Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 21.11.2014 № 410 қаулысымен (алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1033 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
2) "ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті.
3) "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Енгізуші:
Облыстық табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасының бастығы Сайлау Жухаев
11 қазан 2012 жыл
Келісілді:
Облыс әкімінің
бірінші орынбасары Амандық Ғаббасұлы Баталов
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы Мұқанов
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіров
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімінің орынбасары Серік Мелісұлы Тұрдалиев
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімі
аппаратының басшысы Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев
11 қазан 2012 жыл
Облыстық қаржы
басқармасының бастығы Сырым Қасымұлы Қасымов
11 қазан 2012 жыл
Облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы Нәфиса Төлекқызы Сатыбалдина
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
заң, мемлекеттік-құқық
бөлімінің меңгерушісі Рустам Төлендіұлы Қалиев
11 қазан 2012 жыл
Облыс әкімі аппаратының
жалпы бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Әсемғалиқызы Әукенова
11 қазан 2012 жыл
Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 11 қазандағы
N 304 қаулысымен бекітілген
"ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 каб. орналасқан "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" Мемлекеттік Мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ "электрондық үкімет": www zhetysu-gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабының 3-1) тармақшасына, 68–79-баптарына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның http://priroda.zhetesu-gov.kz/ интернет-ресурсында, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, уәкілетті орган үй-жайының 3 қабатында орналасқан стендінде.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру немесе қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет ІІ, ІІІ және IV қауіптілік санатына қызмет түрлері бойынша жатқызылатын объектілері бар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері осы Регламенттің 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған сәттен бастап:
1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 1 (бір) айдан артық емес.
2) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін 1 (бір) ай ішінде.
3) мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
4) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.
9. Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерінсіз тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар) көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі.
2) порталда – жеке кабинетінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады.
1. Уәкілетті органға:
1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға өтінім;
есептік немесе құрал-сайманды жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері.
4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
салық төлеушінің куәлігі.
2. Порталда:
1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі;
қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі.
2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
есептік немесе инструментальдық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі.
4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресімдеуге тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі;
салық төлеуші куәлігі электрондық өтінімге электрондық сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурстарында уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стендінде орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Тұтынушы осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсыруының растамасы:
1) уәкілетті органның кеңсесінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні және қоса берілген құжаттар саны) бар тұтынушының ілеспе хатының көшірмесі.
2) портал арқылы өтініш берген тұтынушыға порталдағы жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама есеп жолданады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тұтынушы жеке өзі немесе сенімхат бойынша өкілі бару немесе порталда тұтынушының жеке кабинеті арқылы қабылданады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) рұқсат алу үшін ұсынылған материалдардың толық және дұрыс болмауы.
2) Кодекстің 73-бабында көрсетілген талаптарға сұратылатын табиғат пайдалану шарттарының сәйкес болмауы.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адамның конституциялық құқықтарын және еркіндігін сақтау.
2) қызметтік парызын орындау кезінде заңдылықты сақтау.
3) тұтынушылармен жұмыс кезіндегі сыпайылық.
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну.
5) өтініштерді қараған кездегі лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы.
6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауға жәрдемдесу Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 кабинет және 8-7282-27-0062 телефоны бойынша уәкілетті органның кеңсесінде жүзеге асырылады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған апелляция органына – облыстың әкімдігіне Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 38-үй мекен жайына, 8 (7272) 71-65-89; 72-58-17 телефондар және жұмыс күндері 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет мекен жайына, 8(7272) 27-16-69 телефоны және жұмыс күндері 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша кеңсеге беріледі.
23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар еркін нысанда қағаз тасығышта не электрондық пошта бойынша қабылданады.
25. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды тұтынушыға беру болып табылады.
26. Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкілетті органның интернет-ресурсында және Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет үй-жайында орналасқан стендінен алуға болады.
