РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы, 1-тармағының, 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы, 2-тармағының, 3)-тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданында үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № А - 2/80 "Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-84 тіркелген, 2008 жылғы 28 наурызында аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | А.Кривицкий |