Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 25.12.2014 № А-12/420 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, қажет құжаттарды тапсырған сәттен бастап, тоқсан сайын 6 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде көрсетілсін.
2. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен бөлінген, ақшалай қаражатты уақытында игеруді қамтамасыз ету бойынша іс шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
Келісілді
«Сандықтау ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндеттерін атқарушы Д.Нұрмақова