Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округі әкімінің 2012 жылғы 07 тамыздағы N 1-04/43 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 тамызда N 2-8-202 тіркелді. Күші жойылыды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1-04/46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылыды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округі әкімінің 27.08.2012 № 1-04/46 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2012 жылғы 07 маусымдағы N 38 ұсынысы негізінде, Қаратұрық селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратұрық селолық округ әкімінің орынбасары Сокуров Бауыржан Жұмақанұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратұрық селолық
      округ әкімі Е. Самсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады