Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-15/4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-156 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымдағы «Бұланды таңы», «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасалсын:
1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде біржолғы»:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он айлық көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңелген тұлғаларға үш айлық көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңелген басқа санаттағы тұлғаларға екі айлық көрсеткіш мөлшерінде;
2) Қарттар күні мерекесіне ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде біржолғы бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жою коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды жүз пайыз өтеу үшін, арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушінің шотына немесе алушының жеке шотына аудару;
4) Туберкулезбен ауыратын науқастарға емделуге және жолына Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Бұланды орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдер негізінде онкологиялық стационар жағдайында арнайы емдеуден өткен онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға жылына бір рет біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) ауданның тұрмысы төмен отбасылардан және ауылдық жерлерінде тұратын көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге, оқу орнымен шарт негізінде, жылына бір рет білім беру қызметінің жылдық құны мөлшерінде;
6) коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облысы Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде жылына бір рет екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) отбасына, төтенше жағдайларға тап болған жағдайда (өрт, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар) болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей біржолғы елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізіліміне кірмейтін дәрі-дәрмектерді сатып алуға, ақылы ота жасау табысы күн көріс деңгейінен аспайтын отбасыларына жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) табысы күн көріс деңгейінен аспайтын отбасыларға кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
3-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу үшін қажетті толық құжаттардың тізбесі белгіленсін:
1) 1-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санат үшін – коммуналдық төлемді төлегені туралы түбіртек, есеп-шоты, тізілімдер, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы немесе сатып алынған қатты отынның түбіртегіне сәйкес жүз пайыз мөлшерінде өтеледі;
2) 1-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі), жеке куәлігінің көшірмесі немесе 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлігінің көшірмесі, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), ауыруы тарихының үзіндісі;
3) 1-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санат үшін - өтініш, сол санатқа жататынын растайтын анықтама, оқу орнынан анықтама, тұрақты тұратын жерде тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, жеке сәйкестендірме коды (банк шотының нөмірі), оқу орнымен шарт;
4) 1-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті Бұланды ауданының Төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы;
5) 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, ауыруы тарихының үзіндісі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, отбасының құрамы туралы мәліметтер және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтер;
6) 1-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтініш, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәліметтер және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтер.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 12 сессияның
төрағасы Қажақанов Б.Т.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ш. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі М. Балпан