Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 ақпандағы N 4-110 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 наурызда N 2-1-156 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-638 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-638 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 1-1-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 60 "Б" үй мекен жайында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына бір шаршы метрдің төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес 152 теңге 46 тиын (бір жүз елу екі теңге қырық алты тиын) сомасында белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
"Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу
туралы" N 4-110 қаулысына
қосымша

Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метр үшін
төлемақы мөлшерін есептеу

      Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 қазанда N 7232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы  N 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес):

А = Ц/Т/12+Р

      формуласымен есептеледі, мұндағы:
      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
      Т – ғимараттардың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл);
      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге):

Р = Г3/12/ ?п

      формуласымен есептеледі, мұндағы:
      Г3 – тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);
      ?п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үйдің жалпы алаңының сомасы (шаршы метр);
      Ц = 76273,63 теңге;
      Т = 50 жыл;
      Г3 = 338551,62 теңге;
      ?п = 1113,2 м2;
      Р = 338551,62 теңге:12 ай:1113,2 м2=25,34;
      А= 76273,63 т/м2:50 жыл: 12 ай+25,34 теңге=152,46 теңге;
      А (айына 1 м2 төлемақы мөлшері) =152,46 теңге/ м2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады