Ескерту. Орындалу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2012.10.02 № 2334 Хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережені бекiту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Мұғалжар ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
2. Ұсынылсын:
1) «Мұғалжар аудандық емханасы» және «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін.
2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3. Қалалар мен ауылдық округтерінің әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскерге шақыру жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. Тіркеу нәтижесі туралы 2012 жылдың 11 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарласын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.
6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Мұғалжар ауданының әкімі С.Шаңғұтов