Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 45 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2012 жылғы 21 және 23 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесінде және Қағиданың 1-тармағында, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және 281-1-бабына" сөздері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 364-бабына" сөздерімен ауыстырылсын.
22-тармақта "2001 жылғы 30 қаңтардағы" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Ғ. ЛАТЫПОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |