу некоторых решений
Степногорского городского маслихата

      1. Решение Степногорского городского маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорск» от 23 декабря 2008 года № 4С-14/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-2-106, опубликовано 20 февраля 2009 года в газетах «Степногорск ақшамы» и «Вечерний Степногорск»).
      2. Решение Степногорского городского маслихата от 12 декабря 2009 года № 4С-27/3 «О внесении дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 23 декабря 2008 года № 4С-14/3 ««Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, оплату коммунальных услуг и услуг связи» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-2-125, опубликовано 22 января 2010 года в газетах «Степногорск ақшамы» и «Вечерний Степногорск»).
      3. Решение Степногорского городского маслихата «О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 23 декабря 2008 года № 4С-14/3 «Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, оплату коммунальных услуг и услуг связи» от 8 сентября 2011 года № 4С-43/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-2-147, опубликовано 20 октября 2011 года в газетах «Степногорск ақшамы» и «Вечерний Степногорск»).
      4. Решение Степногорского городского маслихата от 20 апреля 2012 года № 5С-4/4 «О внесении изменений и дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 23 декабря 2008 года № 4С-14/3 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорск» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-2-165, опубликовано 7 июня 2012 года в газетах «Степногорск ақшамы» и «Вечерний Степногорск»).

Утверждены      
решением Степногорского
городского маслихата 
от 31 октября 2012 года
№ 5С-10/3      

Правила
предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям
(гражданам) по городу Степногорску

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Степногорску (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами».

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств городского бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Степногорске, поселках Аксу, Заводской, Бестобе, Шантобе и селе Карабулак для возмещения затрат по оплате:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      2. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется, как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, приобретения однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме в пределах норм и предельно - допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Доля предельно - допустимых расходов на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг устанавливается в размере 12 % к совокупному доходу семьи (гражданина).
      3. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 18 квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 30 квадратных метров, но не менее площади однокомнатной квартиры.
      Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях.
      Тарифы на все коммунальные услуги, услуги связи и содержание жилья и их изменения, для расчета жилищной помощи предоставляются поставщиками услуг.
      4. За норму расхода электрической энергии, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 75 (семьдесят пять) киловатт на одного человека в месяц.
      5. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Степногорска».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      6. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также по предъявленному поставщиком счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      7. Жилищная помощь малообеспеченным семьям (гражданам) назначается ежеквартально.
      Начисление жилищной помощи производится на текущий квартал, при этом доходы семьи и расходы на содержание жилого дома (жилого здания), коммунальные услуги, услуги связи учитываются в среднем за истекший квартал.
      Жилищная помощь, проживающим в индивидуальном доме с печным отоплением, предоставляется 1 раз в год, при этом норма топлива берется единовременно.
      Расход топлива на 1 квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограмм в месяц, но не более пяти тонн угля на семью в год.
      Для расчета стоимости угля учитываются средние цены по городу, сложившиеся за предыдущий квартал согласно статистическим данным.
      При изменении тарифов на оплату содержания жилья, коммунальных услуг, услуг связи, изменении доходов семьи, уполномоченный орган производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      8. Жилищная помощь назначается на основании заявления собственника или нанимателя (поднанимателя) жилья и прилагаемых к нему документов:
      1) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копии правоустанавливающего документа на жилище;
      3) документа, подтверждающего регистрацию по постоянному месту жительства заявителя (членов семьи) (адресная справка либо справка сельских или аульных акимов) либо копии книги регистрации граждан;
      4) документов, подтверждающих доходы семьи;
      5) счетов на потребление коммунальных услуг;
      6) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      7) квитанции - счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;
      8) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом;
      9) квитанции - счета стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      9. Семьи (граждане) имеющие право на компенсацию затрат на содержание жилого дома (жилого здания), кроме документов, предусмотренных пунктом 8, предоставляют:
      1) счет о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;
      2) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемый органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованный с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией) утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума.
      10. Копии документов предоставляются с подлинниками для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в этот же день.
      При повторном обращении документы, предусмотренные подпунктами 1), 2), 3) пункта 8 предоставляются при возникновении изменений.
      11. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня принятия документов от заявителя рассматривает и выносит решение о назначении жилищной помощи или об отказе в назначении.
      Уведомление о назначении или об отказе в назначении осуществляется посредством личного посещения при обращении в уполномоченный орган или посредством почтового сообщения.
      12. Уполномоченным органом выносится решение об отказе в назначении жилищной помощи в случае, если:
      1) оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, не превышает предельно допустимый уровень расходов семьи на эти цели 12 %;
      2) собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилья предоставлен неполный перечень документов.
      13. В случае возникновения сомнения в достоверности информации государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Степногорска» обращается в органы, уполномоченные производить проверки.
      14. При представлении в уполномоченный орган заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник, наниматель (поднаниматель) жилья возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      15. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета получателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиумов.

3. Исчисление совокупного дохода семьи
(гражданина), претендующей на получение жилищной помощи

      16. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органами в частном жилищном фонде».