Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 11), 14) тармақшаларына, «Тұрғын–үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-106 тіркелген, 2009 жылы 20 ақпандағы «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесінде:
келесі мазмұндағы 19-1 тармағымен толықтырылсын:
«19-1. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін есептік көрсеткіш шамасының бес есе мөлшеріндегі кіріс (саяжай учаскесінен, үйдің жанындағы учаскеден, бақшадан түскен табыстардан басқалары) есептеледі».
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Махатов
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ғ.Көпеева
КЕЛІСІЛДІ:
Степногорск
қаласының әкімі А.Н.Никишов