Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № А-9/241 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына сәйкес, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 1 наурыздағы № 274 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызметтің мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген әскери мерзімін өткермеген азаматтардың 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының
әкімі С.Қамзебаев
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысы Шортанды ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Бегімкүлов