Қобда ауданының мемлекеттік жалдау үйлеріндегі жалдау ақысының көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 160 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте № 3412 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 05.03.2013 № 41 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалданған үйдегі пәтерлерді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері, 1 шаршы метрге, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Коктовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                             А. Жүсібалиев

Қобда ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 14.08 № 160
қаулысына қосымша

Қобда ауданының мемлекеттік тұрғын үй
қорынан жалданған үйдегі пәтерлерді пайдаланғаны үшін
белгіленген төлемақы мөлшері

      Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалгерлік төлемақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
      2008 – 2010 жылы салынған 1 үйдің
сметалық құны                              - 3594178 теңге.
      2011 жылы салынған 1 үйдің
сметалық құны                              - 5001915 теңге.
      Ц- 2008-2010 жылдары салынған үйлердің
1 шаршы метрінің құны                        - 54366 теңге.
      Ц-2011 жылғы салынған үйлердің 1 шаршы
метрінің құны                                - 61614 теңге.

Тұрғын үйлердің жалпы аумағы:

      2008-2010 жылдары салынған         - 1190 шаршы метр.
      2011 салынған                       - 893 шаршы метр.
      Е- бір тұрғын үйдің жалпы аумағы
      2008-2010 жылдары салынған           - 66 шаршы метр.
      2011 салынған                        - 81 шаршы метр.
      Т- тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі  - 100 жыл
      Г- тұрғын үйдің бір жылға 1 шаршы метрін
      ұстауға қажет шығын мөлшері:
      2008 - 2010 ж. ж.                      - 35942 теңге.
      - 2011 жыл                             - 50019 теңге.

Есептеу формуласы:

      1) 2008-2010 жылдары салынған жалдамалы үйлер бойынша:
      Р = Г: 12: Е
      Р = 35942:12:66 = 45 теңге 40 тиын.
      жалдау ақы мөлшері:
      А = Ц: Т: 12 + Р
      А = 54366: 100: 12 + 45,4 = 90 теңге 70 тиын.
      1 айға жалдау төлемінің көлемі – 90 теңге 70 тиын.
      2) 2011 жылы салынған жалдамалы үйлер бойынша:
      Р = Г: 12:Е
      Р = 50019: 12: 81 = 51 теңге 40 тиын.
      А = Ц: Т: 12 + Р
      А = 50019: 100: 12 + 51,4 = 102 теңге 70 тиын.
      1 айға жалдау төлемінің көлемі – 102 теңге 70 тиын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады