Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда № 1-2-106 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2011.09.08 № 4С-43/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 11)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск  қалалық мәслихатының 2011.09.08 № 4С-43/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-3/5 “Азаматтарға тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы” шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-20-80 тіркелген, № 3 “Престиж” газетінде 2008 жылғы 17 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Казаков

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғөпеева

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      А.Никишов

Степногорск қалалық
мәслихатының 2008 жылғы
23 желтоқсандағы № 4С-14/3
шешімімен бекітілген

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск  қалалық мәслихатының 2011.09.08 № 4С-43/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Степногорск қаласында, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттерiнде және Қарабұлақ селосында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
     жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік төлемақының өсуіне байланысты бөлігіндегі телефон үшін байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектелген мөлшер және шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр көлемінде белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
      Коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, лифт, қоқыс шығару) пайдалану нормативтері нақты пайдалану мөлшерімен белгіленеді және нормативтік құжаттарда белгіленген шегі көлемінен аспауы тиіс (құрылыстың нормалары мен ережелері (ҚНжЕ).
      Тұрғын үй көмегін есептеуге барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және олардың өзгеруін қызмет көрсетушілер ұсынады.
      3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу

      4. Тұрғын үй көмегi аз қамсыздандырылған меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға «қосымша жалдауға) беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратындардан, 18 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балаларға қызмет көрсететін тұлғалардан, III топ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғалардан, айрықша зиянды және аса ауыр еңбек жағдайындағы жұмыста, жер астылық және ашық тау жұмыстарында істейтін (№ 1 және № 2 тізім) мемлекеттік жәрдемақыны алатын тұлғалардан басқалары), басқа отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргiзiледi, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерiнiң шығындары есепке алынады.
      Жергiлiктi жылу берiлетiн жекеменшiк үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына бiр рет ұсынылады, көмiр нормасы бiр рет алынады.
      Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерi есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тонна көмiрден аспауы керек.
      Көмiрдiң құнын есептеу үшiн тұрғын үй көмегi есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
      Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердiң төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.
      5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалға алушының (қосымша жалға алушының) өтініші мен қоса берілген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжайының анықтамасы немесе селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табысын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақта 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған мақсатты жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалға алушылардың (қосымша жалға алушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуіне байланысты бөлігінде байланыс қызметтерінің төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақтағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 5 тармақтағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шотты ұсынады.
      Құжаттардың көшірмесін салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасымен қоса ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      Қайта өтініш берген кезде 5 тармақтың 1),2),3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгеріс туындаған жағдайда ұсынылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6-1. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 12 пайыз шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Ескерту. Шешім 6-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға жiбередi. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындалуына әкелген әдейi жалған мәлiметтер берiлсе заңсыз тағайындалған соманы меншiк иесi (жалға алушы) өз еркiмен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      8. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлемдер түрiнде анықталады. Тұрғын үй көмегi төлемдерi бюджеттiк қаражатты бөлу бойынша өкiлеттi органның қаржыландыруына қарай ай сайын (құқығы болған кезде) жүргiзiледi.
      Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн өкiлеттi орган екiншi деңгейлi банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткердiң жеке өтiнiшiне сәйкес тұрғын үй көмегi төлемдерi коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге жiберiледi. Тұрғын үйдi күрделi жөндеу шығындарына өтемақы және отын (көмiр) құнының шығындарына өтемақы өтiнiш берушiлердiң екiншi деңгейлi банктердегi шоттарына аударылады.

3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      9. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері бойынша Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептеледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.04.20 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады