Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 46/6-5 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде № 1-17-178 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 80/11-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 14.12.2012 № 80/11-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының төрағасы             Т.Құлмағамбетов

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      Келісілді

      Целиноград ауданының әкімі                 А.Үйсімбаев

      «Целиноград ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           Ә.Ыбраева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады