РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Астрахан ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-159 тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасында:
7 азатжол жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Қарттар Күніне орай: зейнеткерлерге, ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыдан да төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;";
9 азатжол жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үш мың теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрайымы | В.Быстрицкая |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы | В.Собеский |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |