Нұра селолық округінің Нұра селосында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра селолық округі әкімінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қыркүйекте № 3416 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра селолық округі әкімінің 26.09.2012 № 10 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Ырғыз ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 17-02/230 ұсынысы негізінде Нұра селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра селолық округінің Нұра селосында ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантиндік режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Бөлековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра селолық округінің
      әкімі міндетін атқарушы                   М. Жұмабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады