Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 7-218 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 сәуірде N 2-1-158 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-421 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-421 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      1) бір жылдан артық мерзімде жұмыс істемеген тұлға;
      2) елу жастан асқан тұлға;
      3) бұрын жұмыс істемеген тұлға;
      4) жиырма бір жастан бастап, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) өз бетінше жұмыс істейтін тұлға.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Талдықорған қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бөлім бастығы Шайзада Базарбайұлы Мұхаметжан
      "Талдықорған қаласының
      жұмыспен қамту орталығы"
      мемлекеттік мекемесінің
      директоры Жамалдин Зікірияұлы Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады