Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2-6 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 сәуірде № 1-13-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қазандағы № 5ВС-22-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 30.10.2013 № 5ВС-22-10 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты
      ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай он бес мың теңге көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде концлагерьдің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай бес мың теңге көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы ауруға шалдығудан мүгедек деп танылғандарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш мың теңге көлемінде және ай сайын коммуналдық қызмет шығынына бір жарым айлық есептік көрсеткіштің көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, сонымен қатар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай бес мың теңге көлемінде, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш мың теңге көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай бес мың теңге көлемінде;
      ауыл және ауылдық округ әкімдерінің берген тізімнің негізінде жабылған және қайта құрылған кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс атқарған зейнеткерлерге Халықаралық қарттар Күніне орай екі мың теңге көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге Халықаралық қарт адамдар Күніне орай екі мың теңге көлемінде;
      2) мүгедектерге:
      емделуге бару жолының, сонымен қатар жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге Ақмола облысының шеңберінде екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, Ақмола облысынан тыс жерлерге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      дәрі-дәрмектерді сатып алуға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      "Жақсы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімнің негізінде аудандық спартакиадасына қатысушыларға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде 1, 2 топ мүгедектеріне мүгедектер Күніне орай екі мың теңге көлемінде;
      ауыл және ауылдық округтері әкімдерімен ұсынылған тізімнің негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға Халықаралық балаларды қорғау Күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      3) белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты бір жолғы жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға) біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) туберкулезбен ауыратындарға:
      Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы
      "Жақсы орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған тізімнің негізінде
      фтизиатр-дәрігерде есепте тұрғандарға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді;
      5) колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін оқыту бағасының көлемінде көрсетіледі;
      6) оқудың күндізгі формасында оқитын мүгедек студенттерге оқытуға оқыту бағасының көлемінде көрсетіледі;
      7) ата-ананың қамқорынсыз қалған жетім балаларға, олардың жоғары оқу орнында білім алу кезеңінде оқытуға оқыту бағасының көлемінде көрсетіледі;
      8) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімнің негізінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға Халықаралық әйелдер Күні 8 наурызға орай екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      9) үйсіз адамдарды жерлеуді іске асыратын тұлғаларға бір жолғы он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жақсы аудандық мәслихатының
 
сессия төрайымы
Г.Әбілдаева
Жақсы аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
 
Жақсы ауданының әкімі
И.Қабдуғалиев

      

  Жақсы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-2-6 шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттар
тізбесі

      1. Мүгедектерге емделуге бару жолын төлеуге:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) 16 жасқа дейінгі балаларға тууы туралы куәліктің көшірмесі;
      4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      6) әлеуметтік жеке код (бұдан әрі - ӘЖК) беру туралы куәліктің көшірмесі;
      7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      8) дәрігерлік мекеменің емделуге берген жолдаманың көшірмесі, қажет болған кезде ілесіп жүрушіге мұқтаждығын көрсету;
      2. Мүгедектерге дәрі-дәрмек алуға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) 16 жасқа дейінгі балаларға тууы туралы куәліктің көшірмесі;
      4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      6) ӘЖК көшірмесі;
      7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      8) дәрі-дәрмек алуға мұқтаждығы туралы дәрігерлік мекеме құжатының көшірмесі;
      3. Отбасыларға (азаматтарға) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) төтенше апатты растайтын құжаттың көшірмесі.
      4. Онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) ота өткізілген фактісін растайтын, ауру тарихынан үзінді;
      5. Үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға):
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) азаматтың берілген санатқа жататындығы туралы ауыл (село), ауылдық округ әкімдігінің анықтамасы.
      6. Бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) бас бостандығынан айыру орнынан босаған фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
      7. Туберкулезбен ауыратындарға, туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) туберкулездік диспансерде емделуде жатқандығы туралы дәрігерлік мекеменің анықтамасы.
      8. Колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) оқыту орнын растайтын анықтама
      7) оқыту үшін жасалған шарттың көшірмесі;
      8) отбасының табысы туралы мәліметті немесе көп балалы отбасының дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі.
      9. Оқудың күндізгі формасында оқитын мүгедек студенттерге оқытуға оқытуды төлеу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      4) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      5) ӘЖК көшірмесі;
      6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      7) оқыту орнын растайтын анықтама;
      8) оқыту үшін жасалған шарттың көшірмесі.
      10. Ата-ананың қамқорынсыз қалған жетім балаларға, олардың жоғары оқу орнында білім алу кезеңінде оқытуды төлеу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) оқыту орнын растайтын анықтама;
      7) оқыту үшін жасалған шарттың көшірмесі;
      8) жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      11. Үйсіз адамдарды жерлеуді іске асыратын тұлғаларға:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің есепайырысу шотының көшірмесі;
      4) ӘЖК көшірмесі;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) өлгені туралы куәліктің көшірмесі;
      7) азаматтың берілген санатқа жататындығы туралы ауыл (село), ауылдық округ әкімдігінің анықтамасы.
      12. Салыстыру үшін құжаттардың көшірме мен түпнұсқасы ұсынылады, содан соң өтініш берген күні құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады