Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 45 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 тамызда № 3407 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 351 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы А.ЫБРАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С.ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 45 облыстық мәслихаттың
шешімімен бекітілген

Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың
Қағидасы

      1. Осы ортақ су пайдаланудың Қағидасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының4-тармағына, 92-бабының 1-тармағына және 95-бабының 5-тармағына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құырғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;
      2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
      3) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
      4) жер асты шаруашылық – ауыз сулары - өзінің табиғи жай – күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
      5) сарқынды сулар – адамның шарушылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
      6) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
      7) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
      8) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      3. Мынадай:
      1) техникалық құралдарды қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;
      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
      Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне рұқсат етілмейді.
      4. Осы Қағида Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      5. Су объектілерінде ортақ су пайдалану бойынша қызметтерді үйлестіруді және ұйымдастыруды Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдары, су пайдалану мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары жүзеге асырады.
      6. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында, мынадай жерлерде;
      1) халықтың шомылуы;
      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
      шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
      температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
      судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
      сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).
      2) халықтың санитарлық-эпидимиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысынсыз және облыстың жергілікті атқарушы органында міндетті тіркелмеген тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз суға және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға;
      3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;
      4) зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан, сондай-ақ ұйымдастырылған жағажайларда пайдаланылатын шағын кемелер мен жабдықтардан басқа, адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдындарында шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынады деп белгіленсін.
      7. Адамдар көп шоғырланатын жерлердегі су айдынындағы суды жыл сайын, шомылу маусымы басталар алдында кемінде екі рет химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша химиялық және микробилогиялық тексеруден өткізу қажет.
      Шомылу маусымы кезеңінде су айдынындағы су айына кемінде екі рет химиялық-микробиологиялық тексеруден өткізіледі (сынама кемінде екі жерден алынады). Су шомылу аймағынан бір километр (бұдан әрі – км) жоғары ара қашықтықтағы ағыннан және шомылу аймағының екі жағынан 0,1-1,0 км ара қашықтықтағы су айдынынан, сондай-ақ шомылу аймағының шекараларынан алынады.
      8. Шомылуға арналған су бетінің шекаралары қызыл түсті қалқитын белгілермен белгіленеді.
      9. Суда жүзетін жабайы құстар, терісі бағалы аң түрлері, балық ресурстары және басқа да су жануарларының тіршілік ортасы болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашу кезеңінде ортақ су пайдалану құқығын шектеуді облыстық маслихат белгілейді.
      10. Мемлекеттің қауіпсіздігін және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалану шектелуі, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкін.
      11. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеу үшін, бөлек немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстық маслихатқа ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу немесе тыйым салу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.
      12. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе тыйым салуды белгілеу негізсіз болған жағдайда, ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеуден негізді себептермен бас тарту туралы облыстық маслихат су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
      13. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа да шарттары туралы халықты облыстық маслихат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
      14. Ортақ су пайдалануға тыйым салу немесе шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату бойынша шығындарды, осы су объектілері жекелей немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар өткереді.
      15. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салу белгілері мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      16. Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан сондай-ақ, көпшілік демалу орындарынан, мәдени-тұрмыстық, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі. Суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
      17. Су пайдаланушылар су қорғау іс-шараларын жүзеге асырады:
      белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына, жер үсті және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның шешімінсіз ауыз су сапасындағы суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермейді.
      18. Су шаруашылығы құрылыстарының меншік иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікте болады.
      19. Суда азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұйымдардың меншік нысанына қарамастан міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
      20. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалысын шектеу немесе тыйым салу, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
      21 Осы Қағиданың сақталуын бақылау олардың құзыреттері шегінде ішкі істер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.
      22. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, кінәлі тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 22 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

О Правилах общего водопользования на водных объектах Актюбинской области

Решение Актюбинского областного маслихата от 27 июля 2012 года № 45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 августа 2012 года № 3407. Утратило силу решением Актюбинского областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 351

      Сноска. Утратило силу решением Актюбинского областного маслихата от 11.12.2015 № 351 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 1) статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 364 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях" и пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" областной маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением Актюбинского областного маслихата от 27.03.2015 № 291 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).
      1. Утвердить прилагаемые к настоящему решению Правила общего водопользования на водных объектах Актюбинской области.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии областного маслихата А. ИБРАЕВ
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА

  Утверждены
решением областного маслихата
от 27 июля 2012 года № 45

Правила
общего водопользования на водных объектах Актюбинской области

      1. Настоящие Правила общего водопользования разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 38, пунктом 4 статьи 65, пунктом 1 статьи 92 и пунктом 5 статьи 95 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, статьей 364 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1215 "Об утверждении Типовых правил общего водопользования".
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Актюбинского областного маслихата от 27.03.2015 № 291 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).
      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:
      1) общее водопользование – водопользование, осуществляемое для удовлетворения нужд населения без закрепления водных объектов за отдельными физическими или юридическими лицами и без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод;
      2) гидротехнические сооружения - инженерные сооружения, используемые для управления водными ресурсами, подачи воды водопользователям, водоснабжения и водоотведения, предупреждения вредного воздействия вод;
      3) водохозяйственные сооружения - искусственно созданные гидротехнические сооружения и устройства с целью регулирования использования и охраны водных ресурсов, водоснабжения, водоотведения и устранения вредного воздействия вод;
      4) хозяйственно-питьевые подземные воды - подземные воды, по своему качеству в естественном состоянии или после обработки отвечающие нормативным требованиям и предназначенные для питьевых и бытовых нужд человека, либо для производства питьевой продукции;
      5) сточные воды - воды, образующиеся в результате хозяйственной деятельности человека или на загрязненной территории, сбрасываемые в естественные или искусственные водные объекты или на рельеф местности;
      6) воды - совокупность всех вод, сосредоточенных в водных объектах;
      7) водопользование - использование водных ресурсов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов физических и юридических лиц;
      8) водопользователь - физическое или юридическое лицо, которому в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлено право использования водных ресурсов для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов;
      3. К общему водопользованию относится пользование водными объектами:
      1) при заборе воды из поверхностных источников без применения технических средств;
      2) в рекреационных целях, массового отдыха, туризма и спортивных целей, за исключением водных объектов, представляющих потенциальную селевую опасность;
      3) для судоходства и пользования маломерными судами;
      4) для водопоя скота.
      Общее водопользование осуществляется как на водных объектах общего пользования, так и на водных объектах, не состоящих в общем пользовании, и не требует наличия специального разрешения. Не допускается ограничение физическими и юридическими лицами доступа населения к водным объектам общего водопользования путем установления заграждений, охранных пунктов, запрещающих знаков, за исключением случаев, предусмотренных Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года.
      4. Настоящие Правила определяют порядок общего водопользования водных объектов, расположенных в административно-территориальных границах Актюбинской области, и обязательны для исполнения всеми физическими и юридическими лицами независимо от формы собственности.
      5. Координацию и организацию деятельности по общему водопользованию водных объектов Актюбинской области осуществляют должностные лица местных исполнительных органов, уполномоченные органы в области использования и охраны водного фонда, руководители учреждений и предприятий водопользования области.
      6. В целях экологической, технической и санитарно-эпидемиологической безопасности населения определить следующие места, где запрещено:
      1) купание населения:
      в местах, где установлены предупредительные и запрещающие знаки;
      вблизи шлюзов, гидроэлектростанций, мест спуска сточных вод, стойбищ и водопоя скота и других источников загрязнения, а также выше указанных источников загрязнения на расстоянии не менее 500 метров;
      в местах выхода грунтовых вод с низкой температурой, водоворотов и воронок;
      в местах с течением воды превышающим 0,5 метров в секунду;
      на глинистых участках, а также при наличии неблагоприятных и опасных природных факторов (берег должен быть отлогим, без обрывов и ям, а дно водоема должно быть песчаным, свободным от тины, водорослей, коряг и острых камней).
      2) забор воды для питьевых и бытовых нужд непосредственно из поверхностных и подземных водных объектов без наличия положительного заключения уполномоченного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и обязательной регистрации его в местном исполнительном органе области;
      3) использование водных объектов для водопоя скота в зонах санитарной охраны и при отсутствии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования;
      4) катание на маломерных судах и других плавучих средствах на водоемах в местах массового скопления населения, кроме маломерных судов и иных средств, используемых для спасения пострадавших, а также судов и средств, используемых на организованных пляжах.
      7. Воду водоема в местах массового скопления населения необходимо подвергать химическому и микробиологическому исследованию ежегодно, перед началом купального сезона не менее двух раз по химическим и микробиологическим показателям.
      В период купального сезона вода водоема подвергается химическому и микробиологическому исследованию не реже двух раз в месяц (проба отбирается не менее чем в двух точках). Вода отбирается на расстоянии один километр (далее - км) вверх по течению от зоны купания на водотоках и на расстоянии 0,1-1,0 км в обе стороны от нее на водоемах, а также в границах зоны купания.
      8. Границы поверхностности воды, предназначенные для купания, обозначаются красными плавучими сигналами.
      9. Областной маслихат устанавливает ограничение права общего водопользования на водных объектах, признанных местами обитания диких водоплавающих птиц, ценных видов пушных зверей, рыбных ресурсов и других водных животных в период гнездования и нереста.
      10. Использование отдельных водных объектов или их частей может быть ограничено, приостановлено или запрещено в целях обеспечения обороны страны и безопасности государства, охраны здоровья населения, окружающей природной среды и историко-культурного наследия, прав и законных интересов других лиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      11. Для установления условий или запрета общего водопользования, водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, вносит в областной маслихат предложение, в котором обосновывает необходимость установления условий или запрета общего водопользования.
      12. В случае необоснованности установления условий или запрета общего водопользования, областной маслихат письменно уведомляет водопользователя об отказе предложенных условий или запрета общего водопользования с обоснованием причин.
      13. О запрещении купания и других условиях осуществления общего водопользования население оповещается областным маслихатом через средства массовой информации, специальными информационными знаками.
      14. Затраты по установлению информационных знаков по запрещению или ограничению общего водопользования несут физические и юридические лица, водные объекты которым предоставлены для обособленного или совместного пользования.
      15. На незакрепленных водных объектах установка запретительных знаков, плакатов с предупреждениями о размерах штрафов за нарушение настоящих Правил обеспечивается местными исполнительными органами.
      16. Использование водных объектов в порядке общего водопользования для водопоя скота допускается вне зоны санитарной охраны источников питьевого водоснабжения, а также вне мест, используемых для массового отдыха населения, культурно-бытовых, рекреационных и спортивных целей, при наличии устройств, предотвращающих загрязнение водных объектов. Мероприятия по обустройству водопойных площадок проводятся местными исполнительными органами.
      17. Водопользователи осуществляют водоохранные мероприятия, не допускают:
      сброса вредных веществ, превышающих установленные нормативы, загрязнение площади водосбора поверхностных и подземных вод, использование воды питьевого качества на производственные и другие нужды без решения уполномоченного органа в области санитарно - эпидемиологического надзора.
      18. Владельцы водохозяйственных сооружений несут ответственность за техническое состояние объектов в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      19. Обеспечение безопасности граждан на воде, обязанности и ответственность владельцев водных объектов, водопользователей и организаций независимо от формы собственности определяются действующим законодательством Республики Казахстан.
      20. Ограничение или запрещение движения судов, осуществляемое в целях безопасности судоходства, охраны жизни и здоровья людей, сохранности грузов, регламентируется законами Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" и от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании".
      21. Контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляется органами внутренних дел и санитарного-эпидемиологического надзора в пределах их компетенции.
      22. За нарушение настоящих Правил, виновные лица несут ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
      Сноска. Пункт 22 с изменениями, внесенными решением Актюбинского областного маслихата от 27.03.2015 № 291 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого опубликования).