"ІІ, ІІІ және IV санат
объектілері үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органның атауы Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат
алу үшін және қайта ресімдеу үшін өтінім
__________________________________________________________________
(табиғат пайдаланушының атауы)
__________________________________________________________________
(өтініш беруші ұйымның заңды мекен-жайы немесе жеке тұлғаның мекен-жайы)
__________________________________________________________________
1. Жалпы ақпарат
Байланыс телефондары, факс
____________________________________________________________________
Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік сыныбы)
____________________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі*________________________
ЖИН/БЖН ______________________________________________________
2.Өндіріс объектісінің қоршаған ортаны ластау көзі орналасқан өнеркәсіп алаңдарының тұрған жері туралы мәліметтер:
1-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасуы туралы мәліметтер
Өнеркәсіп |
Өнеркәсіптік |
Облыс |
Аудан, елді мекен |
Координаттары, |
Алатын |
|
ендік |
бойлық |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
3. Ластаушы зат шығарындылары (төгінділері) мен жыл бойынша орналасатын қалдықтар мөлшелеріне қойылатын лимит.
2-кесте. Ластаушы зат шығарындыларына қойылатын лимит
Заттардың |
Ластаушы зат |
Ауаға |
Өтінім беру |
|||
г/сек |
т/жыл |
г/сек |
т/жыл |
г/сек |
т/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
20__жылы |
||||||
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша |
||||||
1-алаң |
||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: |
||||||
2-алаң және т.б. |
||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: |
3-кесте. Ластаушы зат төгінділеріне қойылатын лимит
Заттар атауы |
Ластаушы зат төгінділерінің нормативті мөлшері (жылдар бойынша) |
Ластаушы зат төгінділерінің қойылатын лимит (жылдар бойынша) |
Өтінім беру алдындағы жылдың нақты төгінділері |
||||||
мг/л |
г/сағ |
т/жыл |
мг/л |
г/сағ |
т/жыл |
мг/л |
г/сағ |
т/жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
20__ жылы |
|||||||||
Барлығы, оның ішінде су ағызу бойынша: |
|||||||||
1-су ағызу бойынша |
|||||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: |
|||||||||
2-су ағызу бойынша және т.б. |
|||||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: |
4-кесте. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға қойылатын лимит
Қалдықтың |
Қалдықтың |
Орналасқан |
Қалдықтардың |
Қалдықтарға |
Өтінім беру алдындағы жылда қалдықтарды орналастырудың нақты мөлшері |
т/жыл |
т/жыл |
т/жыл |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
20__ жылы |
|||||
Барлығы, оның ішінде түрлері бойынша: |
5-кесте. Күкіртті орналастыруға қойылатын лимит
Күкірттің |
Орналасқан |
Нормативтік мөлшері (жылдар бойынша) |
Қойылатын лимиттер (жылдар бойынша) |
Өтінім беру алдындағы жылда орналастырудың нақты мөлшері |
т/жыл |
т/жыл |
т/жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
20__ жылы |
||||
Барлығы: |
Табиғат пайдалануға ұсынылатын шарттар:
__________________________________________________________________
Қоршаған ортаға эмиссиялар осы өтінімде берілген сипаттамаға сәйкес болатынын растаймыз.
4. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
Кәсіпорын басшысы ______________ ____________________________
(жеке тұлға) (жеке қолы) (Т.А.Ә. толығымен)
М.О.
Ескерту:
* Табиғат пайдаланушының тіркелу нөмірі оны иемденген жағдайда көрсетіледі.
"ІІ, ІІІ және IV санат
объектілері үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат
беру" мемлекеттік
қызмет Регламентіне
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсыру сәтінен |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету |
|||
3. Қолжетімділігі |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық |
|||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Шағымдану тәртібіне |
|||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың |
Көрсеткіштер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстық нұсқаулыққа сәйкес есептеледі (сайт WWW.kyzmet.kz).
"ІІ, ІІІ және IV санат
объектілері үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат
беру" мемлекеттік
қызмет Регламентіне
3-қосымша
Әкімшілік әрекеттің (процедурасының) ретті сипаттамасы мен
өзара әрекеттесу
"ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет
Алматы облысы әкімдігінің
2012 жылғы 11 қазандағы
N 304 қаулысымен бекітілген
"II, III және IV санат объектілеріне "мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "II, III және IV санат объектілеріне "мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 кабинет орналасқан "Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" Мемлекеттік Мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ "электрондық үкімет": www.zhetesu-gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы "Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы" N 207-ө бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның www.priroda.zhetesu-gov.kz, интернет-ресурсында, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, уәкілетті орган үй-жайының 3 қабатында орналасқан стенділерде.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі II, III және IV санат объектілері үшін "келісіледі/келісілмейді" нәтижесімен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет қызмет түрлері бойынша II, III және IV санаттарға жататын объектілері бар жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – алдын ала сараптама үшін құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен артық емес мерзімде.
2) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған, алдын ала сараптамадан өткен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бір айдан артық емес.
3) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған барлық қажетті құжаттарды қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнінен аспайды;
мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.
9. Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерінсіз, тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1).дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар) көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі.
2) порталда – жеке кабинетінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1. Уәкілетті органға:
1) ІІ санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан еркін нысандағы ілеспе хатты;
Қоршаған ортаға әсер етудің iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің "Excel" форматындағы негіздемесі;
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы өтініш;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде), сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде;
орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
жергілікті мемлекеттік органдарда әзірленетін қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге өңірлік бағдарламалардың жобалары, келесі құрамда:
жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің "Excel" форматындағы негіздемесі;
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттарын:
жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);
орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:
жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің "Excel" форматындағы негіздемесі;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;
іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.
2) ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) еркін нысандағы ілеспе хат;
қоршаған ортаға әсер ететін оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің "Excel" форматындағы негіздемесі;
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:
жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);
орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:
жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің "Excel" форматындағы негіздемесі;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;
осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.
2. Порталда:
1) ІІ санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі еркін нысандағы өтінім;
электрондық салым түрінде қоршаған ортаға әсер етудің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары - сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:
жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);
орман шаруашылығын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
электрондық салым түрінде жергілікті мемлекеттік басқару органдар әзірлейтін қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге өңірлік бағдарламалардың жобалары, келесі құрамда:
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:
жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);
орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
электрондық салым түрінде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық салым түрінде іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілетін құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
2) ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:
тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі еркін нысандағы өтінім;
электрондық салым түрінде қоршаған ортаға әсер етудің iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:
жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:
жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;
су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);
жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;
жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);
орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;
балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);
электрондық салым түрінде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;
осы жобаны қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілетін құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындылардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурстарында, уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стенділерде орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсыруы растау:
1) уәкілетті органдар кеңсесінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні және қоса берілген құжаттар саны) бар тұтынушының ілеспе хатының көшірмесі.
2) портал арқылы өтінген кезде тұтынушыға порталдағы жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тұтынушы өзі келе отырып немесе сенімхат бойынша өкілі, не порталдағы тұтынушының жеке кабинетінде қабылдайды.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Қызметтерді тұтынуға байланысты уәкілетті органдар басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адамның конституциялық құқықтарын және еркіндігін сақтау.
2) қызметтік парызын орындау кезінде заңдылықты сақтау.
3) тұтынушылармен жұмыс кезіндегі сыпайылық.
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну.
5) өтініштерді қараған кездегі лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы.
6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтерінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 кабинет және 8 (7282) 27-00-62 телефоны бойынша уәкілетті органның кеңсесінде жүзеге асырылады.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жоғары тұрған апелляция органына – Алматы облысының әкімдігiне Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38-үй мекен жайына 8 (7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43; телефондар және күндері 900 – 1830, түскі үзіліс 1230 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет мекен жайына 8 (7282) 27-16-69 телефоны және жұмыс күндері сағат 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша кеңсеге беріледі.
23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым еркін нысанда қағаз тасығышта не электрондық пошта бойынша қабылданады.
25. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды тұтынушыға беру болып табылады.
26. Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкілетті органдардың интернет-ресурсында, және Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет үй-жайында орналастырылған стенділерден ала алады.
"ІІ, ІІІ және IV санат
объектілері үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат
беру" мемлекеттік
қызмет Регламентіне
1-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсыру сәтінен |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету |
|||
3. Қолжетімділігі |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық |
|||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Шағымдану тәртібіне |
|||
5. Сыпайылығы |
|||
5.1. Персоналдың |
"ІІ, ІІІ және IV санат
объектілері үшін қоршаған
ортаға эмиссияға рұқсат
беру" мемлекеттік
қызмет Регламентіне
2-қосымша