Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылдық округі әкімінің 10.10.2012 № 2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 04 мамырдағы N 129 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаракөз ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б. Байболов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің | |
ветеринарлық бақылау және | |
қадағалау комитетінің | |
Ақсу аудандық аумақтық | |
инспекциясы мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Келгенбаев Мұрат Даулыбайұлы |
"Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік | |
санитарлық эпидемиологиялық | |
қадағалау басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Темирханов Берік Елемесұлы |