Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің 04.02.2014 ақпандағы № 01-91 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5, 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген (бір жылдан көп) азаматтар;
3) мигранттар;
4) азаматтық қызметтен босатылғандар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
6) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар.
2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі Т.Хамитов