Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 20.08.2014 № 324 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру 1-қосымшаға және ата-ананың ақы төлеу мөлшері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ғ.М.Аманова) осы қаулының 1-тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналар төлемін және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі А. Мұсаханов
Алматы облысы әкімдігінің
"Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында 2012 жылға
арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысының көлемін және
ата-аналар төлемінің мөлшерін
бекіту туралы" 2012 жылғы
16 тамыздағы N 257 қаулысына
1-қосымша
Жылына бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру
тапсырысының көлемі
N |
Шығынның атауы |
Бір баланың орташа шығыны |
|
Шығынның |
Сомасы |
||
Шығындар жиынтығы |
197846 |
||
1 |
Аударым мен қоса еңбекақы |
Тарификация |
175447 |
2 |
Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыны |
Нақты шығын |
960 |
3 |
1 балаға жылына шығатын |
ең төменгі |
405 |
4 |
1 балаға жылына материалдар |
ең төменгі |
8090 |
5 |
1 балаға жылына ағымдағы жөндеу |
ең төменгі |
8090 |
6 |
1 балаға шаққанда жылына |
ең төменгі |
1618 |
Алматы облысы әкімдігінің
"Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында 2012 жылға
арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысының көлемін және
ата-аналар төлемінің мөлшерін
бекіту туралы" 2012 жылғы
16 тамыздағы N 257 қаулысына
2-қосымша
2012 жылға ата–ананың ақы төлеу мөлшері
N |
Мемлекеттік балабақшадағы |
Жекеменшік балабақшадағы |
1 |
айлық есептік көрсеткіштің 6 есе |
айлық есептік көрсеткіштің |