Рахат селолық округінің Рахат және Қайназар ауылдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат селолық округі әкімінің 2012 жылғы 07 шілдедегі N 21 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 13 шілдеде N 2-8-200 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат селолық округі әкімінің 2012 жылғы 20 тамыздағы N 68-536 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат селолық округі әкімінің 20.08.2012 N 68-536 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 07 маусымдағы N 39 ұсынысы негізінде, Рахат селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Рахат селолық округінің Рахат және Қайназар ауылдарында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Рахат селолық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Батырғалыұлы Біржановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                А. Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады