Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы № 196 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабындағы 4 тармаққа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы "Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы" N 1116 және 2012 жылғы 10 қыркүйектегі "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1173 қаулыларына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Мұқановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев
29 желтоқсан 2012 жыл
Облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
N 439 қаулысымен бекітілген
"Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру" электронды
мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электронды мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1173 қаулысымен бекітілген электрондық мемлекеттік қызмет "Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - стандарт).
3. Электронды мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электронды мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық қызмет.
5.Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер және қысқарған сөздер:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
3) "Е-лицензиялау" веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиар беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ);
4) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде "электрондық үкімет" ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі;
5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банкілердің, ұйымдардың және "электрондық үкімет" арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
6) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорлар – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар;
8) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
9) бизнес - сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
10) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет көрсетуші);
11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
14) электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
15) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;
16) Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету
бойынша қызмет көрсетуші қызметінің тәртібі
6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 1 диаграммасы):
1) тұтынушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - тұтынушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа тұтынушы пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЭҮП-да тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны құру;
5) 3-процесс – тұтынушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны тұтынушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару;
6) 4-процесс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға түседі;
7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-процесс – қызметтерді "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
9) 6-процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
11) 7-процесс – тұтынушының ЭЦҚ-сының нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 8-процесс – тұтынушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да электронды құжатты (тұтынушының сұрауын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;
14) 4-шарт – лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
15) 10-процесс – тұтынушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ғы деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
16) 11-процесс – тұтынушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
7. Қызмет көрсетуші арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электронды мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың N 1 диаграммасы):
1) 1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетуші қызметкерінің логин мен парольді "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға енгізуі;
2) 1-шарт – қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-процесс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да құру;
4) 3-процесс – осы регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет көрсетуші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің тұтынушы деректерін енгізу;
5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы тұтынушы туралы деректерді ЗТ МДҚ жіберу;
6) 2-шарт – тұтынушы деректерінің ЗТ МДҚ-да бар болуын тексеру;
7) 5-процесс - тұтынушы деректерінің ЗТ МДҚ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
8) 6-процесс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет көрсетуші қызметкерінің сканерлеуі;
9) 7-процесс – сұрауды "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;
10) 3-шарт – қызмет көрсетушінің лицензия беру үшін тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
11) 8-процесс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тұтынушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижелерін тұтынушының алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
8. Қызметке сұрауды және жауапты толтыру нысаны www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталында келтірілген.
9. Сұрауды өңдегеннен кейін тұтынушыға сұрауды өңдеу нәтижелерін мынадай үлгімен қарау мүмкіндігі беріледі:
"ашу" деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі экранның дисплейіне шығады;
"сақтау" деген түймені басқаннан кейін – сұрау нәтижесі тұтынушы берген магнитті тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭПШ;
3) ЭПТШ;
4) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ;
5) ЗТ МДҚ;
6) тұтынушы;
7) қызмет көрсетуші.
12. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (рәсім, функциялар, операциялар) тізбектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген;
13.Іс-қимылдардың сипатталуларына сәйкес олардың логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14. Тұтынушыларға қызметтерді көрсету нәтижелері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Қызметтерді көрсету үдерісінде тұтынушыларға қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);
16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) электронды лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
3) ЭҮП авторизациялау;
4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;
5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.
"Медициналық қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" электронды
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. Электрондық үкіметтің порталы арқылы
құрылымдық-функционалдық бірліктердің іс-қимылдарын сипаттау
N іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
құрылымдық- |
тұтынушы |
электрондық үкіметтің порталы |
тұтынушы |
элек- |
элек- |
Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар және оларды сипаттау) |
Электрон- |
Тұтынушының деректерінде бұзушылық- |
Элек- |
Қызмет- |
Төлемнің жоқ болуына байланыс- |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- |
|||||
Орындалу мерзімдері |
10-15 секунд |
20 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
10-15 секунд |
Келесі іс-қимыл нөмірі |
2 - егер тұтынушы- |
- |
4 |
5 – егер төлемесе, 6 - егер төлесе |
- |
1-кестенің жалғасы
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
тұтынушы |
электрондық үкіметтің порталы |
тұтынушы |
электрондық үкіметтің порталы |
электрон- |
элек- |
Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін Электрондық цифрлық қолтаңба таңдау |
тұтынушының Электрондық цифрлық қолтаңба нақтылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады |
Элек- |
Электронды құжатты, өтінішті (тұтынушы- |
"Е-лицен- |
Элек- |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
1,5 минут |
15 жұмыс күні |
- |
- |
7 - егер Электрондық цифрлық қолтаңба қате болса; 8 – Электрондық цифрлық қолтаңба қате болмаса |
- |
- |
Лицензия беру үшін қызмет көрсету- |
2-кесте. Қызмет көрсетуші арқылы құрылымдық-функционалдық
бірліктердің іс-қимылдарын сипаттау
N іс-қимыл (жұмыс барысының, ағысының) |
1 |
2 |
3 |
4 |
Құрылымдық- |
Қызмет көрсетуші |
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде |
Қызмет көрсетуші |
Заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқорлары |
Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және оларды сипаттау |
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде авторизаци- |
деректерде бұзушылық- |
Қызмет көрсетуші қызмет- |
Тұтынушының деректерін тексеруге сұрауды заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқор- |
Аяқталу нысаны деректер, құжат, ұйымдастыру- |
||||
Орындалу мерзімдері |
10-15 секунд |
10 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
Келесі іс-қимыл нөмірі |
1-қызмет көрсетуші қызметкерінің логині мен парольін "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде тексеру |
- |
4 |
5 – егер тұтынушы деректерінде бұзушылықтар бар болса; |
2-кестенің жалғасы
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде |
Қызмет көрсету- |
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде |
"Е-лицензия- |
"Е-лицензиялау" мемлекет- |
Деректерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру |
Құжат- |
электронды құжатты "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде тіркеу және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде сұрауды өңдеу; |
Тұтынушының деректерінде бұзушылықтар- |
Электронды құжат (элек- |
1,5 минут |
10-15 секунд |
15 жұмыс күні |
||
- |
8 - егер "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесінде сұрау бойынша деректер болмаса, |
- |
- |
"Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру" электронды
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Электрондық үкіметтің порталы арқылы электронды мемлекеттік
қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың
N 1 диаграммасы
Қызмет көрсету арқылы электронды мемлекеттік қызметті
көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың
N 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
"Медициналық қызметке лицензия
беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру"
электронды мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша
Электронды мемлекеттік қызметтің: "сапа" және "қолжетімділік"
көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны
__________________________________________________________
(қызмет атауы)
1. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.